Қалалық және қала маңындағы колік

Алматы қаласындағы автомобильдер түрлері

Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне карай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді. Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке-жеке түр-түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен салыстыруға мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

Женіл машиналарды двигателінің жүмыс көлеміне (литражы деп атайды) байланысты бірнеше түрге (класқа) бөледі де соған байланысты оның индексін белгілеу маркасына кіргізеді. Ол мына темендегідей:

Түрленуі Литражы Индексі

Өте жеңіл класс 1,2-ге дейін 11

Кіші класс 1,3-1,8 21

Орташа класс 1,9-3,5 31

Жоғарғы класс көрсетілмеген 41

Сонымен жеңіл машиналарды түрлендірігі, олардын маркасын белгілегенде оның индексі көрсетіледі. Мысалы маркасы ВАЗ — 2106 болса, алдында әріптермен шығаратын заводтың белгісі қойылады, сол белгіден кейін класы индекспен белгіленеді, яғни класы 21 — кіші класс, ал әрі қарай моделінің рет нөмері келтіріледі (6-модель). Осылайша жеңіл машиналардың маркалары арқылы біраз мағлұлмат алуға болады. Жүк машиналары толық салмағына қарай (яғни өзінін бос кезіндегі салмағы мен таситын жүктің салмағын қосып есептегенде) жеті түрлі класқа бөледі және олардың индексін 1 ден 7 ге дейін санмен белгілейді. Осыған қосымша жүк машиналары жүк салатын корабының әртүрлі жүк түріне қарай, өздігінен түсіре алатындығына қарай тағы да бірнеше түрге бөледі де оны да индекстен кейін санмен белгілейді.

Жүк машиналарының түрленуі

Осылайша, жүк машиналарының да белгілеу маркасынан ол туралы біраз мағлұмат білуге болады. Мұнда да алдымен шығаратын заводтың белгілі әріптермен, ал соңынан индексі қойылады.

Автобустар жалпы үзындығына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оларға да осы үзындығына байланысты индекс тағайындайды. Олар:

Ұзындығы, м 5-ке дейін 6,0-7,5 8,0-9,5 10,5-16,0 16,5-тен жоғары

Индексі: 22 32 42 52 62

Осыларға қосымша, автомобильдер басқа да бір ерекше қасиеттеріне қарай түрленуі мүмкін. Бірақ оңдай түрлендіру автомобиль көрсеткіштеріне онша әсер ете қоймайды. Ондай автомобильдерді көбінесе жылжымалы арнаулы құрам деп атайды. Мысалы өрт сөндіретін, көше тазалайтын, автокрандар т.с.с. Мұндай арнаулы жылжымалы құрамдар жүк тасымалдау жұмысымен емес, арнаулы жұмыстардың бір түрін ғана атқаруға арналады.

Тасымалдауды ұйымдастыру негіздері

 Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:

1. Жүк ағындарының маркетингі.

2. Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын-ала қарастыру.

3. Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.

4. Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездарды, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.

5. Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.

6. Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.

7. Автомобиль көлігінің басқа көліктермен координациялық жұмысы.

8. Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін және жол шарттары мақсатында жасау тиімділігін талдау.

9. Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.

10. Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру есептері және тасымалдау шығынын азайтуда экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.

11. Жылжымалы құрам жұмысы мен оны пайдалануда оперативті бақылау.

Жүргізуші көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да оның жұмысын ұйымдастыру еңбек өнімділігі деңгейіне қатысты.

Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында, жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.

Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады:

1. Жүктерді арту және түсіруде автомобильдердің бос уақытының жоғары нормативті уақыт шығынын қысқарту; тиеу-түсіру жұмыстарын кеңейту және оларға кешенді механизация қолдану; автомобильдер жұмысы графигін қатаң сақтау және құру; автомобильдер маневріне алаңдар мен жол өткелдерін құру, көбіне бұл тіркемелі автомобильдерге, тіркемелі немесе жартылай тіркемелі тягачтарға; алдын-ала жүктерді дайындау және т.б.

2. Рациональды жүктерді жинау, жылжымалы құрам сыйымдылығы мен рұқсатты максимальды жүк көтерімділігі.

3. Кузовта жүктерді дұрыс орналастыру және олардың жүру бөлігіне салмақты жүктілігінің тең өлшемді таралуы.

4. Жол бөліктерінде жол жамылғысы жағдайын есепке ала отырып автомобильдер қозғалысының режимін оңтайландыру.

5. Заңды тұрғыда жүргізушілердің жұмыс уақтысын максималды пайдалану.

Жолаушы автомобильі тасымалының классификациясы. Барлық орындалатын жолаушылар автомобильі тасымалы келесі белгілерімен классификацияланады.

Жылжымалы құрамның жолаушы автомобильі тасымалы бойынша автобус және жеңіл автомобиль тасымалы болып бөлінеді.

Тасымал түрі бойынша қалалық, қала маңы, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынасы болып бөлінеді.

Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.

Қала маңы тасымалы қала маңы аудандарымен және қала маңы елді-мекендеріменбайланыстырады.

Жергілікті тасымал селолық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету.

Қалааралық тасымал жолаушыларды қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалармен байланыстырады.

Халықаралық автомобиль тасымалы екі немесе одан да көп мемлекетпен байланыстыратын тасымалды айтады.

Жолаушы автомобильі тасымалы тағайындалуына байланысты экскурсиялық, туристік, қызметтік, мектептік, вахталық және арнайы болып бөлінеді.

Экскурсиялық тасымал экскурсия мазмұнына байланысты алдын-ала жасалып келісілген экскурсияны қамтамасыз етуге арналған.

Туристік тасымал ұйымның немесе жеке тұлғалардың алдын-ала жасалып келісілген маршрут бойынша туристік қатынасқа арналған.

Қызметтік тасымал жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс орнынан тұрғылықты жерлеріне дейін немесе кері бағытта орындайтын тасымал.

Оқушылар тасымалы арнайы маршрутпен жасалған оқушыларды тасымалдауға арналған тасымалды айтады.

Вахтолық тасымал мұнайшыларды, құрылысшыларды, шахтерларды және т.б. бригадамен немесе сменалық түрде тасымалдауға арналған.

Жолаушы автомобильі тасымалының форма бойынша ұйымдастырылуы маршрутты, тапсырысты және тiкелей аралас болып келеді.

Маршрутты тасымалдар бекітілген кесте бойынша арнайы маршруттармен тасымалдауды айтады.

Тапсырысты тасымал ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

Тiкелей аралас тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.

 Артуға дейін немесе түсірудегі аралық жүріс тасымал циклын үзбейді. Әрбір жаңа жүріс жылжымалы құрамның бос кездегі берілуінен басталады.

Тұрақтан жылжымалы құрамның берілуі мен соңғы пункттан түсіруден кейінгі оралуы жеке тасымал циклына жатпайды, жылжымалы құрамның толық бір күндік жұмысын нөлдік пробег деп атаймыз.

Автомобиль айналымы бір немесе бірнеше тасымал циклындағы бос жылжымалы құрамның арту пунктіне берілуінен кезекті оралуын атайды.

ЖАТ орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыруда бірнеше варианттарға бөлуге болады.

1. Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыдағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы қарапайым варианты ұсынылады.

2. Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыға жіберушіге дейінгі кері бағыттағы жүктің жеткізілуі немесе кез-келген аралық пункттар болып табылады.

3. Бірінші немесе екінші варианттардағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы бір жүк жіберушімен бір қабылдаушының бірнеше жылжымалы құрамды пайдалануы.

4. Бірнеше жіберуші мен бірнеше қабылдаушының бірретті немесе көпретті жүк тасымалындағы бір немесе бірнеше автомобильдің алғашқы арту пунктіне оралуы (жылжымалы құрамның айналмалы қозғалыстағы кіші жүйесі). Бұл вариантта бір автомобиль жүк жөнелтушімен қабылдаушыға бір айналымда бірнеше аялдама жасайды.

5. Бір жөнелтушіден немесе қабылдаушыға жүкті жинау немесе тарату.

6. Белгілі –бір мақсат жұмысына бағынатын бірнеше шағын жүйелерді пайдалануды талап ететін белгілі-бір өндірістік құрылымның қызметі .

7. Көлік жүйесі бірнеше өндірістік құрылымдарға немесе белгілі-бір географиялық регионға қызмет етеді.

Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары

Жүк автокөлік жұмысы екі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жүктерді тасымалдау көлемі және жүк айналымы.

Жүк ағыны белгілі-бір уақытта автомобиль көлігі тасымалдауында немесе тасымалданғандағы тоннамен өлшенетін жүк көлемін көрсетеді.

Жүк айналым тонна-километрмен немесе осы уақытқа дейінгі немесе белгілі-бір уақыт аралығында орындалған аралас жүктердің көліктік жұмысымен өлшенеді.

Жалпы жүк айналым көлемі және автокөлік мекемелерінде жүк айналым қабылданған номенклатура бойынша бөлінеді. Бұл бөліну жүк айналымы мен тасымал құрылымы деп аталады. Тасымал көлемін анықтауда бір жүкті бірнеше есе тасуға тура келеді (бұл көбіне қалалы орындарды кездеседі). Бұл дегеніміз бір жүкті қабылдау орнына жеткізудегі алмасушылық болуы мүмкін. Мысалы, кейбір жабдықтауға арналған құрылыс материалдары, санитарлы-техникалық және электромонтаждау жұмыстарында бірінші, сәйкес қоймаларға апарылып, содан соң құрылыс нысандарына тасылады. Көбіне қайталанбалы тасымалдар сауда жүйелеріне өндірістік және азық-түлік тауарлары болып келеді. Бұл тауарлар көбіне алғашқыда темір жолмен, су және әуе көліктермен станция немесе аэропорттардағы сауда қоймаларына әкелініп, сортталып, сосын дүкендерге тасымалданады.

Уақыттың ұзақтығына байланысты жүк айналым және тасымал көлемі сағаттық, тәуліктік, айлық, кварталды, жылдық болып келеді.

Жүк айналым және тасымал көлемі ереже бойынша әрбір ай және квартал бойынша бір қалыпты таралмайды. Бұл тербеліс автокөлік қызметі мен сұранысқы байланысты.

Бір қалыпсыздық деңгейі бір қалыпсыздық коэффициентпен анықталады, тасымал көлемі жүк айналымының максималды шамасының белгілі-бір уақыттың орташа қатынасына тең.

Тасымалдау шартына және сақтауға байланысты жүктер қарапайым және спецификалық болып бөлінеді.

Жылжымалы құрам жүктілік деңгейіне байланысты жүктер төрт класқа бөлінеді, ол 5 кестеде келтірілген.

Кесте 5 Жүктер класы

Класс Жүккөтерімділікті пайдалану коэффициенті, q

 диапазон Орташа мәні

1 0,91…1,0 0,96

2 0,71….0,9 0,8

3 0,51….0,7 0,6

4 0,40….0,5 0,45

Көлік заңнамасындағы жүктер классификациясы-бұл тасымал төлемдерінің бекітілген өлшеміндей тарифті топпен жүктер тасымалының таралуы.

Класс Коэффициент

I 1

II 0.71-0.99

III 0.51-0.70

VI 0.41-0.50

Көліктегі жүктер деп жүкті тасымалға алғаннан жүк қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі барлық үрдістерді атайды.

Автомобиль көлігі қаптау түрінің әртүрлі физикалық қасиетіндегі түрлі жүктерді тасымалдайды. Жүк түрлері жылжымалы құрам типтерін таңдауда және оның пайдалану шарттарын, арту-түсіру жұмыстарын орындау тәсілдерін қажетті факторлардың бірі болады. Жүктер ерекшелігіне байланысты топтастырылады.

Тарамды жүктер габаритті өлшемдерімен, салмағымен және бітімімен сипатталады. Олар тасымалдау кезінде қабылдау мен өткізуде санақ немесе салмағымен өткізіледі.

Сеппелі жүктер сеппелі арту-түсіру жүктеріне рұқсат етіледі. Бұл жүктер көлемі және салмағымен есептеледі.

Құймалы жүктер цистернада сұйық және жартылай сұйық түрінде тасымалданады.

Тарамды жүктер қаптама түрінде тасымалданатын тара және тарасыз болады. Тасымалдау кезінде жүк екі салмақта анықталып қолданады: нетто — жүктің өзіндік салмағы, брутто — жүктің тарамен есептелген салмағы.

Тара жүкті бұзылуынан сақтап және арту-түсіру мен тасымалдау кезінде бүлінуден сақтауды қамтамасыз етеді. Тара тасымалданатын жүк сипаты мен түріне және арту-түсіру механизмдерін қолдануда беріктікті қамтамасыз ету мүмкіншілігіне сәйкес болуы керек.

Тара жасалуына байланысты ағашты, шынылы, керамикалы, текстильді, қағаз-картонды және т.б.

Өзінің қаттылық күй деңгейінде тара қатты (жәшік, бөшке), жұмсақ (қап, эластикалық орамалар) және жартылай жұмсақ (кәрзеңкелер) болып келеді.

Тарадағы жүктер өзінің түріне байланысты жәшіктік, қапталған және бөшкелі болады. Бұлардың ішінде көбісі бірінші қағазды қаптамалы, картонды, полиэтиленді.

Кей-кезде жүктер бірден екі түрді тарада болады, мысалы бөтелкедегі сүт, жәшікке салынған. Бұл жағдайда бөтелке тара да, жәшік супертара болады.

Тара бірреттік және көпреттік қолдануда болады. Бірреттік қоданудағы тараға бір немесе бірнеше жүктердің бір түрдегі түрінің тасымалдауы жатса, көпреттік қолдануға барлық жүктер түрі жатады.

Бірретті тара көпрет пайдаланылғандықтан, пунктке оралғанда өте қатаң тексеріледі.

Қарапайым жүктерге тасымалдауға, артуға, түсіруге және ерекше жағдайды талап етпей сақтайтын және бортты автомобильдермен тасымалдауға болатын жүктер жатады.

Спецификалық жүктерге арту мен түсіру және тасымалдау мен сақтауға ерекше талап етілетін жүктер жатады. Олар габаритсіз, ұзын өлшемді, үлкен салмақты, қауіпті, тез бұзылатын, белгілі-бір санитарлық жағдайды талап ететін болып бөлінеді.

Габаритсіз жүктерге (құрылыс жүктерінен басқа) орыннан есептегенде 3,8м немесе 2,5 м енділіктегі жүктер жатады.

Ұзын өлшемді жүктерге –түрлі габаритсіздер. Бұл жүктерге артқы борттан екі метрден асатын жүктер жатады.

Үлкен салмақты жүктерге — бұл әрбір орынға салмағы 250кг асатын жүктер жатады.

Қауіпті жүктерге –сәйкес шаралар қатыспайтын, тасымалдау кезінде және сақтауда адамдарды улайтын жүктер жатады.

Қауіптілігіне байланысты олар жеті топқа бөлінеді:

Бірінші топ — аз қауіпті;

Екінші топ — тез жанғыш (бензин, керосин және т.б.);

Үшінші топ — шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, битум және т.б.);

Төртінші — күйдіретін сұйықтықтар (кислота және т.б.);

Бесінші — баллондағы сығылған газ;

Алтыншы — өзіндік габаритті өлшемді жүктер;

Жетінші — ерекше қауіпті жүктер (жарылғыш, радиоактивті және т.б.)

Тез бұзылғыш жүктер арнайы жылжымалы құрамды талап етеді, өйткені олар белгілі-бір температураны сақтап тұруы қажет.

Арнайы шартты жүктерді сақтауға тұрмыстық заттар жатады.

Санитарлыққа қарсы жүктерге — ассенизациялы және шаңдатқыш жүктер жатады.

Жалпы массаға байланысты, яғни жылжымалы құрамның жүк көтерімділік мүмкіншілік максималдығына, жүк көтерімділікті пайдалану коэффициентімен анықтала отырып барлық жүктер бес топқа бөлінеді, бұл «Жүк автомобиль тасымалдау көлігіндегі жалпы тарифтер» анықтамасынан білуге болады.

Бірінші класты жүктерге жылжымалы құрам жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті 1,0;

Екінші — 0,71-ден 0,99-ға дейін;

Үшінші — 0,51-ден 0,70-ке дейін;

Төртінші — 0,41-ден 0,51;

Бесінші — 0,30-дан 0,40;

Тарамды жүктерді тасымалдауда олар таңбаланады. Таңбалау — жүкке арнайы белгілермен және жазулармен жазылады. Олар тауарлы, жүкті, көлікті және арнайы болып келеді.

Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс.

Таңбада: жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы; бару орны мен пункті; жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс.

 Тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарда келтірілген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуі тиіс.

Тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жүкті тапсыру кезінде жүк жөнелтуші барлық багаж орындарына: «ҮСТІ», «ШЫНЫ», «АБАЙЛАҢЫЗ», «ТӨҢКЕРІЛМЕСІН», «СУЫҚҚА ТӨЗІМСІЗ» деген арнайы таңба қоюы; жүкке арналған құжаттар буылып-түйілген орындарды «ҚҰЖАТТАР» деген арнайы таңбамен белгілеуі тиіс.

Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргізілуі мүмкін.

Таңбалау орамада шартты белгілермен (таңбалармен), айқын жазумен, әріптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиіс. Таңбаның түсі ыдыстың немесе жүктің түсіне қарама-қарсы болуы тиіс.

Жүк орындарының таңбасы анық, түсінікті және берік болуы тиіс.

Таңба өшірілмейтін және қабыршақтанбайтын, күн сәулесіне төзімді, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиіс.

 Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкін. Жапсырмалардың беті ауа-райы жағдайларының әсеріне шыдамды болуы тиіс. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:

• типографиялық

• машинкамен басу

• траферат бойынша штемпельдеу

• жаншу.

Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс. Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс. Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұранда шегелермен, шегелермен бекітілуі тиіс. Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді. Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.

Металл шыбықтар, құбырлар, қолайсыз немесе ұзын саптары бар сайман және тағы басқа сияқты жүктерді бірнеше жүк алушының атына тасымалдау кезінде, майлы бояумен шеттерін бояу арқылы таңба жасауға рұқсат етіледі, ол бойынша олардың бір партияға жататынын оңай анықтауға болады.

Таңба:

1) жәшіктерде – бүйір жақтарының біріне;

2) қаптар мен теңдерде- кең жақтарының біріне жасалады;

Арнайы таңба екі шектес жаққа жасалады.

Таңбаны бүйір немесе тік жақтарына қою мүмкін болмаған кезде, биіктігі 200 мм және одан аз шағын көлемді жәшіктерде ыдыстың шектес қабырғаларына (оның ішінде қақпағына) таңба жасауға рұқсат етіледі.

Арнайы таңба, олар белгіленуі тиіс «ОСЫ ЖЕРДЕН СҰРЫПТАЛСЫН» және «АУЫРЛЫҚ ЦЕНТРІ» деген белгілерді қоспағанда, негізгі таңбаның жоғарғы бұрышына қойылады.

Біртекті жүктерді бір жүк алушының атына тасымалдау кезінде барлық жүк орындарына емес, бірақ ең кемі төрт орынға таңба жасауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда таңбаланған орындар:

1) фургондарда — есіктің жанында таңбасын сыртына қаратып;

2) ашық автокөлік құралында — тиелген жүктің жоғарғы қабатында шанақтың әрбір бойлық ернеуінің жанында екі орыннан таңбасын сыртына қаратып жиналады. Жүктерді үйіп, бос және құйып тасымалдау кезінде таңбалау жүргізілмейді.

Арту-түсіру және қосымша атқарылатын жұмыстар тәртібі көтеру көліктері жабдықтарының жеке түрлерін пайдалану ережесімен бекітіліп, нормативті құқықтар және нормативті-техникалық құжаттармен жүргізіледі. Егер жұмыс қол күшімен жүргізілсе, онда келесі жағдайларды сақтау қажет:

• өткір, үшкір, ілгекті бұйымдар және құралдар тек қана сыртқы қаптамамен беріледі;

• қатты тарадағы жүктер және мұздар қаптамасыз болғанда тек қолғап кию арқылы жүргізіледі;

• таралары бұзылған немесе шегелері шығып кеткен болса және жиектері бүрілмеген және т.б. бұлар тасымалға жатпайды.

• шыны ыдыстар берік тарада болуы керек. Сынған, жарылған (шатынаған) шыны ыдыстарды қолдануға болмайды.

• көлік құралдарына жүктерді арту немесе түсіру кезінде 50 мм қалыңдығы аз тақтайларды қолдануға тыйым салынады. Беріктендіре түсу мақсатында тақтай астына тірек тіреу қажет.

Автомобильге жүкті арту мен түсіру уақытының шамамен қосымша операцияларының орындалу мерзімі, жүк тасымалы ережелерінің негізгі қосымшасында келтірілген.

Арту-түсіру жұмыстары МемСТ –мен талаптарға, арту-түсіру жұмыстарында сала аралық еңбекті қорғау ережесі бойынша және жүктерді таратуда немесе басқа да нормативті бекітілген құжаттар келтірілген тәртіппен жүргізіледі.

Арту-түсіру жұмыстары өндірісінің әдістерін таңдауда жұмыстағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың рұқсатты әсерінің деңгейін азайтуды алдын-ала қарастыру:

• арту-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру.

• қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қондырғылар мен құралдарды қолдану.

• нормативті техникалық құжаттар мен пайдалану құжаттарына сәйкес өндіріс жабдықтарын пайдалану.

• көтергіш-көліктер жабдықтарымен жүктердің араласуында дыбыстық және басқа да белгілерді қолдану.

• көлік құралдары мен өндіріс жұмыстары орындарында жүктерді дұрыс тарату және жинау.

Арту-түсіру операция жұмыстары көбіне механикалық әдіспен көтергіш көліктерді жабдығы және механизация құралдарын қолдану арқылы орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *