Логистикалық қызмет көрсету

Жоспар:

1. Логистикалық қызмет көрсету түрі

1.Логистикалық қызмет көрсетудің түсінігі.

2.Логистикалық қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы.

3.Логистикалық қызмет көрсетудің деңгейі.

1. Логистикалық қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы жүк ағымдарының қалыптасу және шашырау негізгі пунктері өндіруші мен тұтынушы қажеттіліктерінің сәйкес келуі нәтижесінде құрылды. Осыған байланысты, көліктік логистикалық орталығын құру және дамытуға қолайлы жағдай жасау еліміздің көлік – коммуникациялық кешенінің әлем нарығында бәсекеге қабілетті болуына және республика аумағынан өтетін транзиттік ағымның үлкеюіне және экономика мен қоғамның ішкі тұтынымын толықтай қанағаттандыруға көмек береді.

Көліктік логистикалық қызмет көрсету орталығын құрудың стратегиялық пайдасы:

 Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

 Республиканың транзиттік потенциалын тиімді қолдану;

 Қазақстандық өнімнің көліктік құрамын, шикізат пен дайын өнімді тасымалдауды тиімді ұйымдастыру жолымен төмендету;

 Көліктік логистикалық қызмет кластерін құру мен дамытудың негізгі мақсаттары мен мәселелері;

 Халықаралық стандартқа сәйкес көліктік логистика қағидаларымен өндірістік және көлік үрдістерінің интеграциясы;

 Аралас және интермодальдық тасымалды ұйымдастыруда әр түрлі көлік жұмысының бір – біріне сәйкестігін көтеру;

 Клиентке тиісті кешендік көлік қызметін көрсету;

 Көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту және олардың сапасын көтеру;

 Жүк тасымалы үрдісін кіші және орта кәсіпкерлік өкілдерін тарту;

 Тауар, жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және тасымалдау, өңдеу және сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 Тауар мен жүктің бүкіл жүрып өткен жолында оларды ақпараттық талдау бақылап отыру;

 Тауар мен жүкті қайта өңдеудің тиісті жылдамдығын арттыру;

 Жалпы көліктік – таратылу шығындарын алдыңғы технологиялар ендіру есебінен азайту;

Логистикалық орталықтарды кешенді ендіру келесі нәтижеге жетуге көмектеседі:

 Мемлекеттің транзиттік қызықтылығын дамыту;

 Логистикалық қызметті дамыту және жүкпен қамтамасыз деңгейін жоғарылату;

 Көлеңкелік экономика деңгейі мен контрабандалық жүк көлемін азайту;

 Аймақ бюджетті кірістілігін ұлғайту;

 Жоғары сапалы тауарлар аймағына өнім жеткізудің құрамдас бөлігін ұлғайту;

 Аймақтық экономиканың орналасуы мен қуаты бейнесін толықтыру;

 Қолдағы көлік қуаты мен көлік инфрақұрылымын толықтай қолдану;

 Кіші және орта көлік –экспедиторлық мекемелерді жалпы бір логистикалық концепцияға біріктіру және қосу;

 Жүк ағымдарын ағыту және табысты қорғау көлік жүйелеріне қайта тиеу (қала қозғалысына арналған жүк автомобильдері, темір жолдар);

 Қаланың ішкі бөліктерінде көлік жүктемесін азайту;

 Жер бөлімшелерін үнемдеу және тиімді қолдану (консолидация әсері).

Мемлекет темір жолының ел экономикасы үшін рөлі маңызды екенін түсіне отырып, оның ішкі мемлекеттік және халықаралық жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыру мүмкіндігін анықтайтын негізгі бөлігін бақылауды міндетіне алды. Заңда бекітілгендей (темір жол көлігі туралы заң), тек қана магистралдық темір жол жүйесі бұрынғыдай мемлекет меншігінде қала береді, жекешелендірілмейді, оның қызметін белгілі бір төлем арқылы барлық тасымалдаушылар жеке меншік формасына тәуелсіз және қолдану ережелерін сақтай отырып, тең жағдайда пайдалана алады.

Осы ереже арқылы тәуелсіз тасымалдаушылардың магистралдық темір жол жүйесінде жұмыс жасау мүмкіндігін заңда бекітіледі, айырмашылығы бұрын заңды тасымалдаушы темір жолының өзі болатын. Осы айырмашылық тасымал үрдісіне бәсекені ендіруді шығындарды азайтуды, саланы тасымалға қатысы жоқ әрекет аймақтарынан босатуды қамтамасыз етеді.

Жеке тасымалдардың басты мақсаты – тасымал әрекетінде бәсекені дамыту және жетілдіру қосымша мүмкіндіктерін ашу, көлік қызметі сапасын көтеру, негізгі қорларды жаңарту, шығындар түссіздігі, тасымал төлемдерін нарықтық бәсеке жағдайында сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005ж 25 маусымдағы №633 жарғысымен «көліктік логистика» кластер құру жоспары бекітіледі. Көліктік логистикалық кластері міндеті көлік кешені әрекеті мен даму деңгейіне Қазақстан халқының тасымалға сұранысы мен экономика талабына сәйкес қамтамасыз ету.

Қазақстанның экономикалық және географиялық ерекшелігі (кең территория мен елді мекеннің тығыздығы төмен, минералды ресурстар қоры мен оларды қазу орталықтарының еліміздің әр бөлігінде ораналасуы, ресурстарды қайта өңдеудің төмен деңгейі және шикізатты сыртқа шығаруға бейімділік) оның экономикасын көлік жүйесіне тәуелді ете отырып әлемдегі ең жүк сыйымды экономикалық етеді.

«Қазақстандық кластерлік ұсыныс» қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілетін ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейге Қазақстан экономикасын көтеру мақсатында жоғарылатуға бағытталған.

Бұл бағытта, Қазақстан кластерлік ұсынысы экономикалық түрлендірулердің айқын тірегі болуы қажет, ол мемлекеттік органдардың қаржылық институттардың, кәсіпкерлік және қоғамның әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономиканың маңызды секторларында нәтижеге жетуге тырысуларын бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның көлік жүйесі темір жол, авто көлік, қалалық жолаушы, су, әуе көлігі түрлері және темір жолдар және автокөлік жолдары, әуе жолдарынан, ішкі су жолдарынан трамвай, және троллейбус жүйелерінен тұратын көлік жүйесі кіретін кешен болып табылады.

«Көліктік логистика аймағындағы ғылыми – инновациялық зерттеулердің Қазақстанның транзиттік көлік потенциалын дамытудағы ролі» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 ірі және 19 орташа көліктік логистикалық орталықтарды құру жоспарлануда.

Қазіргі заманда Озинки, Достық, Алматы қаласы стансаларында көліктік логистикалық орталықтар құрылып, жұмыс істеуде, құрылу сатысында- Ақтау портында, Астана қаласы орталықтар.

Ұсынылған Қазақстанда және шет елде темір жол транзиттік жүк тасымалын дамыту кластерлік жүйесі концепциясында ірі халықаралық көліктік – логистикалық орталықтарды (КЛО) құру қарастырылуы керек, олар құрылған көліктік логистикалық орталықтардың (КЛО) корпоратив жағдайында бірігуін көрсетеді. Мұндай КЛО қызметкерлері мен инвесторлары акционерлеу жағдайында қазіргі заманғы қойма кешенін тұрғызып, содан кейін оларды бірігіп қолданатын мекемелер тобы болуы мүмкін. Мұндай кешендер көлік қызметін көрсетуші фирмаларға жалға берілуі мүмкін. КЛО – да халықаралық транзиттік дәліздер бойынша материалдық ағымдарды концентрациялау жүкті контейнерлеу, интер- мультимодалдық тасымалдың дамуына, Қазақстанды халықаралық көлік жүйесіне қосуға және республиканың кәсіпкерлік серіктестігін жаһандық әлем саудасына таратуға көмек береді.

Еуропа, Парсы шығанағы және Азия – Тынық мұхиты аймағы елдері арасындағы сауда – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан қарым – қатынастар, сонымен бірге, Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктері оның аумағы бойынша жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға мүмкідік барына куәлік береді.

«Қазақстан аумағы бойынша өтетін транзиттік дәліздердің басты ерекшеліктері қашықтықты елеулі қысқартуда жатыр. Еуропа мен Қытай арасында Қазақстан арқылы хабарлама жасауда тасымал қашықтығы теңіз жолына қарағанда екі есе қысқарады және Ресей аумағы бойынша транзиттік салада мың шақырымға дейін қысқартады.

Барлық көрсетілген факторлар ҚР Президентінің 2006ж 1 наурыздағы Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуында алған жаңа секіріс алдында» Жолдауында және ҚР Президенті бекіткен «2015ж дейінгі ҚР-ң көлік стратегиясында» көрініс тапты.

Шекара өткелдерінде, Ақтау теңіз портында және ірі көлік түйіндерінде КЛО құру негізінде халықаралық транзиттік темір жол дәліздеріне көліктік – логистикалық қызмет көрсетудің біртұтас кластерлік моделі жоқ, себебі, әрбір полигонның жағдайы әртүрлі. Нақты бір дәлізде қызмет көрсету әдісін таңдау Қазақстан экономикасы үшін экономикалық әсермен, сол секілді халықаралық дәліз ауырлығы аймағының халқы үшін әлеуметтік – экологиялық әсермен анықталады.

Қорытынды Қазақстан аумағында КЛО құру және олардың негізінде ірі көліктік – логистикалық орталықтарды қалыптастыру мемлекеттік көлік саясатының құрама бөлігі болуы қажет және транзиттік көлік потенциалын дамытуда, халықаралық экономикалық байланыстарды тиімдідауда және жүк тауар қозғалысын жүйесінде жетекші рөл атқаруы қажет.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *