Логистика функциялары мен логистиканы тиімді қолданудың негізгі принциптері

Жоспар:

1.Логистиканың міндеттері.

2. Логистика принциптері.

3. Функционалды логистиканың классификациясы.

4. Логистиканың маркетингпен функционалды байланысы.

1. Логистиканың міндеттері.

Логистиканың негізгі міндеттері 3 топқа бөлінеді: ғаламдық, ортақ және жеке.

Ғаламдық (глобальді) нарықтың тұрақсыз жағдайында минималдық шығын нәтижесінде максималды жетістікке жету. Ғаламдық міндеттерге сонымен қатар логистикалық жүйелерді модельдеу және олардың сенімді функция атқаруы жатады.

Логистиканың ортақ міндеттеріне келесілер жатады: материалдық және ақпараттық ағындарды қадағалаудың интеграциялық жүйесін құру, материалдық ағындар қозғалысын қадағалау, тауарлардың физикалық қозғалысының стратегиясы мен технологиясын анықтау, тауар қозғалысының әдістерін дайындау, жартылай фабрикаттар мен қаптар стандартталуы, өндіріс, тасымал, қойма мөлшерін жорамалдау, тауар және өнімнің қажеттілігі мен мүмкіндігі арасындағы балансты анықтау, транспорттық құралдарды үлестіру, сатып алу алдындағы және одан кейінгі тұтынушыларға деген қызмет көрсетуді ұйымдастыру, логистикалық жүйе шеңберінде өңделетін және тасымалданатын тауарға деген сұранысты жорамалдау, , автоматталған транспортық – қоймалық кешендердегі техикалық және технологиялық құрылымды реттеу.

Логистиканың жеке міндеттері одан анағұрлым тарлау: минималды қорларды құру, қор ретінде өнімді сақтау уақытын максималды түрде шектеу, өнім тасымалы уақытын қысқарту.

Экономикада логистика – үлестіру, материалдық қамтамасыз ету, өндірісті жоспарлау және басқару қызметтерін біріктіретін, материалдық ағындарды және өнімдер ағынын өндірушіден тұтынушыға жеткізумен айналысатынын басқару ғылымдарының жиынтығы болып табылады, яғни логистика функционалдық облысты біріктіретін жүйе болып табылады.

Логистика концепциясы (принципі) материалды және үлестіруді басқарумен байланысты. Американдық ғалымдар логистиканы – өндіріс функциясы емес, жоспарлау құрылымы деп санайды. Басқаша айтқанда, логистика облысының басқару міндеті тек материалдық ағындарды басқару ғана емес, сонымен қатар , үлестіруді басқарудың күнделікті қызметін жүзеге асыратын қызметтер мен стратегия механизмін дайындауды қамтамасыз етумен айналысады.

Логистика принципінің ерекшелігінің бірі болып – өндірістің әр түрлі функцияларына дәстүрлі түрде жататын, қызмет түрлерінің интеграциясына көңіл бөліп ғана қоймай, шешім қабылдау кезінде оларды өзара біріктіреді. Мысалы, логистикалық жүйесі жоқ компанияларда қорлар мен транспорт үшін жауапкершілік өндіріс және үлестіру бөлімінің функциясы болуы мүмкін және олар бойынша шешім келесілерінің есебінсіз -ақ қабылдануы мүмкін. Логистикалық жүйеде барлық қызмет түрлері бір – бірімен тығыз байланысты: сондықтан да шешім қабылдау кезінде, фнкционалды облыстардың оң және кері жақтарының барлығы қарастырылуы керек.

Схема (2 – сурет) капитал айналымын көрсетеді:

Д Т П Т1 Д1

сатып алу логистикасы өндірістік логистика үлестіру логистикасы

Д – Т – даму процесі (материалдық ресурстарды басқару)

П – өндіріс, ішкі материадар ағыны пайда болады (ішкіөндірістік тасымалдар)

Т1 – Д1 – өткізу процесі (өнімді үлестіру)

2 — Сурет. Капиталдың өндірілу кезеңі және логистиканың функционалды облыстары.

Қорытынды: Логистиканың ортақ міндеттеріне келесілер жатады: материалдық және ақпараттық ағындарды реттеудің интеграцияланған жүйесін құру; материалдық ағындар қозғалысын қадағалау; тауарлардың физикалық ауыстырылу техникасы мен стратегиясын анықтау; жартылай фабрикаттарды және қаптарды стандарттау; өндіріс, тасымал, қоймада сақтау көлемін жорамалдау; тауар және өнім қажеттілігі мен мүмкіндігі арасындағы балансты анықтау; тауарға деген сұранысты жорамалдау; логистикалық жүйе шеңберінде өндірілетін және тасымалданатындар; транспорттық құралдардың үлестірілуі; сатып алуға дейінгі және одан кейінгі тұтынушыларға қызмет көрсетуді жорамалдау; автоматталған транспорттық – қоймалық кешендердің техникалық және технологиялық құрылымын реттеу.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *