1. Электрлік жылумен қамтамасыз етуді техникалық-экономикалық негіздеу
2. Электрлік жылумен қамтамасыз етуде энергияны үнемдеу
1. Электрлік жылумен қамтамасыз етуді техниқалық-экономиқалық негіздеу
Ауылшаруашылық өндірісінің технологиялық үрдістерінде пайдаланылатын энергия тасымалдағыштардың өзара ауыстырмалығы мен техниқалық шешімдердің алуан түрлі энергиямен қамтамасыз етудің әртүрлі нұсқаларын қарастыруды және оларды техниқалық-экономиқалық салыстыруды және олардың ішіндегі тиімдісін таңдап алуды қажет қылады.
Тиімді нұсқауды таңдап алу келтірілген шығындар әдісімен жүзеге асырылады. Салыстырылатын нұсқаларда күрделі жұмсалым бip жыл ішінде жүзеге асырылатын болса, нұсқалардың келтірілген шығындары мына формула бойынша анықталады:
З=E_н∙К+Ш, (10.1)
мұндағы К – бастапқы біржолғы күрделі жұмсалым, тг; Ш — жыл сайынғы эксплуатациялық өндіріс шығындары, тг; E_н — күрделі жұмсалым тиімділігінің нормативтік коэффициенті, E_н=0,15 деп қабылданылады.
Таңдап алынған энергия тасымалдағышты пайдалану тиімділігін бағалағанда, жылылықты генерациялайтын (өндіретін) қондырғыларын орнатумен және жылу тораптарын салумен байланысты келтірілген шығындарын мына формула бойынша анықтайды:
З=E_н∙К_жгқ+Ш_жгқ, (10.2)
мұндағы К_жгқ — жылылық генерациялайтын жабдықтарға және жылумен қамтамасыз ету жүйесіне күрделі жұмсалым, тг; Ш_жгқ — жылылықты генерациялайтын қондырғылар және сыртқы күштік тораптар бойынша жыл сайынғы эксплуатациялық шығындар, тг.
Энергиямен қамтамасыз ету сұлбасын және энергия тасымалдағыш құрылымын таңдау бойынша есептеулерді мынадай реттілікпен орындайды:
а) үрдістер бойынша жылу энергиясына қажеттілікті (тұтынушылардың есептік жылулық жүктемелерін), олардың режимдік сипаттамаларын және оларға сай жылу энергиясына жылдық қажеттілікті анықтайды;
ә) жылумен қамтамаыз етудің мүмкіндік нұсқалары мен сұлбаларын белгілеу;
б) тұтынушылардың есептік жылулық жүктемелері бойынша энергия тасымалдағыштардың қарастырылатын түрлеріне жылылықты генерациялайтын қондырғылар мен приборларды таңдап алады және олардың берілген технологиялық үрдістерде және табиғи-климаттық аймақта жұмыс icтey режимдерін қарап талқылайды;
в) қарастырылатын нұсқаларға келтірілген шығындары анықтайды.
Бастапқы техниқалық-экономиқалық ақпараттардың дәлдігі жоғары болмағандықтан, келтірілген шығындары айырымы 5 %-дан аз болатын салыстырылатын нұсқаларды тең бағалы деп қабылдау керек. Осы жағдайлардa тиімді нұсқа қарастырылатын нұсқаларды басқа көрсеткіштер (материалдар шығыны, еңбек шығындары, энергия шығындары, еңбек ету жағдайларын жақсарту, экологияны жақсарту және т.б.) бойынша салыстырумен таңдап алынады.
Жылылық генерациялайтын қондырғыларға біржолды күрделі жұмсалымдарды және оларға сай жыл сайынғы эксплуатациялық шығындарды пайдаланылатын энергия тасымалдағыштың түріне, пайдаланылатын жабдықтардың типіне және қарастырылатын нысанның eceптік жылулық жүктемеci мәніне сай анықталатын жабдықтардың есептік қуатына байланысты анықталады.
Жылылықпен қамтамасыз ету жүйесіне күрделі жұмсалым шамасын мына өрнек бойынша анықтайды:
К_жгқ=К_нж+К_ст+К_қм+К_жт+К_ақ, (10.3)
мұндағы К_нж — негізгі жылу-энергетиқалық және қосымша жабдықтардың құны, тг; К_ст — сақтауға және тасымалдауға шығындар, К_ст=0,11∙ К_нж, тг; К_қм — құрылыс және жабдықтарды монтаждау құны, тг; К_жт — сыртқы және ішкі жылу тораптарының құны, тг; К_ақ — жабдықтар еркінсіз графикпен жұмыс істегенде жылу энергиясын жинақтаушы резервуардың құны, К_ақ=0,4∙К_нж, тг.
Жылылық генерациялайтын қондырғылары және сыртқы жылу тораптары бойынша жыл сайынғы эксплуатациялық шығындарды мына өрнек бойынша анықтайды:
Ш_жгқ=Ш_а+Ш_еа+Ш_аж+Ш_(б.ш)+Ш_(э.т), (10.4)
мұндағы Ш_а — амортизациялық қаржы бөлу, тг; Ш_еа – салыстырылатын жылумен қамтамасыз ету жүйесінде қызмет көрсетушілердің еңбеқақысы (жалақысы), тг; Ш_аж — ағымдағы (кезекті) жөндеуге қаржы бөлу, тг; Ш_(б.ш) — жылылықты генерациялайтын қондырғыларға және жылу тораптарына жалпы және басқа шығындар, тг; Ш_(э.т) — отынның немесе электр энергиясының құны, тг.
Жылылықпен қамтамасыз ету жүйесіне амортизациялық қаржы бөлуді нормативтік құжаттарға сай анықтайды.
Жылылықпен қамтамасыз ететін жүйеде қызмет көрсетушілердің ақысына шығындар лауазымына сәйкес анықталады (сыйлыққа қосымша үстемені, сондай-ақ тұтынудың қоғамдық қорынан халыққа төлеуі мен жеңілдіктеріне өкімет шығындарын есепке алумен).
Тұтынудың қоғамдық қорынан төлеуді жалақының 40 %-на (0,4Ш_еа) тең қабылдайды.
Ауылшаруашылық нысандарының жылу-энергетикалық жабдықтарын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлуді амортизациялық қаржы бөлудің 20 %-ы мөлшеріне тең деп (Ш_аж=0,2Ш_а) қабылдауға болады.
Жалпы және басқа шығындарға майлайтын материалдарды сатып алуға, суды химиялық тазартуға, басқаратын қызметкерлер жалақысына, өрттік және күзеттік қорғауға жұмсалатын шығындар жатқызылады. Осы шығындарды жалақыға, амортизациялық және ағымдағы жөндеуге қаржы бөлу шығындар қосындысының 30 %-на тең деп [Ш_бж=0,3(Ш_еа+Ш_а+〖+Ш〗_аж)] қабылдауға болады.
2. Электрлік жылумен қамтамасыз етуде энергияны үнемдеу
Ауыл шаруашылығында электр энергиясының 40 % шамасында жылулық қажетке пайдаланылады. Энергияны тұтыну одан да жоғарылауы керек. Энергияны тұтыну жоғарылауының 50-75 %-ын оны үнемдеумен және тиімді (рационалды) пайдаланумен қамтамасыз етуге болады. Зерттеулер нәтижесінде үнемделген шартты отынның 1 тоннасының өзіндік құны өндірілген отынның құнынан шамамен екі есе арзан екендігі анықталды.
Энергияны үнемдеудің және тиімді пайдаланудың тек қана экономикалық емес, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуде маңызы зор келеді. Өндірілетін өнімнің бірлігіне шығынданатын энергияны төмендету энергияны үнемдеудің нeгізгi көрсеткіші болып табылады.
Энергияны үнемдеу шараларын құрылғыларды, қондырғыларды, нысандарды жобалау кезінде ғана емес, сондай-ақ оларды эксплуатациялау мерзімінде де қарастыруға және өндіріске енгізуге болады.
Энергияны үнемдеудің нeгізгі бағыттарына мына шараларды жатқызуға болады:
— энергияны өндірудің жаңа прогрестік (болашақтық) және экономикалық тәсілдерін ойлап табу;
— энергияны үнемдеудің жаңа технологияларын ойлап табу және осындай белгілі технологияларды кең пайдалану;
— жоғары біліктілікті эксплуатациялық қызмет көрсету нәтижесінде энергияны, соның ішінде электр энергиясын, тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
— материалдарды, жабдықтарды, энергияны шығындаудың ғылыми негізделінген нормативтерін ойлап табу және өндіріске енгізу.
Ауыл шаруашылығын электрлендіру саласындағы мамандарына энергияны үнемдеудің екінші, әcipece үшінші бағытында жұмыс icтeyгe тура келеді. Жабдықтарды эксплуатациялауды дұрыс ұйымдастыру энергияны 30…40 %-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияны үнемдеу мәселелерін шешуде электрлік технологияны өндipicкe енгізу үлкен мүмкіндік береді деп саналады.
Электрлік технология әдістерімен энергияны үнемдеу бағыттары мен шараларын жалпы және арнайы деп екі топқа бөлуге болады. Жалпы топқа мына бағыттар мен шараларды жатқызуға болады:
— электр-технологиялық қондырғыларды автоматтандыру;
— электрлік жылумен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану;
— электр-жылулық сорғыштарын энергияны алуға пайдалану;
— екінші peттік және төмен потенциалды энергия көздерін, электр-термиялық қондырғыларды шыңдық (энергияны көп тұтыну уақытындағы) резервтік қоректендіру көзі және жүктемелер графигін реттегіш ретінде пайдалану;
— материалдарды электрлік физиқалық-химиялық және электр-биологиялық өңдеу әдістерін пайдалану.
Арнайы топқа кіретін нeгізгі бағыттар мен шаралар:
— орталықсыздандырылған электрлік жылумен қамтамасыз етуді пайдалану;
жергілікті электрлік жылытуды пайдалану;
— материалдарды құрамалы тәсілдермен кeптipy;
— суды тек қажетті температураға дейін кыздыру;
— балкытып бipiктipy трансформаторлары мен генераторларын жүксіз жұмыс режимінде қоректендіру көзінен ажырату;
— өңдеу нысанына электр тоғының белгілі мәнімен, жиілігімен және пішінімен тікелей әрекет ету;
— өңдеу нысандарына электр-импульстерімен әрекет ету.
Электрлж жылумен қамтамасыз ету жүйелері пайдалану отындық жүйелермен салыстырғанда мынадай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді:
— әр жыл сайын 1,2…1,5 млн.т-ға дейін шартты отынды үнемдеуге;
— қызмет көрсетушілер санын қысқарту нәтижесінде еңбек өнімділігін 1,5…2,0 есе жоғарлатуға;
— мал төлдерін 98…100 %-ға дейін сақтауға;
— мал азығының меншікті шығындары 5…10 % — ға төмендетуге.
Электрлік жылумен қамтамасыз ету жүйелері режимдік (epкiнciз) графикпен жұмыс істегенде энергетиқалық жүйені бірқалыпты жүктеуге болады. Бұл бірінші реттік энергетикалық ресурстарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік туғызады. Мысалы, куаты 300 МВт энергоблоктарын 40 %-ға дейін жүктегенде өндіретін электр энергиясының 1 кВт∙сағ-на отынның меншікті шығыны шамамен 318,2 г-нан 334,5 г-ға дейін жоғарылайды.
Электр-технологиялық қондырғыларды өндіріске енгізгенде энергия көзін тұтынушыға жақындату және параметрлерді үлкен дәлдікпен ұстап тұру есебінен энергияны 25…30 % дейін үнемдеуге, қызмет көрсетушілер санын азайтуға болады.
Энергияны үнемдеудің маңызды бағытына электрлік жылу сорғыштарын және әртүрлі жылу алмасу жүйелерін пайдалануды жатқызуға болады.
Электрлік физиқалық-химиялық әрекет ету әдістерінің ерекшелігі — электр энергиясын тікелей технологиялық үрдістерде пайдалану. Бұл әрі тиімді және энергия сыйымдылығы (энергия шығыны) аз әдіс болып табылады. Мысалы, мал азығын электр тоғымен өңдегенде үрдістердің энергия сыйымдылығын 1,5…2,5 есе, ал жылыжайлар мен көшетжайлардағы топырақты залалсыздандырғанда осы көрсеткішті 1,5…3,0 есе төмендетуге болады. Электр-импульстік технологияны пайдалану энергияны үнемдеуде үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, мал азығын кептіргенде оны өндіруге жұмсалатын жылу энергияның 96…97 % шығындалады. Шөпті электр-импульстік өңдегенде кептіру үрдісінің энергия сыйымдылығы 1,5…2,0 есе төмендейді; өсімдіктік шикізатты электрлік плазмолиздегенді механиқалық әдіспен сусыздандырумен салыстырғанда энергия шығыны 2…2,5 есе азаяды.
БАҚЫЛАУ CҰPAҚTAPЫ
1. Келтірілген шығындар қандай формуламен анықталады?
2. Жылылықты генерациялайтын қондырғыларға күрделі жұмсалымды анықтайтын формуланы келтіріңіз.
3. Жылылықпен қамтамасыз ету жүйесшдегі эксплуатациялық шығындарды анықтайтын өрнекті жазып беріңіз?
4. Энергияны үнемдеу бағыттарын атап шығыңыз.
5. Энергияны үнемдеудің жалпы бағыттары мен шараларын атап өтіңіз.
6. Энергияны үнемдеудің арнайы бағыттары мен шараларын көрсетіңіз.