Электр жабдықтарын тиімді эксплуатациялаудың міндеттері мен шарттары

Эксплуатация теориясының алғашқы ережелерінде көрсетілгендей, электр жабдықтарын эксплуатациялаудың басты мақсаты — осы жабдықтар орнатылған технологиялық нысаналардың сенімді жұмыс істеу деңгейін сақтап тұруын қамтамасыз ету.

Басты мақсаттың мазмұнын талдай келсе, оның ішінен аралық үш мақсатты бөліп алуға болады: электр жабдықтарының қажетті сенімділігін қамтамасыз ету; электр жабдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, эксплуатациялық шығындарын төмендету (азайту).

Осы мақсаттардың әрқайсы эксплуатацияның алдына, өзара байланыстары 1.15-суретте көрсетілгендей, техникалық, технологиялық, әлеуметтік және экономикалық міндеттерді жүктейді.

Техникалық талаптарды шешу электр жабдықтарын жетілдіруге, ескірген бұйымдарды уақытында ауыстыру арқылы сапасын арттыруға, күтімін жақсартуға, пайдалану ережесінің үйлесімділігі мен автоматтандыруды еңгізуге байланысты келеді.

Әлеуметтік міндеттерге, маңызы зор, бірақ, жете бағалана бермейтін, электр-техникалық қызмет мамандарының моральдік, еңбек және тұрмыстық жағдайлары жатады.

Ұйымдастыру міндеттері: ЭТС-тің құрылым түрін, бақылау негіздерін жетілдіруге; техникалық қызмет пен ағымдық және күрделі жөндеуді атқару тәсілдерін жақсартуға; қызмет бөлімдері мен мамандар арасындағы нақтылы қарым-қатынастарға бағытталған.

Мысалы: С-Э-Т-Эқ жүйесінің әр деңгейінде (1.5-суретке қара) электр жабдықтың техникалық эксплуатациялану сапасын арттыруды ұйымдастыру қарастырылған.

Республика деңгейінде бұл мәселені шешу, кешенді зерттеулер негізінде, эксплуатациялауды үйлесімді шешудің, ЭТҚ құрылымының болашағы бар үлгісін ұйымдастырудың және қызмет көрсету – жөндеу базаларының жұмыс технологиясы мен тәсілдерін, сондай-ақ, электр жабдықтарын пайдалану тиімділігін С-Э-Т-Эқ жүйесінің барлық деңгейінде анықтау әдісі жәйлі ғылыми ережелер мен нормативтік, әдістемелік құжаттар дайындау арқылы іске асырылады.

Эксплуатациялық қосындар (шаруашылық, ұжым) міндеті, электр қосындары мен жұмыс орындарының қызметін жақсарту, жоспарлы жұмыстар мен жоспардың орындалуын үнемі бақылап отыру, ЭТҚ-та атқарылған жұмыстардың есебін алып, қортындысына талдау жасау.

Электрмонтерлер тобының деңгейіндегі міндеттер топ құрамының, ондағы адам санының үйлесімділігін жоспарлау тәсілін жақсарту мен жұмысты бақылау, эксплуатация жүйесінің талаптарын орындауды ұйымдастыру.

Маман деңгейіндегі міндеттер, өз шеберліктерін арттыру, еңбекті ақаусыз атқару әдісін меңгеру және жұмыс орынын жабдықтауды жетілдіру. Электр жабдықтарын тиімді эксплуатациялауды ұйымдастырудағы қиындық — қойылған барлық мақсаттарға қажеттігі мен барлық деңгейдегі талаптарды келісіп шешу.

Сурет-1.5. Эксплуатациялаудың міндеттері

Эксплуатацияны табысты шешу бірсыпыра жағдайларды, оның ішінде, ең негізгілері: эксплуатацияны ғылыми және материалдығ жабдықтау Бағдарламасымен қамтамасыз етуді талап етеді. Сондай да бір ірі эксплуатация міндеттерін шешу, эксплуатация қызметінің әр қадамы табысты болуы үшін оны ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету керек. Электр жабдықтарын эксплуатациялау жөніндегі нормативтік құжаттар мен ұсыныстар ғылыми негізде жасалуы керек.

Ғылыми негізделіп жасалған ережелердің болмауы электр жабдықтарын эксплуатациялаудың дамуын тежейді.

Өндіріс ЭТҚ-терін жоғары дәрежелі мамандармен толық қамтамасыз ету, оларды еңбекпен қамту — электржабдықтарын эксплуатациалауды дұрыс ұйымдастырудың басты шарты.

Эксплуатация жұмыстарын материалдығ тұрғыдан дұрыс қамтамасыз ету электриктердің жұмыс өнімділігін арттырып, еңбек сапасын жақсартады, кінәреттерді жедел түзетуге және технологиялық зиянды азайтуға, электр жабдықтардың қызмет мерзімін ұзартуға жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *