Электр жабдықты эксплуатациялаудың жалпы сұрақтары

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

2. Пән және зерттеу әдістері

3. Электр жабдықтарын тиімді эксплуатациялаудың міндеттері мен шарттары

4. Электр жабдықтың эксплуатациялық қасиеттері

1.1. Негізгі ұғымдары мен анықтамалары

Электр жабдықтарыныңжұмыс нәтижесі олардың техникалық күйіне тәуелді болып отырғандықтан, электр жабдықтарын тиімді эксплуатациялаудың жаңа жолдарын қарастыру қажет. Сондықтан электр жабдықтарын эксплуатациялау теориясы қалыптасты. Бұл теория электр жабдықтарын эксплуатациялаудың негізгі заңдылықтарын анықтау, ғылыми тұрғыдан сипаттауға мүмкіншілік береді. Теорияда қолданылатын негізгі ұғымдар: электр жабдықтарын эксплуатациалау; өңдірістік эксплуатация; техникалық эксплуатация; экслуатация жасаудың мақсаты және т.б.

Электр жабдықтары деп, өзінің негізгі міндетіне сәйкес электр энергиясын өндіру, түрлендіру, тарату, немесе пайдалану үшін қолданылатын электр техникалық бұйымдардың жиынтықын атайды.

Электр жабдығын эксплуатациялау деп жасалып шыққаннан кейінгі оны болашақ пайдалану орнына тасымалдаудан бастап, орнатып іске қосу, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, сақтау, жөндеу сияқты өндіріс циклдері жиынтықын атайды.

Жалпы шаруашылық тұрғысынан қарасақ, эксплуатациялау дегеніміз кез-келген электр жабдығының эксплуатациялық қасиеттерін толық пайдалану болып табылады. Эксплуатацияны өзара тығыз байланыстағы өндірістік және техникалық екі түрге бөледі.

Өндірістік эксплуатация деп, электр жабдығын арналымына сәйкес, электр энергиясын энергияның басқа түріне айналдыру мақсатында пайдалану процесін айтады. Бұл процеске электртехникалық қызметкерлермен қатар, техникалық нысандағы өндіріс қызметкерлері де қатысады. (мысалы сорап станциясында – кезекші, т.с.с.). Процестің нәтижесі технологиялық нысанға түрлендіріп берілген энергия болып табылады.

Техникалық эксплуатация деп, электр жабдығының пайдалану немесе сақтау нәтижесінде төмендеген эксплуатациялық қасиеттерін орнына келтіру және оны қажетті деңгейде сақтау үшін жасалатын жұмыс процестерін атайды. Бұл жұмыстарды тек электртехникалық қызметкерлер ғана жүргізеді. Процестің нәтижесі – электр жабдықтарының эксплуатациялық сенімділігі.

Сонымен қатар, өңдірістік эксплуатация процестерін — пайдалану, ал техникалық эксплуатация процестеріне – қызмет көрсету деп те атайды.

Эксплуатацияның мақсаты. Электр жабдық барлық уақытта белгілі бір қажетті өнім шығаратын өндірістік жүйенің құрамына кіреді. Осындай жүйенің ықшамдалған сұлбасы 1.1-суретте келтірілген.

Сурет-1.1. Өдірістік жүйенің ықшамдалған сұлбасы

Өндірістік жүйенің құрамына ресурстар (еңбек ресурстары — Ер; материалдық ресурстар — Мр; энергетикалық ресурстар — Эр) мен технологиялық нысанның — Т ықшам жүйелері кіреді. Электр жабдықтары энергиялық ресурстың ықшам жүйесі ретінде өндірістік процесті энергиямен қамтамасыз етеді.

Өндірістік жүйенің негізгі мақсаты — қоғамды сапасы жоғары, саны жеткілікті, өзіндік құны төмен өніммен қамтамасыз ету. өндірістік жүйенің барлық элементтерімен қатар электр жабдықтарыда осы мақсат үшін жұмыс істеу қажет. Сондықтан эксплуатациялаудың негізгі мақсаты – электр жабдықтарының технологиялық нысананың талабына сай, жоғары сенімділікпен, өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Электр жабдығын эксплуатациялау сапасын керегінше арттыруға негізінен әсер ететіндер: электр энергиясының сапасын анықтайтын электрмен қамту көзі; қолданылатын электр жабдығының пайдалануға жарамдылығын сипаттайтын эксплуатациялық қасиеттері; пайдалану тәртібі мен қоршаған ортаның жағдайын анықтайтын технологиялық нысана; қызмет көрсету сапасын анықтайтын эксплуатациялау қызметі; электр жабдығыныңсенімділігін көрсететін жөндеу және басқа да жұмыстар. Аталған элементтер жүйесі (1.2-сурет) электр жабдығын сынау теориясының жинақталған нысанын тұрады және оны қысқаша: қуат көзі – электр тұтынушы – техникалық нысана – эксплуатациялау қызметі, Қ-Э-Т-Эқ жүйесі деп белгілейді.

Жүйенің әрбір жеке элементі нақты нысан болып табылады. Энергия көзі (С)-ауыл шаруашылықын электрмен жабдықтау жүйесінің электр жабдықтары.

Электр тұтынушы (Э) деп үш функционалдық буыннан тұратын, ішке кіргізу нүктесінен бастап жұмыс аймақына дейін қолданылатын электр жабдықтарының жиынтықын атайды. Эж — қуат көзіне жалқайтын тетік (ішкі электр тартылым, қорғанысының аспабы, автоматтандыру құралдары т.б.); Эт – электр тұтынушының тікелей өзі – энергияны түрлендіргіш (электр мәшинелері, электр қыздырғыштар және т.б.); Эб – энергияны электр тұтынушыдан технологиялық нысанаға беруші (электр жетекте – муфта немесе сыналы белдікті беріліс, сәулелендіргіш қондырғыларда – жарықтандырғыш және т.б.).

Сурет-1.2. СЭТЭ-қ жүйесінің сұлбасы

Технологиялық нысана дегеніміз — кез келген электрлендірілген машина, қондырғы, технологиялық желі және басқа да техника түрлері.

Эксплуатациялық қызмет дегеніміз электр жабдықтарының пайдалануын бақылайтын және қызмет көрсету жұмыстарын (жөндеу) атқаратын электр техникалық қызметтің мамандары, сондай-ақ олардың жөндеу — қызмет көрсету базасы.

Келтірілген зерттеу нысанасы (1.2-сурет) кеңістік шекарасымен қатар, оны іріктеп құрастыру, пайдалану, қызмет көрсету процестері сияқты уақыт шекарасымен де сипатталады. Электр қондырғыларына (электр жетек, электр жарықтандырғыш, т.б.) тұтынушылардың талаптары сантүрлі болғандықтан, олардың бәріне лайықты бұйымды өндіру мүмкін емес. Сол себепті, электр бұйымдарын өндіретін зауыттар, өз өнімдерін белгілі түрдегі талаптарға сай жасап шығарады. Сондықтан электр жабдықтарын іріктеп құрастыру процесі (уақыт бойынша) эксплуатациялаудың құрамына кіреді. Эксплуатациялау мамандары электр жабдықтарының дұрыс құрастырылғандығын тексеріп, қажет болса, оларды басқа түрөлшемдеріне (қоршаған ортақа, бейіміне, жұмыс тәртібіне, сәйкесіне, т.б.) ауыстыруларына болады. Уақыт шекарасын сипаттайтын процестердің өзара байланысы 1.3-суретте көрсетілген.

Эксплуатация тиімділігі. Тиімділік дегенді жалпы түрде, берілген тапсырманы, немесе тиісті жұмыстарды, ойдағыдай атқару, яғни белгілі бір мақсатқа жету деп түсіну орынды. Тиімділікті бағалау үшін, зерттелетін жүйенің белгілі бір сипаттамалары тиімділік белгісі қабылданады. Тиімділік белгісін дұрыс қабылдаудың маңызы зор. Егер, белгісі дұрыс таңдалмаса, жұмыс нәтижесіне дұрыс баға берілмеуі, бүкіл бір ұжымның жұмысының дұрыс бағаланбауы ықтимал. Күрделі қаржы мен жаңа техниканың тиімділік белгісі ретінде, негізінен, келтірілген шығын қабылданған. Келтірілген шығын – З, нормативті тиімділік еселігі — E_н арқылы, бір жылғы келтірілген күрделі қаржы К мен өндірістік шығынның И қосындысына тең:

З= Е_н К+И

Сурет-1.3. Эксплуатация процестерінің құрылымы

Бұл белгіні тек соңғы нәтижесі ғана бірдей болатын нұсқаларды салыстырғанда қолдануға болады. Көпшілік жағдайда эксплуатациялық жұмыстардың қалай ұйымдастырылғандығына байланысты шығын өзгереді, пайдаланатын электр энергиясының мөлшері мен өндірістің соңғы нәтижесі де өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайда келтірілген меншікті шығын белгісін қолданған орынды.

З=(E_н K+И+У)/W ,

мұндағы У – электр жабдығы жұмысының сапасыздығынан болған технологиялық шығын; W – бір жыл ішінде тұтынылатын электр энергиясының мөлшері.

Электр жабдығына байланысты өндіріс шығынын төмендегі теңдеу бойынша анықтауға болады.

И= И_рен+И_кж+И_э+И_тқ+И_аж+И_(б.ш.),

мұндағы И_рен – реновациялық шығын, яғни электр жабдығы өзінің жұмыс мерзімін толық тауысғанда, өндірістің негізгі қорын толықтыруға жұмсалатын шығын; И_кж – күрделі жөндеу үшін қажетті амортизациялық шығын; И_э – электр энергиясының құны; И_тқ – техникалық қызмет көрсетуге кететін шығын; И_аж – ағымдағы жөндеуге кететін шығын; И_(б.ш.) – басқа шығын түрлері.

Жалпы қай нұсқада шығын аз болса, сол нұсқа тиімді болып саналады. Электр жабдықтарының эксплуатациялық жағдайлары неғұрлым толық ескерілсе, жоғарыдағы теңдеулер бойынша зерттеудің нәтижесі де соғұрлым бағалы болады. Зерттеудің нәтижесі жоғары болсын десек, Қ-Э-Т-Эқ жүйесі сипаттамаларының кездейсоқ өзгеруін, мағлұматтың толық еместігін және эксплуатацияның көп қырлы екендігін ескеру керек.

Эксплуатация шарттары деп, электр жабдығының эксплуатация тиімділігіне әсер ететін сыртқы факторларының жиынтығын атайды. Сыртқы факторлардың қатарына: пайдалану; қоршаған орта; электрмен жабдықтау; қызмет көрсету жағдайлары жатады.

Пайдалану жағдайы технологиялық нысананың ерекшеліктеріне байланысты болады. Пайдалану жағдайы жұмыс тәртібі, жүктелу деңгейі мен оның сипаты, бір тәуліктің, айдың, жылдың ішіндегі қолдану уақыты және электр жабдығы бұзылғандағы технологиялық шығын деңгейін сипаттайтын нақтылы жауапкершілік сияқты факторлармен сипатталады.

Қоршаған ортаның жағдайы, электр жабдығы жұмыс істеген және істемеген кезде, оған кері әсер ететін факторлармен сипатталады. Олардың қатарына климаттық жағдай, орналасқан жері, шаңның, газдың, ылғалдың мөлшері мен діріл деңгейі, электр жабдығының эксплуатациялық қасиеттерін төмендететін басқа да факторлар жатады.

Электрмен қоректендіру жағдайы электр энергиясы көзінің, электр жабдығының жұмысы мен сенімділігіне әсеріне қарай бағаланады. Электрмен коректендіру жағдайы, қалыптасқан және өтпелі режимдер кезіндегі, кернеудің сапасымен, өндіру және тарату жүйесіндегі энергия шығынымен сипатталады.

Қызмет көрсету жағдайы, техникалық қызмет көрсетуге, ағымдағы және күрделі жөндеуге, бұзылғанды жөндеуге кететін уақыт пен шығын және басқа да эксплуатациялық жұмыстар туралы мағлұмат береді.

Эксплуатациялау теориясын меңгергенде, көптеген жүйелік талдау терминдерін қолдануға тура келеді. Олар жүйе, жүйенің шекаралары, мақсат, балама, т.б.

Жүйе деп белгілі бір мақсат үшін бірігіп жұмыс атқаратын, өзара тығыз байланыстағы, бірыңқай тәртіпке келтірілген элементтердің жиынтықын атайды. Кез келген жүйе, бірнеше ықшам жүйенің жиынтықы, ал өзі басқа, жалпы, үлкен супержүйенің құрамына кіреді. Жүйенің шекарасы деп, жүйенің ортақ мақсатына жету үшін, жұмылдырған өзара тығыз байланыстағы элементтердің, кеңістік және уақыт бойынша шекарасын атайды.

Мақсат дегеніміз, жүйенің соңғы қалыптасқан жағдайының қалауымыздай болуы.

Балама дегеніміз, қойылған мақсатқа жету үшін, жасалатын негізгі іс-қимылға пара-пар жүйе немесе әрекет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *