Алғашқы сұлбаны эквивалентті түрлендіру нәтижесінде алынған барлық құрылымдық сұлбаларының беріліс функциялары жалпы алғанда өзгермейді, әрі жүйенің қанша және қандай жай буындарға бөлінгендігінен және олардың арасындағы құрылымдық байланыстардан тәуелсіз болады.
Төменде құрылымдық сұлбаларды эквивалентті түрлендірудің негізгі қағидалары берілген.
1 W1(р) беріліс функциялы буынның шығысына түсірілген f сыртқы ұйытқуды оның кірісіне ауыстыруға болады. Ол үшін ұйытқу мен буын кірісінің арасына беріліс функциясы 1/W1(р) болатын қосымша буын енгізіледі.
2 W1(р) беріліс функциялы буынның кірісіне түсірілген f сыртқы ұйытқуды оның шығысына ауыстыруға болады. Ол үшін ұйытқу мен буын шығысының арасына беріліс функциясы W1(р) болатын қосымша буын енгізіледі.
3 Беріліс функциясы W1(р) болатын буынның шығысындағы кез – келген құрылымдық байланыстың қосылу нүктесін оның кірісіне ауыстыруға болады, ол үшін бұл байланысқа дәл сол W1(р) беріліс функциясы бар қосымша буын қосылады.
4 Беріліс функциясы W1(р) болатын буынның кірісіндегі кез – келген құрылымдық байланыстың қосылу нүктесін оның шығысына ауыстыруға болады, ол үшін бұл байланысқа дәл сол 1/W1(р) беріліс функциясы бар қосымша буын қосылады.