Ауылшаруашылық мекемелеріне электртехникалық қызмет

 Агроөнеркәсіптік кешенде электртехникалық қызметті қалыпттастыру принциптері;

 Ауыл шаруашылықындағы техникалық сервис;

 Электр жабдыққа сервисті қамтамасыз ету.

укджпуоуошщауцршщ

1. Өнеркәсіп орындарының жөндеу қызметі

Бұрын айтылғандай, қазіргі өндірістік жабдықтар электржетектердің, электравтоматиканың сандық аспаптармен, өңделетін бөлшектердің өлшемдерін белсенді бақылап отыратын күрделі жүйелермен жабдықталады. Сонымен қатар, қазіргі станоктардың механикалық құрылысы күрделі, олардың жұмысын сығылған ауа, суытқыш сұйықтар мен майлар қамтамасыз етеді. Бұл жүйелерге өнеркәсіпорындарында қызмет жасау мен жөндеу қызметінің күшімен іске асады.

Жабдықтың барлық жөндеу жұмыстарын өндірістік цехтың құрамына кірмейтін орталықтандырылған жөндеу қызметі атқарады.

Жөндеу қызметінің негізгі буыны жөндеу қызметінің цехтары (ЖҚЦ). ЖҚЦ сонымен қатар жабдықтарға: механикалық бөліктерді, гидравликаға, басқару жүйелері мен күш агрегаттарына кешенді қызмет пен жөндеу жұмыстарын атқарады.

Кешенді бригада бүкіл қондырғының тұтас бірегей заттай жұмыс істеуіне жауап беретін мамандардан (механиктермен, гидравликтермен, электрмамандарымен) құрылады.

ЖҚЦ бригадасы жоспарлы сақтық жөндеу жұмыстарын жасайды және апат жағдайында ақауларды: бұзылған блоктарды, аспаптарды, тораптарды немесе құрылғыларды анықтайды және қажетінше жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Өндірістік электр жабдықтарға сақтандыру шараларын жүргізеді, ЖҚЦ-ның мамандары қызмет көрсетудің нұсқауда көрсетілген кешенді жұмыстарын атқарады.

Істен шығып қалған электр қозғалтқышды, аппараттарды, аспаптарды, электрондық блоктар мен тораптарды жөндеу үшін, арнайы мамандандырылған жөндеу бөлімшелеріне береді, оларға жататындар: жөндеу-механикалық цехы мен гидравликалық зертхана, олар бас механиктің қызметіне кіреді, бас энергетиктің қызметіне кіретін электр цехы және электрөлшеуіш аспаптар зертханасы; өнеркәсіптік электроника қызметіне кіретіні электрондық жүйені жөндеу бюросы.

Бас энергетик қызметі – электр қозғалтқышларды, трансформаторларды, электрмагнитті жалғауышты (муфта), электр аппараттарын, электрөлшеуіш аспаптарды, өнеркәсіптік электроникалық жабдықтарды, басқару жүйесіне енетін электрондық блоктарды және құрылғыларды жөндейді.

Бөлімше атап өтілгендерден басқа технологиялық жабдықтардың құрамдас бөліктерін жөндейді, энергиямен жабдықтау жүйесін электр желілерін, трансформатордың қосалқы стансаларын, таралым құрылғыларын, жылу желілері мен жылу орындарын, газ және компрессор қондырғыларын жөндеу мен оған қызмет көрсету де, бас энергетик бөлімінің жөндеу қызметі жүйесіне жатады.

Маманданған жөндеу бөлімшелері күрделі апатты жою кезінде ЖҚЦ-ға, жабдықтардың тарапынан басқарылатын жөндеуге көмектесіп отырады.

Жабдықтарды жөндеу жұмысын реттеуді, талдау және жоспарлау бөлімдері атқарады, олар сақтандыру жұмыстарын жоспарлайды, бұзылудың статистикалық есебін алады және оларға талдау жасайды, қосалқы бөлшектердің есебін және оларды толықтырып отыру жұмыстарын жүргізеді, жабдықтардың күйін тексеруден өткізеді.

Жөндеу қызметінің келтіретін құрылымы жабдықтардың жұмысының сенімділігі жоғары болуын, апат жағдайында ақауларды жедел жөндеу мен жоюды қамтамасыз етеді.

2. Жұмыс көлемін, электрмонтерлер мен инженер-техник қызметкерлердің санын есептеу

ЭТҚ-те белгіленуі бойынша үлкен көлемде жұмыс атқарылады 14.1 — кестеде орталықтанған қызмет орнында бір жылда істейтін жұмыс шамасының бағдарламасы келтірілген.

Кесте-14.1. Өндірістік бағдарлама мысалы

Бөлімдер мен жұмыс түрлері Үлесі, %

Электр жабдықтарын техникалық эксплуатациялау

Тез атқарылатын кезекшілік қызмет 10

Жоспарлы техникалық қызмет 20

Ағымдық жөндеу 29

Сынау мен өлшеу 5

Күрделі жөндеу 8

Эксплуатацияның тиімділігін арттыру

Электр қондырғының құрамына түзету енгізу 2

Пайдалану тәртібін таңдап алу және бақылау 3

Сенімділігін арттыру 3

Электр энергиясын есептеу және үнемдеу 2

Кадрлардың мамандығын көтеру 2

Қызмет қорын дамыту 3

Электрлендіру мен автоматтандыру

Электр құрастыру жұмыстары 7

Қосу, баптау жұмыстары 3

Электр жабдықтарын жетілдіру 2

Стандартқа кірмейтін өнім өндіру 3

Бағдарламаның бірінші тарауында электр жабдықтарын техникалық эксплуатациялау; екінші тарауда – эксплуатациялау деңгейін жоғарылату мен қызметтің өзінің жетілуі; үшінші тарау – шаруашылықта электрлендіру мен автоматтандыруды одан ары дамыту жұмыстары.

ЭТС-тің өндірістік бағдарламасын электржабдықтың шартты бірлігімен (ЭШБ) немесе еңбек шығыны бірлігімен (сағ.), болмаса баға бірлігімен (тг) есептейді.

Өндірістік бағдарламадағы жұмыс көлемін есептеу. Бірінші тарауда жұмыс көлемін электрқондырғыларының физикалық бірліктерін, электр жабдықының шартты бірлігіне айналдырады. Ол үшін барлық электр жабдықтарын белгілі атаулық тізіміне топтайды (номенклатура) олар электр беру, қосалқы станция, жетек, электр өткізгіштер және т.б., әр топтағы электрқондырғыларының физикалық бірлік санын анықтайды және оны әр топқа сәйкес аудару еселігіне көбейтеді. Электр жабдықының шартты бірлігінің жалпы санын, оларды топтар бойынша қосу жолымен анықтайды. өндірістік бағдарламаның екінші және үшінші тарауларын есептеу үшін ЭТС-тің бірқатар жылғы қызметіне талдау жасайды және еңбек сыйымдылықын немесе осы тараудағы жұмыстың жеке түрінің бағаларын анықтайды. Мұндай жұмыстарды шартты бірлікке аударуды, электржабдықтың 1 шартты белгісіне эквивалентті (тең) 18,6 сағ/жылына мөлшерінен немесе электр орнату жұмыстарының сметадағы күнымен 33 мың т/жылына, тең деп алып есептейді.

Өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылықын есептеу. Бағдарламаның бірінші бөлігінде жоспарлы сақтандыру шараларының еңбек сыйымдылықын T_(ж.с.) және жедел қызмет көрсетудің еңбек сыйымдылықын T_ЖҚ жеке есептейді.

Жоспарлы жұмысқа шығатын жылдық еңбек шығынын мына өрнекпен есептейді:

T_(ж.i.)=∑_(i=1)^m▒〖(q_(ТҚ.i) T_(ТҚ.i)+q_(АЖ.i) T_(АЖ.i) )+T_КЖ 〗, (14.1)

мұндағы q_ТҚi, q_АЖi – i-электржабдықты бір жылда техникалық қызмет пен ағымдық жөндеуден өткізу сандары (i=1,2…m); T_(ТҚ.i), T_(АЖ.i) – i-түріндегі электржабдықтар тобына жасалған техникалық қызмет пен ағымдық жөндеудің еңбек сыйымдылығы, сағаты; T_КЖ – электр жабдықтарға жасалған күрделі жөндеудің еңбек шығыны, сағаты.

Жоспарлы ТҚ пен АЖ санын ЖЕЖ жүйесіндегі мәліметтер бойынша, олардың қабылданған маусымдық және ауысымдық пайдалану еселіктері мәліметтері бойынша анықтайды.

Электржабдықтарын маусымдық пайдалану кезінде, оларды тоқтатып қоюға және қайта жұмысқа қосуға кететін қосымша жұмыстарды ескеруге тура келеді. Бұл жұмыстардың еңбек сыйымдылықы жабық түріне тиісті ТС еңбек сыйымдылықынан 15% артық болады. ЖЕЖ жүйесі егер электр жабдықтарының күйі бұрынғыдай күйінде сақталса, немесе одан жоғарылайтын болса ТҚ пен АЖ-дің мерзімділігін ұлғайтуға рұқсат етеді. Сондықтан ұсынылған мерзімділіктен ауытқу 35% шегінде болуы тиіс.

Жедел қызмет көрсетудің жылдық еңбек сыйымдылығы жоспарлы жұмыстың 25%-ы шамасында алынады (T_(ЖҚ.i)=0,25T_(ж.i)) немесе мына өрнекпен анықталады.

T_(ЖҚ.i)=T_(ЖҚ.1) n, (14.2)

мұндағы T_(ЖҚ.1) – электржабдығына көрсетілген жылдық жедел көмектің бір қозғалқышқа шаққандағы еңбек сыйымдылығы (орташа қашықтық 5, 10, 15 км болса, тиісінше 3,1; 4,4; 5,7 сағ/жыл); n – шаруашылықтағы электр қозғалтқыштардың саны.

Өндірістік бағдарламасының жылдық жалпы еңбек сыйымдылығы:

T_(жал.)=T_(ө.i)+T_(қ.i)+T_2+T_3, (14.3)

мұндағы Т2, Т3 – екінші және үшінші тармақтардың, ЭТҚ-тың өткен жылдардағы қызметін талдау арқылы анықталған және шаруашылықта электрлендірудің дамуы бойынша жасалған талдаулар арқылы анықталған еңбек сыйымдылығы (14.1-кестені қара). Е – электр монтерлардың жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жүретін жолдары мен шаруашылықтағы электр жабдықтардың шашыранды орналасуын ескеретін еселік. Қашықтық ℓ=5км болса, Е=1,14; ℓ=10 км болса, Е=1,23; ℓ=15 км болса, Е=1,32.

Мұнда электржабдықтар орналасуының орташа қашықтықын мына өрнек бойынша есептейді.

l=1/n ∑_(i=1)^m▒〖l_i n_i 〗, (14.3)

мұндағы n_i – i – орталықтан l_i қашықтытта орналасқан нысандағы қозғалтқыш саны; n – шаруашылықтағы барлық қозғалтқышлардың саны; m – нысандар саны.

Жоспарлы сақтық шараларының еңбек сыйымдылықын жекелеп 14.1 өрнек бойынша есептеу қиын, себебі әр шаруашылықта электр жабдықтарының 1000-нан аса түрлері кездеседі (m>1000), олардың әрғайсысына көрсетілген ТҚ, АЖ мен КЖ мерзімі еңбексыйымдылығының өзіндік нормативі бар.

Нысандағы электржабдықтарының эксплуатациялық картасында барлық жұмыс түрінің бір ретті және жылдық еңбек шығыны, оларды өткізу ұйымдастыру және басқалары туралы нұсқаулар болады.

Электр монтерлардың санын есептеу: бұл орындаушылардың жыл бойында біркелкі жүктелмеуі, бірінен екіншісіне бару уақыты туралы, жұмысты бастау мен аяқтау әрекеттеріне кететін уақыттың анық еместігі, кей жұмыстарды біріктіріп істеуге т.б. кететін уақыттарға байланысты. Тиянақты, дұрыс байлам жасау үшін, монтерлердің жылдық орташа және кепілді, нормативі мен санын анықтап алу керек.

Электрмонтерлардың нормативті саны эксплуатациялау өлшемдерін бағалау арқылы анықталады:

N=Q/a (14.4)

мұндағы Q – бөлімдегі электрқондырғылардың шартты бірлігі; a — электрмонтердың қызмет көрсету нормасы (a=100).

Электрмонтерлардың жылдық орташа саны, ЭТҚ-тің қормен қамтылуын, орташа еңбек ағыны және басқада сипаттамаларын анықтайды. Оны орындаушылардың бірқалыпты жүктелуін есепке ала отырып, еңбек шығынының қосындысы бойынша анықтайды:

                                                             (14.5)

Электрмонтердың уақытының жылдық жұмыс ғорын нормалаушының анықтамасы бойынша немесе мына өрнек бойынша анықталады:

Φ= (dк- dд- dм- dма)/tη — Δtd

МүндаҒы dк- dд- dм- dма–ретінше кҮнтізбектегі, демалыс, мереке және жылдық кезекті еңбек демалысы мен мереке алдындаҒы кҮндер; t–ауысым үзағтықы, саҒ; Δt–мереке алдындаҒы ғысғартылҒан кҮн, саҒ; η-жұмыс уақытын пайдалану еселігі, орынды себептерді ескере отырып η=0,93…0,96 деп алынады.

Кейбір электр қозғалтқышды аҒымдығ жөндеу уақыты нормадаҒыдан келсе, басқару ғүрылыс өзгерістеріне, орналасуына т.б. сәйкес ол нормаҒа келмейді. Демек көптеген жабдықтардың ішінен жорамалмен алынҒанына байланысты техникалық эксплуатациялауҒа кететін уақыт та кездейсоғ шама. Сондығтан ЭТС-тың жылдық уақыт шығыны да кездейсоғ шама болады.

Электрмонтерлардың мамандығ деңгейі, орындау жылдамдыҒы да әрғилы.

АталҒан ерекшеліктерін ескере отырып, ең ауыр жаҒдайда орындай алатын жұмысының жоҒарҒы деңгейімен есептеп, жұмыс көлемін орындауды толық ғамтамасыз ете алатын, электромонтерлер санын анықтайды:

N= ,

Мүнда — электрмонтердың жылдық орташа саны; КQ, Кф – ретінше жұмыс көлемі мен орындаушылар өнімділігініҢ ғүбылу еселігі (ЭТС-ті зерттеу ғортындысымен анықталады); d=1…2 кездейсоғ шаманың сенімдік арағашығтықының баҒасы.

Шамалап алҒанда мына өрнекті ғолданады

КQ=(qmfx-qmіn)/6qopе;

KФ=(ƒmax- ƒmіn)/6ƒopт

МүндаҒы qmfx, qmіn, qopе – бір түрлі машинаҒа қызмет уақытының ең көп, ең аз және орташа еңбек шығыны; ƒmax, ƒmіn, ƒopт — әр түрлі жасалҒан бірдей қозғалтқышларҒа қызмет көрсетуге кететін ең көп, ең аз және орташа уақыт шығындары. Зерттеу ғортындылары бойынша КQ=0,03…0,12; Кф=0,05…0,15. Эксплуатациялау деңгейі неҒүрлым жоҒары болса, еселіктер мәні аз.

 Инженер-техниктердіҢ штатын есептеу ЭТС-тіҢ инженер-техниктер штаты нормативтік Үлгі негізінде электр жабдықтарының жалпы санымен және шаруашылық түтынатын электр энергиясының жылдық ғолданыс мөлшеріне байланысты белгіленеді.

1500 шартты бірліктен артық жабдықы бар және жылына бір млн. кВт. саҒаттан артық электр ғуатын пайдаланатын шаруашылықта бас инженер-энергетик қызметі болады. Егер шаруашылықта 1000-нан 1500-Ға дейін шартты бірлік электр жабдықы болып, жылына 0,5…1,0 млн. кВт/саҒ электр ғуатын пайдаланатын болса, аҒа инженер-энергетик (бас инженер-энергетиктың ғүғы бар) қызмет енгізіледі. Электр қондырғылардың көлемі 500-ден 1000 дейін шартты бірлікке тең болса да аҒа инженер-электрик қызметі таҒайындалады, 251-ден 500 шартты бірлікке тең электр жабдықы болса инженер-электрик; 101-ден 250 шартты бірлік шамасында болса аҒа техник-электрик; 100 ш.б.э. болса ЭТС-ті аҒа электрші-монтер басқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *