Кабел оқшаулағыштарындағы ақауларды уақытылы тауып, жою үшін, эксплуатациялау барысында кабелдердің апаттық зақымдануыныңалдын алу үшін, жыл сайын сақтандыру сынақын өткізеді. Температуралық тәртібі мен салу тәсілдері бойынша, қолайлы жағдайдағы кабелдерді, кемінде, үш жылда бір рет сынақтан өткізеді. Кабел желілеріне кезексіз сынақты жөндеу және желі бойындағы жер қазу жұмыстары аяқталған соң жүргізеді. Негізгі әдіс – кабелді тұрақты тоқтың жоғары кернеуімен сынау, себебі кабелді зарядтаушы реактивті үлкен қуат бар және оларды айнымалы тоқпен сынау қуатты сынақ қондырғыларын қажет етеді.
Кернеулері 1 кВ-ға дейінгі кабел желілерін, 1000…2500 В кернеуге арналған мегометрлермен ғана сынауға болады. Түзетілген кернеумен сынаған кезде қашпа тоқты өлшейді, соның мәнімен оқшаулағыш кедергілерінің өзгеруін анықтайды. Аса жауапты кабелдерде кейде диэлектриктік шығындарды да өлшейді. Кабел желілерін сақтандыру сынақы кезінде кабелдің әр талшығының оқшаулағышын басқа талшықтардың және кабелтың оқшаулағышымен салыстыра тексереді. Кабелмен бірге шеткі муфтаны немесе құдық пен баған оқшаулағышын, бөлектегішке дейін, сынайды. Таратқыш құрылғысы бар жүйелі жалғастырылған кабелді желілерді сынақтан өткізуге болады. Топталған кабел желілері немесе жеке агрегаттарға қатарласа жалғанған кабелдерді (генераторға, трансформаторға), желіден ажыратпай, бір мезгілде сынауға болады. Кабелдерді сынаудың негізгі сұлбасы 4.3-суретте келтірілген.
4.3-сурет. Кабелді сынау сұлбасы
Сынақ жүргізу үшін, кабел желісін ағытып тастайды және жерлендірмейді. Содан соң, фазалардың бірін жерлендірмеден ажыратады да, сынау кернеуін береді. Кернеу кабелдің әр талшығына, қалған екі талшықты жерлендіріп қойып, жеке-жеке беріледі. Сынау кернеуінің қайталануы мен мәні кернеуі 2…10 кВ-ға тең кабелдер үшін 5…6 UН; кернеуі 110 кВ үшін 2,3 UН. Кернеуі 2…35 кВ кабелдің әр талшығы үшін сынау уақыты 5 мин, кернеуі 110…220 кВ үшін 20 мин.
Кабел оқшаулағышының күйі, кему тоғының шамасымен және оныңфазалық симметриясыздығымен бағаланады. Оқшаулағыштың күйі қанағаттанарлық болса, қашпа тоқ кернеу берудің әр сатысында заряд есебінен тез өседі де, ал содан соң тез төмендейді: кернеуі 6…10 кВ кабелдер үшін мәні 500 мкА-ге дейін, кернеуі 20…35 кВ кабелдер үшін – 800 мкА. Ақау болса қашпа тоқ баяу төмендейді, тіпті өсуі мүмкін. Азаю тоғын сынақтың соңғы минуттарында жазып алады. Оқшаулағышы зақымданбаған кабелдер фазалар бойынша қашпа тоқтың симметриясыздығы 50%-дан аспауы керек. Өз қажетіне жұмсайтын жүктелім кернеуі 6 кВ-тық электр станцияның кабел желісін сынау әдісі жасалған. Бұл жағдайда сынақ кернеуі трансформатордың нөлдік нүктесіне беріледі, ал түзетілген сынау кернеуі 20…24 кВ шамасында фазалық жұмысшы кернеуге үстеледі. Мұндай сынақ кезінде, айналатын машиналар, жұмыс жасамауы тиіс (тұтынушылардың жауапкершілігі ескерілуге тиіс).
Кабелдерге сақтандыру сынақын жүргізгенде: оқшаулағыштың кедергісін; талшықтар мен фазаландырудың бүтіндігін; кабелдің температурасын; бекітілген шетінің кедергісін, қашпа тоқтың мәнін анықтайды.
Кабел оқшаулағышының кедергісі 0,5 МОм-нан кем болмауы керек. Мегометрдің көмегімен кабелдің оқшаулағышының кедергісін анықтағанда, сонымен бірге, фазалар арасында тұйықталудың, үзіктің бар жоғын анықтайды.
Кабел оқшаулағышының зақымдануы кабел кіргісуі тығыздығының нашарлауынан басталады. Сондықтан да, әдетте, сақтандыру сынағы жылдың жылы, оқшаулағыштың нашарлауы ең ықтимал мезгілінде, өткізіледі.
Талшықтардың бүтіндігі және эксплуатациялау кезінде кабел желісін фазалау муфтаны қайта құрап жинаудан соң немесе кабел талшықтары ажыратылған соң, мегомметрді және кернеу көрсеткішті пайдаланып тексереді.
Жергілікті нұсқауларға сай, кабелдің температурасы, кабелдің күйіп кету мүмкіндігі бар жерде өлшенуі тиіс. Кабелдің температурасын термопармен, термокедергілермен, ал тек мүмкін болмағанда ғана, термометрлермен өлшейді.
Эксплуатациялау кезінде шеткі бекітілген жерін жерлемесінің кедергісін, жерлеме құрылғысын күрделі жөндеген кезде өлшейді. Басқа уақыттарда жерлеме өткізгіштерінің шеткі бекітілген жеріндегі құрылғыныңжерлеме ғадасымен қосылған жерінің бүтіндігін тексереді.
Кабел желісі жұмысыныңсенімділігі, оның қабыршықтарының күйіне байланысты. Қабыршықтардың тығыз жатуының бұзылуы, кабелдің ішкі бетіне ауа мен ылғалдың кіруі, оқшаулағышты токтың тесіп өтуіне әкеледі. Кабелдердің металл кабелтарыныңбұзылуы, эксплуатациялау кезінде, олардың қоршаған ортамен химиялық немесе электрлік өзара қарым-қатанасы салдарынан бүзылады. Бұзылуға көбірек ұшырайтыны кабелдік желінің жерде қосылуы қабыршықтарыныңкезбе тоқтарыныңәсерінен коррозиялануын (тоттануы) кері өткізгіш ретінде рельстерді пайдаланылатын электр көліктер туғызады.
Рельс жолдарының тікелей кедергілерінің көптігінен, және рельс қоспаларындағы түйіспелердің бұзылуынан, тоқ жерге тарамданады. Жолында кедергісі аз өткізгіш (кабелдердің металл кабелтары) арқылы және тартатын қосалқы станциялар маңайында қоректендіру көзінің теріс полюсі бойымен кетеді.
Металл кабелтар арқылы тоқтың жерге өтетін жерлерінде металл ериді. Еритін металлдың мөлшері, кезбе тоқтың күшіне, оның әсер ету уақытына, пропорционалды кабел желісінің кабелы жасалған металлдың түріне байланысты болады. Кезбе тоқтың әсерінен жылына, есеп бойынша 33 кг қорғасын, 3,95 кг алюминий және 9 кг темір шығын болады. Коррозиялық қауіпін анықтау және кабел желілерін қорғау шараларын жасау үшін эксплуатациялаудың бірінші жылы, кезбе тоқты жылына екі рет өлшейді. Ол үшін кабел желілерін кешенді сынақтан өткізеді, соның барысында, жер мен кабел кабелының арасындағы потенциал айырмашылығын, кабелден жерге кететін тоқтың тығыздығын, кабел кабелы арқылы өтетін тоқ күші мен кернеуін анықтайды. өлшеу мерзімділігі, алғашқы өлшемнің қорытындалары мен коррозия аймақына жасалған талдау қорытындысы негізінде белгіленеді.
Кабел кабелы мен жер арасында оң потенциал бар қауіпті аймақты анықтау үшін потенциал айырмасын өлшейді (нөлдік потенциалға қарағанда).
Зияндылықы аз топырақтарға салынған брондалған кабелдердегі анодтығ және ауыспалы таңбалы аймақтар қауіпті деп есептеледі (топырақтың меншікті кедергісі 20 Ом∙м-ден асса), жерге кететін қашпа тоғының тәуліктік орташа тығыздығы 0,15 МА/дм2 және зиянды топырақтарға төселген кабелдер үшін, кез-келген кезбе тоқ қауіпті саналады. Қауіпті жерлер табылса, кабелдердің электр коррозиясына ұшырамауына шара қолданылады. Ол үшін катодтық полярландыру, протекторлық қорғаныс немесе электрлік дренаж қолданады.
Ең қауіпті аймақтар – қосалқы тарату станциялары, қоректендіру желілері (рельс жолдарының тікелей қоректендіру көздерінің теріс полюсті қадалары орналасқан желілері), мен кабел желілерінің рельсті жолдармен қиылысатын немесе таяу өтетін жерлері. Кешенді сынақтар жүргізу үшін шурфтарды қазады. Кабел кабелтарының жермен салыстырғандағы потенциалдарын, 4.4-суретте келтірілген сұлба бойынша, өлшейді. Кезбе тоқты өлшегенде қате болмау үшін, және гальваникалық жұп түзелмеу үшін жерлеме электродты сыналатын кабел қабыршығы жасалған металлдан даярлайды (қорғасын, алюминий). Әдетте электрод есебінде ұзындығы 300…500 мм кабел үзігін пайдаланады.
4.4-сурет. Потенциал өлшеу 4.5-сурет. Тоқ тығыздығын өлшеу
Тоқтың тығыздығын өлшегенде милливольтметрдің орнына миллиамперметрді қосады. Электродтан жерге кететін тоқты ІЗ.Э , электродтың бетінің ауданын біле отырып, жерге кететін тоқтың меншікті тығыздығын анықтайды:
І УД=ІЗ.Э/S
Кабелдің кабелыныңбойымен өтетін тоқты ІСК компенсация әдісімен өлшеу ұсынылады. (4.5-сурет). Кабелдің кабелы арқылы, басқа көзден, кері бағытта, кезбе тоқға теңесетін, тоқ жібереді. Екі бағытта, тоқ толық теңескенде,миллиамперметрдің тілі нөлді көрсетеді, ал басқа көзден берілген тоқ ІП кабел кабелыныңбойымен өткен тоқға теңеледі ІСК=ІП. Кезбе тоқтың тез өзгеру сипатына байланысты, әр бақылау нүктесінде бақылау өлшемі 10…20 минут, ұзақтығы бірдей уақыт ішінде қайталай отырып, 40…50 бақылау өлшемдері жүргізіледі. өлшеу маҒлүмматтары бойынша потенциал мен тоқтың орта шамасын табады. Кабел желілері орналасқан жерлердегі кезбе тоқ туралы толық мағлұматты, өлшемдер негізінде кабел желілерінің диаграммасын тұрғызҒан соң білуге болады. ТұрқызылҒан диаграммаҒа толық талдау жасалған соң Ғана, кабел желілерін коррозиядан қорғау туралы дұрыс шешім қабылдауға болады.