Ауалық және кабельдік электр желілерді эксплуатациялау.
8.1. Кернеуі 10 кВ дейінгі электр әуе желілерін эксплуатациялау. Жалпы талаптар. АЖ эксплуатациялауға қабылдау. Ауалық желілерді байқау. Профилактикалық өлшеулер мен тексерістер. АЖ зақымдалу себептері. АЖ жөндеу.
8.2. Кабелдік желілерді эксплуатациялауға қабылдау. КЖ байқау. КЖ-ң зақымдалған орнын анықтау әдістері. Кабелдерді күйдіру. КЖ-ді жөндеу. Профилактикалық сынаулар мен өлшеулер.
8.1. Кернеуі 10 кВ дейінгі электр әуе желілерін эксплуатациялау
Жалпы мәлімет. Электр әуе желілерін эксплуатациялау кезінде оған бірнеше фактор әсер етеді. Бағанаға, өткізгіш сымның, арған сымның, оқшауламаның т.б. салмағы әсер етеді. Оларға желдің, жөндеу кезіндегі сымның тартылуының және т.б. қолайсыз жағдайлардың әсері тиеді. Барлық бағаналар уақыт өткен сайын тозады, ағаш бағаналар шіриді. Сымда апаттық тоқ жүрудің салдарынан, ол динамикалық және қызу әсеріне тап болады. Сым, сонымен қатар, желдің, ауа температурасының өзгеруінің, қар тұрудың, мұз қатудың, найзағайдың әсеріне де тап болады.
Оқшауламалар, сымдар ауадағы зиянды газдардың, тұздардың немесе қышқылдардың ерітінділерінің әсерінен ескіру процесі жылдамдайды. Айтылған факторлардың кері әсерін азайту үшін, әуе желілерін эксплуатациялаудың тиімді шаралары белгіленген, яғни электрмен жабдықтау жүйелерінің қажетті сенімділігін қамтамасыз ететін техникалық эксплуатация шаралары белгіленген.
Электр желілерін дұрыс және тиімді пайдалану үшін, төмендегідей шаралар қолданылады:
жүктеме тоғы бойынша тиісті тәртіпте пайдалану;
әуе желілерін уақытыла бақылау;
қажетті сақтандыру жұмыстарын (жөндеу, сынау, өлшеу және т.б.) уақытылы жүргізу;
техникалық құжаттарды уақытылы жүргізу;
апаттық жағдайлардың себебін анықтау, оларды болдырмайтындай шаралар қолдану.
Техникалық эксплуатацияның барлық шаралары ЭҚЕ (ПУЭ), ТЭЕ (ПТЭ), ТҚЕ-не (ПТБ) сәйкес жүргізілуі тиіс. ЭҚЕ-не сәйкес әуе электр желілердегі сымдардың қызуының шекті температурасы 70 °С-ден аспауы керек. Электр әуе желілерінің рұқсат етілген тоғы (шектік) қоршаған ортаның температурасы 25 °С жағдайына есептелінген. Егер ауаның температурасы одан өзгеше болса, шекті тоқ мәнін төмендегі формуламен анықтайды:
I_(рұқ.ет.)= I_н √((T_(рұқ.ет)-t)/(T_(рұқ.ет)-25)),
Шекті тоқ тек апаттық режим кезінде ғана бола алады; ал басқа уақытта әуе желісіндегі тоқ жұмыс тоғының мәніне тең болуға тиіс.
Электр әуе желілерін байқау. Электрлік әуе желілерін байқаудың екі түрі болады: жоспарлы және кезектен тыс. Жоспарлы байқаудың төрт түрі бар: күндіз, түнде, бағанаға шығып және бақылаулық тексеру.
Күндіз байқау (айына бір рет) кезінде әуе желілерінің элементтерін кернеуі бар кезде тексереді, бандажын тартады, нөмірін дұрыстайды, желіні дүрбімен қарап шығады.
Түнгі байқау кезінде түйіспелердің сапасын тексереді, сыртқы жарықтандыру шамдарын тексереді. Байқалған кемшіліктерді, мезгілінде түзейді
Бағанаға шығып байқау кезінде (6 жылда 1 рет) электр желісі, электр жүйесінен ажыратылады, яғни кернеу жоқ. Оқшаулағыштардың бекітілуі, ластануы, сымдарының бекілуі және тартылу сапасы т.с.с. тексеріледі.
Бақылаулық тексеру күндіз де, түнде де, бағанаға шығып та атқарылуы ықтимал. Бұл бақылау электр монтерлердің жұмысын тексеру үшін жасалады.
Кезектен тыс байқау апаттық режимнен, бораннан, тұманнан кейін; су тасуы, өрт болу сияқты табиғи апаттан кейін, ауаның температурасы -40 °С төмендегеннен кейін атқарылады. Табылған ақау жөнделеді.
Сақтандыру үшін тексерулер мен өлшемдер, ағаш бағананы тексеру. Ағаш бағананы тексеру 30…40 см тереңдікте, жер бетінде бандажының тұсында және көлбеу элементтер бекітілген жерлерде жүргізіледі. Шіру түріне, тереңдігіне қарай (көлденең қимасы бойынша) таза бөлігінің эквивалент диаметрін табады. Осы көрсеткіш бойынша ауыстыру немесе ауыстырмау туралы шешім қабылдайды. Сыртынан байқау кезінде бағананың бүлінген, шіри бастаған, жарылған жерлерін анықтайды. Балғамен (салмағы 0,4 кг артық емес) соққандағы дыбысқа қарап, ішінен шіри басталғандығын тексеруге болады. Шіріген қабатының тереңдігін өлшеу үшін ПД-1 түріндегі арнайы серіппелі (пружина) аспапты қолдануға болады. Ол үшін, ағашға бізді кіргізген кездегі жұмсалатын күшті өлшейді. Шіріген қабаттан өтіп таза қабатына жеткенде кіргізетін күш күрт көбейеді. Шіріген жерді бағананыңшеңбері бойымен үш жерден өлшеп, орташа мәні бойынша таза бөлігінің диаметрін табады. Бағананың механикалық төзімділігінің (беріктігінің) шекті мәнінен таза бөлігінің диаметрі 2…4 см ғана артық болған жағдайда, бұл бағана жылда тексерілуі қажет, ал диаметрі одан көп болса, үш жылда бір рет тексеріледі. Бағанада ірі-ірі бұтақтың орны немесе терең жарылған жері болса, таза бөлігінің диаметрін 1…2 см кеміту керек.
Темір, бетон бағаналарды тексеру. Бұл бағананы тексергенде жарылған немесе үгілген жерлеріндегі өлшемдері шекті мәнінен азаймауын тексереді.
Жерлестіру құрылғыларын тексеру. Жерлестіру құрылғыларын тексергенде, оныңғаншалықты тереңдікте орналастырылғандығын ғазып тексереді (тереңдігі 0,5 м, ал жыртылатын жерде 1 м болуы керек).
Сонымен қатар, жерлестігіштер мен жерлестіру сымдарының өлшемдерін де тексереді. Егер олар жұмыр болса диаметрі 6 мм-ден, төрт бұрышты болса қимасы — 48 〖мм〗^2-ден кем болмауы керек.
Жерлестіру құрылғыларыныңкедергісін топырақтың өткізгіштігі аз кезінде өлшеу қажет: жазда топырақ әбден кепкен кезде, қыста тоң әбден қатқан кезде. Жерлестіру құрылғыларының кедергісін МС-08 және М-416 түріндегі арнайы аспаптармен өлшейді. Бұл аспаптармен өлшеу кезінде электр қондырғылары желіден ажыратылуы қажет (4.1-сурет).
Балқыма сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштардың сенімді жұмыс істеуі үшін, яғни желінің соңындағы бір фазалы қысқа тұйықталу кезінде сенімді қорғау үшін «фаза-ноль» тұзағының қысқа тұйықталу тоғы балқыма сақтандырғыштың қалыпты тоғынан 3 есе, автоматтың айырғышының тоғынан 1,25…1,4 есе көп болатындай жағдайға тең болуы керек.
Осы кедергіні қоректіндіру кернеуін ажыратпастан өлшеу үшін М-417, ИПЗ-2М, ИТК –1 түріндегі арнайы аспаптар қолданылады.
Сурет-4.1. Бағананы жерлестірудің кедергісін М-416 аспабымен өлшеу сұлбасы: 1 — жерлестіру құрылғысына түсіру (жалғастыру); 2 — потенциалдық зонд; 3 — топтық зонд
Сонымен қатар, кернеуі 220/380 В, бейтарап сымы тиянақты жерлестірілген электр желісінде жұмыс істейтін электр қондырғылардың жерлестіргіштерінен жерге өтетін тоқға кедергіні өлшейтін ИСЗ аспабын да қолдануға болады. ИСЗ аспабыныңжұмыс істеу принципі бейтарап сымды жерлестіргішпен жалқайтын өткізгіштегі тоқты және оныңэлектрлік потенциалын өлшеуге негізділген (4.2-сурет).
Қайта жерлестіру құрылғысының кедергісін өлшейтін ИСЗ аспабының қосылу сұлбасы. A, B, C, N – 0,4 кВ электр желісінің фазалық және бейтарап сымдары; РТТ — жоғары сезімтал тоқ трансформаторы; ХТ — РТТ-ны ИСЗ-ның өлшеу блогына жалқайтын розетка; ЭНП – нөлдік потенциал электроды; З — өндірістік жайға кірмедегі бейтарап сымдамы қайта жерлестіру; I_з — бейтарап сыммен жерлестіргіш арқылы жерге өтетін тоқ; СП — ЭНП-ны жалғайтын сым.
Сурет-4.2. ИСЗ — аспабын қосу сұлбасы
Жерлестіру құрылғыларының және бейтарап тізбектің тоқ көзі ретінде электр желісін немесе бейтарап сымдағы кернеудің құлауын пайдаланады. Сонымен қатар, ИСЗ аспабымен жерлестіру сымындағы тоқты өлшеуге, яғни электр қондырғысының нөлдеу тізбегінің бүтіндігін тексеруге болады.
ИЗС аспабы 100 mА-ден 10 А дейінгі тоқты, 0,1 Ом-нан 10 Ом-ға дейінгі кедергіні өлшеуге арналған.
Әуе желісінің өлшемдері мен сымныңсалбырауын тексеру. Әуе желісінің өлшемдері мен сымныңсалбырауын электр желісінде кернеу барда да, жоқта да тексеруге болады.
Кернеу бар кезде теодолиттің т.б. арнайы бұрыш өлшейтін аспаптардың және оқшаулағыш штанганың көмегімен тексереді. Теодолиттің көмегімен тексеру үшін сымнан аспапқа дейінгі түзумен, сымның жердегі проекция нүктесімен аспапқа дейінгі түзу арасындағы α бұрышын өлшейді. Сонан соң белгілі тригонометриялық формуланың көмегімен сым мен жердің арасындағы биіктігі h табады:
h =Dtgα+L,
мұнда D – теодолит тұрған нүктемен сымның жердегі сілемі нүктесінің арақашықтығы; L – теодолиттің биіктігі.
Электр желісінің өлшемдерін тікелей өлшеу үшін оқшаулағыш штанга қолданылады. Бір электрмонтер штанганың ұшын желінің ең төменгі сымына тигізеді, ал екінші монтер штангадан жерге дейінгі аралықты өлшейді. Сымның салбырауы нормада белгіленгендегіден 5 %-дан артпауы тиіс.
Электр желілерін қорғау. Әуе электр желілерінің сымдары эксплуатациялау кезінде, желінің астынан өткен техниканың, басқа сыртқы күштердің салдарынан үзілуі ықтимал. Сондықтан электр әуе желілерін қорғау ережелері бекітілген. Осы ережелерге сәйкес әуе желісінің бойында қорғау аймақы белгіленген. Осы аймақтың өлшемі желінің ең шеткі сымыныңжерге сілемінен екі жағға да есептеледі. Қорғау аймақында, тиісті мекемелердің, яғни электр желісінің эксплуатациялайтын мекеменің рұқсатынсыз, құрылыс монтаждау, жер өңдеу жұмыстарын жүргізуге, ойын, спорт алаңдарын салуға, көлік тұрақын жасауға, шөп-сабан жинауға болмайды, сонымен қатар, желінің астымен өтетін техниканың биіктігі 4,5 м аспауы қажет.
Электр бағаналарына бөтен зат сүйеп қоюға, рұқсатсыз көтерілуге болмайды.
Әуе желілерінде жақын маңда механизмдерді пайдаланып жұмыс жүргізгенде, — механизмнен ең жақын сымға дейінгі ауадағы қашықтық 1,5 м-ден кем болмауы керек.
Әуе желісі жолды қиып өткенде, оның екі жағынан да өтетін көліктің рұқсат етілген биіктігін көрсететін белгі қойылады.
Әуе желілерін жөндеу. Әуе желілерін жоспарлы-сақтандыру шаралары, соның ішінде жөндеу, олардың ерте тозуына жол бермейді, яғни жұмыс мерзімін ұзартады. Кернеуі 0,38 кВ әуе желілерін ЖЕЖ-ге сәйкес ағымдық және күрделі жөндеу қарастырылған.
Ағымдық жөндеу кезінде әуе желілерін жоғарыдан және төменнен байқау, ағаш бағандарын тексеру, шіру тереңдігін өлшеу сияқты жұмыстар атқарылады.
Босаған бандаждар тартылады, олардың тат басқан жері тазартылады. Бағандардың қисайғандары түзетіледі, зақымданған оқшаулағыштар мен бағананың шіріген элементтері ауыстырылады, босаған сымдары тартылады. Қорғалатын аймақтағы ағаш бүтағтары шабылады.
Күрделі жөндеу кезінде бағандар ауыстырылып, бұзылған (зақымданған) арматуралар (темірарқаулар) ауыстырылады қажетті сынау, өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Ағаш бағаналы әуе электр желілер үш жылда, ал темір, бетон бағаналы желілер 6 жылда жөнделіп тұрады.
Жөндеу жұмыстарын бастарда қажетті даярлық жасалынады. Мысалы, жөндеу бригадасы іріктеліп, қажетті құрал-саймандар, ауыстыратын бұйымдар алдын-ала даярланып қояды. Әуе желілерін жөндеу үшін рұқсат алынып, рұқсат-наряд толтырылады. Жөндеу жұмысы біткеннен кейін эксплуатациялайтын мамандар тексеріп қабылдайды.
Ағаш бағаналарды жөндеу. Ағаштың шіруіне жол бермеу үшін, оларды антисептиктермен өңдейді. Осылай өңделген бағаналар, өңделмегендерге қарағанда 3 есе ұзақ пайдаланылады.
Егер, антисептиктер, майдың негізінде даярланған болса, 10 жылдан кейін, суға еритін негізде болса 5 жылдан кейін бағананы ені 50 см қара қағазбен, пергаминмен құрсаулап орайды. Орауыш шірімеуі және тот баспауы үшін оны сақтандыратын сықпамен өңдейді. Осындай сықпамен жерге көмілген бөлігі шіру қауіпі бар тереңдікке дейін, жер бетінен 30 см биіктікке дейін, ені 2 мм-ден артық жарылған жерлер, горизонталь немесе көлбеу беттер, өз-ара біріктірілген жерлер эксплуатациялау кезінде жиі өңделіп тұрады.
Ораманың беттеріне және бағананың қажет жерлеріне гидрооқшаулағыш (битум) жағылады. Түзелген бағаналардың түбі нығыздалып, босаған бандаждар тартылады. Тарту тростары тот басудан сақтандырылады. Егер тростың тал сымдарының 20 % үзілген болса, ондай трос ауыстырылады.
Темір-бетон бағаналарды жөндеу. Темір-бетон бағаналардың көлденең жарығының ені 1 мм-ден, ұзына бойы жарықыныңені 0,3 мм-ден артық болса, ойылып түскен жері 20×20×20 мм-ден көп болса Мұндай бағаналарды ауыстыру керек. Кіші-гірім жарықтар мен ойылған жерлері полимер цементті ерітіндімен сыланады немесе осындай бояумен боялады.
Сымдарды жөндеу. Жекеленген сымның бүлінген жерлері құрсауланады, яғни осы жерге қосымша сым пайдаланып сыртынан оралады. Сым талшықтарының бұрамы босаған, яғни ыдыраған жерлерге қосымша муфта қойылады.
А35…А70 маркалы сымдарыныңекі талсымы үзілген болса, АС16…АС70 маркалы сымдардың үш талсымы үзілсе, А16…А25 маркалы сымдардың бір талсымы үзілсе, оларды ауыстыру қажет. Әуе желісінің сымдарының тартылуы ЭҚЕ-нің талабына сәйкес болмаса, оны қайта тарту керек.