Сенімділік теориясының элементтері

Сенімділік теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамалары

5.2. Сенімділік көрсеткіштері, сенімділік көрсеткіштерінің ықтималдық сипаттамалары, сенімділікті есептеудің қарапайым әдістері

5.3. Жүйенің құрылымдық сенімділігін есептеу, сенімділікті анықтаудың әдістері

5.4. Эксплуатациялық есептерді шешуге сенімділік теориясын қолдану

5.1. Сенімділік теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамалары

Сурет 5.1. Жабдық күйінің моделі

Сенімділік — тапсырылған режимдерде қажетті жұмыстарды орындау қабілеттілігін және қолдану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау мен тасымалдау жағдайларын сипаттайтын барлық параметрлердің мәндерінің орнатылған шектерін уақытында сақтау, нысанның қасиеті (ГОСТ 27.002-86). Эксплуатациялау үрдісінде өзінің алғашқы сапаларын сақтау нысанның қабілеттілігін сенімділік сипаттайды деуге болады.

Қажетті жұмыстарды орындау нысан қабілеттілігі бірнеше күйлермен бағаланады, олардың шектерінде нысананың параметрлері тұрақты болып қалады.

Ақаусыздық — нысанның күйі, бұл кезде ол барлық орнатылған талаптарға сәйкес келеді.

Ақаулық — нысанның күйі, бұл кезде ол көрсетілген талаптардан тек біреуі ғана сәйкес келмесе болғаны.

Жұмысқа жарамдылық — талапқа сәйкес келетін параметрлердің күйі, олар көрсетілген жұмыстарды орындау қабілеттілігін сипаттайды.

Жұмысқа жарамсыздық — нысан күйі, бұл кезде жұмыс қабілеттілігінің бір параметрі ғана орнатылған талапқа сәйкес келмесе болғаны.

Шектік күйі — нысан күйі, ол әріқарай эксплуатациялауға қауіпсіздік жағдайы бойынша рұқсат етілмейді немесе экономикалық критериясы бойынша тиімді емес.

Сенімділік теориясының орталық ұғымы болып істен шығу қызмет етеді – бұл уақиға жұмыс қабілеттілігінің жоғалуымен тұжырымдалады, яғни жұмыс істеу қабілеттілік күйден жұмыс істемейтін қабілеттілік күйге ауысуы. Аяқастынан және біртіндеп, толық және жекелеп істен шығулар болып бөлінеді.

Аяқастынан істен шығу — аяқастынан жүктеменің шоғырлануынан немесе апаттық жағдайдан лезде кенеттен пайда болады.

Біртіндеп істен шығу – нысандардың қасиеттерінің біртіндеп өзгеру әсерінен, бөлшектердің ескіруінен немесе тозуынан пайда болады.

Толық істен шығу жұмыс істеу қабілеттілігінің толық жоғалуына, ал жекелеп істен шығу – нысанның тек бөлектелген жұмыстарын жоғалтуға әкеледі.

Нысан (сенімділік теориясында) — белгілі бір мақсаттық арналым нәрсе, оның жұмыс циклында жобалау, даярлау және эксплуатациялау сатылары бөлініп шығады. Нысан жүйе немесе элемент болуы мүмкін.

Жүйе — бұл кейбір мақсатқа өзбетімен жету үшін арналған, өзара байланысқан құрылғылардың жиынтығы.

Элемент — жүйенің бөлігі, ол жүйенің кейбір жергілікті жұмыстарын орындауға қабілетті.

Нысанның сенімділігін зерттеу кезінде, эксплуатациялау үрдісінде өзінің параметрлерін сақтау қабілеті ретінде, эксплуатациялаудың әртүрлі кезеңдерінде осы параметрлердің тұрақтылығын бағалаудың қажеттілігі туады, жөндеуге бейімдеулілік және басқа да бір қатар белгілер бар. Сондықтан сенімділік – күрделі, ең қарапайым қасиеттерінің қатарын қосатын нысанның кешенді қасиеті (жеке немесе белгілі бір үйлесімде) (ГОСТ 27.002-86):

— мүлтіксіз — біраз уақыт ішінде жұмыс істеу қабілеттілігін немесе атқарылған жұмыс көлемін үздіксіз сақтай алатын нысанның қасиеті;

— ғұмырлылық — техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің орнатылған жүйесі кезінде шекті күйге түскенге дейін нысанның жұмыс істеу қабілеттілігін сақтай алатын нысанның қасиеті;

— жөндеуге жарамдылық – тоқтап қалудың (зақымдалудың) туу себептерін алдын алуға және табуға, техникалық қызмет көрсету және жөндеулер жүргізу арқылы жұмысқа қабілетті күйін ұстап тұруға және қалпына келтіруге бейімділігі;

— сақталғыштық — сақтау немесе тасымалдау кезінде мүлтіксіз, ғұмырлылық және жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің мәндерін сақтай алатын нысанның қасиеті;

— орнықтылық — әртүрлі ауытқулар кезінде нысанның бір орнықты режимнен басқаға өту қабілеті;

— өміршеңдік — апаттардың дамуына жол бермей, ірі ауытқуға қарсы тұра алатын жүйенің қасиеті.

Практикада конструкциялық және эксплуатациялық сенімділік болып бөлінеді. Конструкциялық деп номиналды сенімділікті атайды, ол әдеттегі (номиналды) эксплуатациялау жағдайларында тұрақты жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Ол жобалау және жасау кезінде қойылған нысанның қасиеттерін сипаттайды.

Эксплуатациялық, барлық әсерлердің жиынтығын есепке ала отырып, эксплуатация жағдайларында байқалған: қоршаған ортаның дестабилизациялаушы факторларының, пайдаланудың нақты режимдерінің, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеулердің сапасының сенімділігін білдіреді.

Эксплуатациялық сенімділіктің міндеттері, конструкциялық сенімділіктің жеткілікті жоғары көрсеткіштері бар ауылшаруашылық кәсіпорындарының электр жабдығының көптеген түрлерінің өнімділік көрсеткіштеріне қойылатын өндірістік талаптарға сәйкес келмейтіндігіне байланысты өте өзекті болды. Осылайша, ІІІ сериядағы 4A қозғалтқыштары 10 жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге есептелген, ал күрделі жөндеуге дейінгі тоқтаусыз жұмыс істеудің нақты мерзімі құрайды: мал шаруашылығында — 3,5 жыл, егін шаруашылығында — 4 жыл, еншілес кәсіпорындарда — 5 жыл.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *