Электр жабдықты техникалық диагностикалау

Электр жабдықты техникалық диагностикалау

1. Негізгі ұғымдар және анықтамалар

2. Профилактикалық сынаулар

3. Оқшауламаны диагностикалау

4. Түйіспелерді диагностикалау

5. Техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу кезінде диагностикалау.

1. Негізгі ұғымдар және анықтамалар

Техникалық күйін анықтау (диагностика) — бұйымдардың техникалық күйін анықтап, оның ақауларын білу әдістері мен құралдары туралы ғылым.

Техникалық күйін анықтау дегеніміз – нысанның күйін танып білу, нәтижесінде нысанның техникалық күйі туралы қорытынды жасау, демек, техникалық күйін анықтау: асинхронды қозғалтқыштың С1, С4 фазаларының орамасында орамдық тұйықталу бар, оқшаулағыш суланған (дымқылданған) және т.б.

Күйанықтау немесе бақылау өлшемдері (белгілері) дегеніміз – күйанықтау (диагностика) өлшемдерінің ішіндегі нысанның жалпы күйін анықтай отырып, жұмыс қабілеттілігі туралы, неғұрлым, толық мағлұмат беретін (мысалы, қозғалтқыштың қызу температурасы оның жалпы күйін анықтайды) ең басты өлшемдер.

Қосалқы өлшемдер нысанның кейбір жеке қасиеттерін, немесе ақау орынын (мысалы, оқшаулағыштың кедергісі электр жабдықының электр бөлігінің күйін ғана сипаттайды) анықтайды.

Күйанықтау (болжамдау) тәсілдері – дегеніміз нысанның техникалық күйін анықтауға мүмкіндік беретін әрекеттердің жиынтықы мен тәртібі. Тәжірибе кезінде нысанға ықпалды әрекет етеді де оның күйін анықтау өлшемдерін немесе күйін анықтау белгілерін өлшейді. Бақылау нәтижесі бойынша нысанның күйін анықтайды. Мысалы, оқшаулағышты жоғары кернеу арқылы сынап, кернеудің азаюы арқылы, оның жарамдылықы туралы қорытынды жасайды.

Күйанықтау жүйесі – дегеніміз нысан, әдістері мен күйанықтау құралдарының жиынтықы. Күйанықтау жөнінде шығарылатын есептерді міндеті мен түріне қарай сақтандыру, дифференциалды, функциялық және болжамдық деп бөледі.

Сақтандыру күйанықтауының мақсаты эксплуатация кезінде өзінің қызмет ету мүмкіндігін тауысқан тетіктер мен элементтерді, демек, нысандағы өлшемдері өзінің қызмет мүмкіндігі шегіне таяу элементтерді анықтау (нысанның осал жерін оны жөндеуге шығармай-ақ табу). Осы мақсатпен, жүйелі түрде, жоспарлы сақтандыру сынақын өткізіп тұрады.

Дифференциалды күйанықтау электр жабдықтарының кейбір ақаулы жерлерін кезекті техникалық қызмет пен жөндеу кезінде анықтауға арналған. Алынған мағлұматтар бойынша, қажетті жөндеудің түрін белгілейді (ағымдық, әлде күрделі жөндеу). Дифференциалды күйанықтауға арнайы және жалпы анықтауға арналған аспаптарды қолданады. Қарапайым омметрлер (мегомметрлер) электр жабдықының өткізгіштеріндегі, қоспаларындағы және басқа да элементтеріндегі үзілу, тұйықталу, түйісу, оқшаулау және т.б. ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Ылғалдылықты анықтайтын арнайы аспап (ПКВ), оқшаулағыштың дымқылдану деңгейін, ал жоғары жиілікпен өлшейтін (ВЧФ) аспап, электр мәшинелері орамдарындағы тұйықталуды анықтайды. Сонымен қатар, дифференциалды күйанықтау анықтама әдебиеттер мен нақтылы электр жабдықтарының техникалық түсініктемелерінде келтірілген, сол жабдыққа тән ақаулар келтірілген, кестені пайдаланып жүргізуге арналған.

Функционалды күйанықтау тәсілі электр жабдықтарының жұмыс істеу және жұмыс қабілеттілік қасиеттерін эксплуатациялаудың кешенді қасиеттерін (сипаттарын) бақылау, үлгі немесе арнайы сынақтар кезінде анықтау, оларды қалыпты немесе атаулы тізімдердегі қасиет көрсеткіштерімен салыстыруға арналған.

Болжамдық күйанықтау, алдағы уақытта бұйымның күйі қандай боларын және бұзылудың ықтимал сәтін алдынала анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін, элементтердің, болжам жасау алдындағы, қалған қор мүмкіншілігі өлшемдерінің өзгеру заңдылықтары туралы мағлұматтар негізінде бағалайды. Мысалы, айгөлектердің саңылауының нақтылы және шекті мәндері белгілі. Олардың мәндерінің айырмасын айгөлектің қажалу жылдамдығына бөліп, оның қалған мүмкіндік қорын табамыз, сол арқылы айгөлектің қашан бұзылуы тиіс екенін білеміз. Дегенмен, сенімді болжамдауды қарапайым жағдайларға ғана пайдалану мүмкіндігі бар.

Электр жабдықтарын эксплуатациялауда, болжамдау күйанықтау жүйесін құру, жабдықтардың тозу және ескіру процестерін анықтаудың күрделілігі сияқты, бірқатар, әдістемелік қиыншылықтармен байланысты.

Белгілі мөлшерде болжамдауды сақтандыру сынақтарында іске асырады, неге десең, ескерту сынақына шыдас берген электр жабдықтарының келесі сынаққа дейін бұзылмай жұмыс атқару мүмкіндіктері жоғары екенін статистикалық мағлұматтар дәлелдеуде.

Ауылшаруашылық электр жабдықтарын техникалық эксплуатацияны оданары жетілдірудегі басты бағытының бірі – тәжірибеге болжалдау күйанықтау жүйесін кеңінен енгізу

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *