Электр жабдықтарын сынау.

Электр жабдықтарын сынау. Күрделі және ағымдығ жөндеулер кезіндегі сынақтар, сондай-ақ қауіпсіздығ сынақтары, жабдықтарды жөндеуге шығаруға қатысы жоқ, эксплуатациялық шараларҒа жатады. Мұндай сынақтарды, электр жабдықтарын сынақтан өткізу нормалары мен тұтынушылар электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау ережелеріне сай жүргізіледі.

Таратқыш қондырғылардың аспаптарын қауіпсіздығ сынақтарынан өткізу мына мерзімдерде:

 ажыратқыштарды, бөлгіштерді, қысқа тұйықтағыштар мен айырғыштарды күрделі жөндеу кезінде;

 май кедергілі кірмелерді, – кемінде, – 6 жылда бір рет, ал қағаз-май оқшаулағышты кірмелерді – кемінде, 4 жылда бір рет;

 Байланыс конденсаторларын, май толтырылҒан өлшеуіш трансформаторларды – кемінде 6 жылда бір рет;

 штырлы оқшаулағышты 6…10 кВ-тығ, шина көпірлердің оқшаулағыштары мен ШТ-35 түріндегі оқшаулағыштарды, кемінде, жылына бір рет, штырлы оқшаулағыш ИШД-35 және басқа түрлерін, кемінде, Үш жылда бір рет;

 тіреулік, стерженді (өзекті) және аспалы фосфор табағша оқшаулағыштарды – кемінде, 6 жылда бір рет;

 ажыратылатын және престелген түйістірмелі ғосылыстарды, шиналарды (балғытып біріктірілгеннен басқаларын) және аспабтарҒа жалғанғандарын – кемінде 4 жылда бір рет;

 қосалқы электр жабдықтарды, артық бөлшектер мен бөліктерді – кемінде 3 жылда бір рет;

 кернеуі 20 кВ-ға дейін Таратқыш желілердің аппараттарына сақтандыру сынағын – кемінде 6 жылда бір рет өткізу керек.

Тарату құрылғыларының электр жабдықтарын сақтандыру сынағынан өткізу, негізінде, оқшаулағышты сынау мен түрлі аспабтардың түйіспелерінің өтпелі кедергілерін өлшеуге саяды.

Сақтандыру сынақы эксплуатациялау кезінде жабдықтардың білінбеген ақауларын табуға көмектеседі. Сынау кезінде алынған мағлұматтарды зауыттың және алдында өткізілген мерзімдік сынақ мағлұматтарымен салыстыра отырып, жабдықтың күйін және одан әрі жұмыс атқара алу мүмкіндігін бағалайды. Кернеуді ағытып жасалатын сынақтарды электр жабдықтарыныңкүрделі және ағымдығ жөндеулермен орайластырҒан дұрыс. Сақтандыру сынақы тіреу және өтпелі оқшаулағыштарға, желілердің шығар жеріне, айырғыштар мен қорғауыш аппараттарыныңоқшаулағыштарына, ажыратқыштарға, өлшеуіш трансформаторларға, разрядтауыштарға жүргізіледі. Тарату құрылғыларыныңоқшаулағышын сынау жұмысыныңауқымына кіретіндері: оқшаулағыштың кедергісі, диэлектрлік шығын, өтіп кету және жоғарылатылған кернеумен сынау өлшемдері.

Оқшаулағышты жоғарылатылған кернеумен сынау, алдында жасалған тексберудің қорытындылары оң болса Ғана, жасалады. ЖоғарылатылҒан кернеумен сынау кернеуі 35 кВ және одан төмен РУ электр жабдықтары Үшін міндетті, ал сынау құрылғысы болған жағдайда кернеуі 35 кВ-тан жоғары жабдықтарын да сынауға болады.

Ұялы құрылғы мен шиналардың оқшаулағыштарын сынау ерекшеліктері. Ұялар мен жиынтық шиналардың оқшаулағыштарын сынау, үяларда орналасқан барлық жабдыққа кешенді жүргізіледі (тіреуіш, өтпелі оқшаулағыштар, тоқ трансформаторлары, ажыратқыш, бөлгіш т.б.). Бұл сынақтарҒа күш кабелдері қатыспайды (оларды ағытып тастайды). Ұялардағы оқшаулағыштарды сынау сұлбасы 9.8-суретте келтірілген.

Сурет-9.8. Ұядағы оқшаулағыштарды сынау сұлбасы

Сынақ кернеуінің нормасы жабдықтың кернеуіне байланысты.

Жоғарылатылған кернеумен сынау Үш фазаҒа жүргізіледі.

Егер, сынау үшін, ұя шинадан ажыратып тасталса, бірақ, сынау сәтінде шина кернеуге қосулы түрса, онда пышағтар мен ажыратылған шина бөлгіштері ерін-түйіспенің (губка) арасындағы ауа оқшаулағыш қашықтықын сақтау керек. Егер Бұл шартты орындау мүмкіндігі болмаса, сынақ кернеуін 20…30%-Ға азайту керек.

Тіректік және аспалы оқшаулағыштарды сынау ерекшеліктері. Жоғарылатылған кернеумен әр оқшаулағышты жеке (9.9а-сурет) немесе бірнеше оқшаулағышты бір мезгілде, сынайды (9.9б-сурет). Штырлы оқшаулағыштар мен аспалы тізбектің әр элементіне түсетін кернеуі 50 кВ-ға теңболуы тиіс.

(а) (б)

Сурет-9.9. Оқшаулағыштарды сынау сұлбасы

Тіректік және аспалы оқшаулағыштардағы ақауды, эксплуатациялау кезінде анықтау үшін, оқшаулағыштарға кернеудің бөлінуін арнайы штанганыңкөмегімен өлшейді (9.10а-сурет). өлшеу әдісі тізбектің әр оқшаулағышына келетін немесе оқшаулағыштың әр элементі келетін кернеуді өлшеуге негізделген. Бір түрлі оқшаулағыштан құралған тізбектерді және жеке элементтерден тұратын оқшаулағыштың әр түріне жұмысшы кернеудің таралуыныңбелгілі сипаты бар. (9.10б-сурет). Егер тізбекте немесе қатардағы оқшаулағышта ақау болса, кернеудің бөлінуі күрт өзгереді. Егер оқшаулағыштағы кернеудің төмендеуі 1,5…2 есе болса, оларды айырбастайды.

Сурет-9.10. Оқшаулағыштарды кернеудің бөлінуін өлшеу

Вентильді разрядтауыштарды сынау ерекшеліктері. Вентильді разрядтауыштар эксплуатациялау кезінде күн сайын тексеріледі. Жабдыққа ажыратқышсыз қосылған разрядтауыштың кедергілерін, желіге қосар алдында және жабдықты жөндеуге шығарғаннан кейін, 2500 В-ға арналған мегометрмен өлшейді. Егер, разрядтауыштардағы кернеудің өзгеруі 30%-не одан артық болса, онда түзетілген кернеудегі өткізгіштің тоғын өлшейді. Тоқтың күрт төмендеуі разрядтауыштың қуысына ылғал кіруінен, шунттаушы кедергінің тізбегі үзілгенін көрсетеді (тығыздық бұзылғаны).

6 кВ-тық разрядтауыштардың тесіп өту кернеуі 16…19 кВ деңгейінде, 10 кВ-тық разрядтауыштарда 24…32 кВ шамасында болуы тиіс. Эксплуатациялау барысында тесіп өту кернеуі көрсетілгендегіден +5 немесе –10% ауытқу ы мүмкін.

ПЭУ мен нормаларға сай түтікті разрядтауыштардың оқшаулағышының кедергілерін және үшғындату ара қашықтықының ішкі өлшемдерін өлшейді; шығару аумағының орналасуы мен ұштықтардың жаншып ғағталуын (вальцовка) тартып көру арқылы тексереді.

Жоғары вольтті май толтырылған, қошиісті қарамай (мастика) толтырылған және бакелитті оқшаулағыштарды сынау ерекшеліктері. Мұндай оқшаулағыштарды сынау үшін, МД-16, МДП, Р-595 түріндегі көпір көмегімен электр шығындарын, немесе соған пропорционалды, оқшаулағыштың жылулық және ылқалдық тесуге шыдамдылық күйін сипаттайтын, диэлектриктік шығынның тангенс бұрышын tgδ өлшейді. Қабылдағыштардағы диэлектриктік шығынның tgδ шекті шамасы электр жабдықтарын сынау нормалары бекіткен шамадан артпауы тиіс (9.5-кесте).

Кесте-9.5. Диэлектриктік шығынның tgδ шекті мәндері

Кернеуі 35 кВ, кВ∙А-ге дейінгі трансформатор-лардың қуаты Май ғүйылатын күш трансформаторларыныңтемпературасы ℃ кезіндегі tgδ ең жоғары шекті мәндері

 10 20 30 40 50 60 70

6300 дейін (қоса есептегенде) 1,2 1,5 2,0 2,6 3,4 4,5 6,0

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Трансформаторларды қосуға дайындаудың мәні не?

2. Трансформаторларды құрғату дегеніміз не?

3. Ауылдық қосалқы стансаларды эксплуатациялау ерекшеліктері қандай?

4. Трансформаторлардағы жылу және ылғал алмасу дегеніміз не?

5. Трансформатор майларын қалай эксплуатациялайды?

6. Таратқыш құрылғысының электр жабдықтарын эксплуатациялау туралы әңгімелеп бер.

7. Электр жабдықтарын сынау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *