Тарату құрылғыларын эксплуатациялау

Жалпы мәлімет. Электрмен жабдықтауда сыртта орнатылатын тарату құрылғыларының жинағы (КРУН) кеңінен қолданылады. Олар ауаныңтемпературасы –400С-ден +400 дейінгі аралықта пайдалануға бейімделген. КРУН қобдиларында кернеуі 6…10 кВ трансформаторлық қосалқы стансалардың тарату құрылғысы, кернеуі 220-110-35/6-10 кВ қосалқы стансалардың тарату пунктері жинағталады. Бұл қобдиларға негізінде ВМГ-10, ВМП-10К, ВММ-10 және т.б. қол, жүктілі, серіппелі электромагнит жетекті ажыратқыштар орналастырылады.

Электрмен жабдықтау жүйелерінде КТП 35/10 түріндегі қуаты 630…6300 кВ.А трансформатор стансалары кеңінен қолданылады. Кернеуі 6…10/0,4 кВ қосалқы трансформаторлық стансалар жинаҒы пайдаланылады. Оныңқұрамына трансформатормен қоса зауытта әзірленген блоктар кіреді. Жабық тарату құрылғылары елді мекендерде де қолданылады. Жабық тарату құрылғылары орналастырылған жайлар ғауіпсіз, пайдалануға қолайлы болуға тиіс.

Бұл жайлардағы температуралық режим мен ылғал деңгейі оқшаумаларда шығ түсіп, терлемейтіндей болу керек. Тарату құрылғыларын эксплуатациялаудың негізгі міндеті – олардың сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тарату жабдықтарын тексеріп, күту. Байқалған кемшіліктерін тездетіп түзету, қажет кезінде және сақтандыру мақсатында тиісті сынау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Тарату құрылғыларының электр жабдықтарын эксплуатациялау. Тарату құрылғыларын эксплуатациялаудың негізгі міндеті – барлық құрылғыныңнемесе оныңжекелеген элементтерінің қажетті жұмыс қабілетін, динамикалық және термиялық төзімділігін қамтамасыз ету, яғни тарату құрылғыларыныңсенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

Тарату құрылғыларын байқаудың мерзімділігі. Тарату құрылғыларын байқаудың аралық мерзімі олардың түріне, қызметіне және қабылданҒан қызмет көрсету формасына байланысты алынады. Қосалқы стансалардың кезекшілері тарату құрылғыларын кҮнде бақылауы керек. Ауа райы нашарлаҒан кезде (қар, жаңбыр, түман, мүздың т.с.с), қысқа тұйықталу сияқты апаттық режимнен кейін, жермен тұйықталу белгісінен кейін қосымша байқау жүргізіледі. Аптасына бір рет тҮнгі байқау жүргізіледі.

Кернеуі 35 кВ-тан жоғары қосалқы стансалардың тұрақты кезекшілері болмаса, оларды байқау кестесі, түріне (ашық, жабық), мақсатына қарай жасалынады. Бұл жағдайда айына бір рет байқауды топ басшысы немесе шебер жүргізеді.

Кернеуі 10 кВ-тен төмен қосалқы стансалардың тарату құрылғыларын алты айда бір рет бағылап тұру керек.

Кезектен тыс бақылау нұсқауларға сәйкес, қысқа тұйықталу қуатына байланысты және жабдықтардың жағдайына қарай жүргізіледі.

Ажыратқыштардың автоматты қайта қосылуы (АПВ) нәтижесіз болғаннан кейін, міндетті түрде кезектен тыс байқау жүргізіледі. Байқау кезінде анықталған барлық кемшіліктер эксплуатациялау журналына тіркеледі де, тиісті шара қолданылады.

Сақтықтағы тарату құрылғылары (трансформаторлар, ажыратқыштар, шиналар т.с.с.) тиісті нұсқауларда көрсетілген мерзімде кернеу беріліп, тексеріліп тұрады. Сақтықтағы тарату құрылғылары кез-келген уақытта іске қосылуға даяр болуы керек. Жергілікті жағдайға сәйкес ластанудан, шаҢнан уақытылы тазартылып тұрады.

Ажыратқыштарға қызмет көрсету. Майлы ажыратқыштарды желіден айырмай бақылау жергілікті жағдайға байланысты жүргізіледі. Мерзімдік қызмет көрсету алты айдан асып кетпеуі керек. Байқау жүргізгенде: оқшаулағыштардың жағдайы; шиналардың бекітілуі мен түйіспелері; майдың деңгейі; май көрсеткіштерінің жағдайы; майдың аҒатын жерлері тексеріледі. Ажыратқыштардың жұмыс сенімділігі негізінен майдың деңгейіне байланысты. Қоршаған ортаныңтемпературасы –400-тан +400 аралығында майдың деңгейі рұқсат етілетін мөлшерден асып кетпеуі керек. Асып кеткен жағдайда, оныңбетіндегі ауа кеңістігінің көлемі тарылады да, доғаны өшіру кезінде қысым көбейеді. Бұл ажыратқыштың бұзылуына соғтыруы мүмкін. Майдың деңгейінің төмендеуі де ажыратқышты зақымдауы мүмкін. Майдың азаюы, әсіресе, ВМГ-10, ВМП-10 типті аз көлемді ажыратқыштар үшін аса қауіпті. Егер май көп ақса, майды тексеретін әйнектен май деңгейін білу мүмкін болмаса, мұндай ажыратқыштарды жөндеу, майын ауыстыру қажет. Ол Үшін, жүктелу тоғын басқа ажыратқышпен ажырату керек немесе осы ажыратқыштағы тоқты нөлге дейін төмендету керек. Егер бактың температурасы 70 ℃-тан асып кетсе, доға өшіретін түйіспелердің ғызды май деңгейін тексеретін әйнекті қарайтса, майдың деңгейі көтерілсе, Мұндай ажыратқыш жөндеуді талап етеді. Ауаныңтемпературасы -200-тан төмен жерлерде, бактағы майды автоматты қыздыру қарастырылады. Ажыратқыштардың жетегі 3…6 айда бір рет тексеріліп тұруы керек. Егер, автоматты қайта қосқыш (АПВ) болса, ажыратқышты тексеруді соның көмегімен жасау керек. Ажыратқыш жұмыс істемесе, оны жөндеу керек. Ажыратқыштарды сырттай тексергенде оныңжалпы түріне, жағдайына, өшіретін камералардың; оқшаулағыштарының, айырғыштардың, шунттайтын кедергілердің, кернеуді бөлетіндердің, тіреу-бағаналардың, оқшаулайтын кергіштердің, оқшаулағыштардың бүтіндігіне ластануына аса зор мән беру керек.

Тарату қораптарында орналастырылған манометрлердің көмегімен ажыратқыштардың ыдыстарындағы ауаныңқысымын тексереді. АПВ-мен қосыла істейтін ажыратқыштардағы қысым 1,9…2,1 МПа, АПВ-сыз ажыратқыштарда 1,6…2,1 МПа болуы керек. Ажыратқыштардың басқару сұлбасында ауаныңқысымы шамадан тыс төмендеген жағдайда жалған жұмыс істеуден сақтандыру қарастырылған. Сонымен қатар, тексерген кезде, көрсеткіш аспаптардың дұрыс жұмыс істеуін, ажыратқыштың қосылған немесе ажыраан жағдайынан белгі беретін құрылғыныңдұрыс көрсетуін тексеру керек. Ауа ажыратқыштарды эксплуатациялау кезінде айына 1…2 рет ыдыстарға жиналған ылғалды сүртіп тұрады. Жаңбырдан соң жақсылап желдетіледі, ал температура -5 ℃-ден төмендеген кезде, тарату мен басқару жабдықтарын электрмен қыздыру көзделген. Ажыратқыштардың қосылып, ажырау ғалпы жылына екі рет тексерілуі керек.

Зақымданудан сақтандыру мақсатында жылына екі рет (көктемде, күзде) болттары тартылып, тексеріліп тұрады.

Тарату құрылғыларыныңжинағтарын (ТСЖ) эксплуатациялау. Тарату құрылғыларын эксплуатациялаудың, орналастырылған үяларыныңтұрықтық өлшемдерінің кішілігіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар. Сызмет көрсететін мамандарды байқаусызда тоқға түсуден сақтандыру Үшін тарату құрылғыларыныңжиынтықында (ТСЖ) арнайы біріктіру қарастырылҒан. Станционарлық ТСЖ-ларда тордан жасалған есігі жабылады, яғни Бұл есік тек ғана ажырытғышты және айырғышты өшіргенде Ғана ашылады. Жылжымалы ТСЖ-ларда автоматты перде қарастырылҒан. Бұл перде маманды жылжымайтын айырғышға тиіп кетуден сағтандырады. Сонымен қатар, маман қателескен жағдайда сағтандыратын жедел біріктірме қарастырылған. Мысалы жылжымалы ТСЖ-ны қозғалту алдымен ажыратқышты өшіргеннен кейін ғана мүмкін болады.

Бақылау немесе байқау тек әйнек көзі арқылы, тор есіктің сыртынан, т.с.с. тоқға түсу ғаупі жоқ жерлерден жүргізіледі. ТСЖ-ларды ажыратпай байқау, графикке сәйкес жүргізіледі. Байқау арасы бір айдан аспауы керек. Байқау кезінде ТСЖ орналастырылған жайлардың жылытылуы мен шаңдануы; ажыратқыштардың, жетектердің, айырғыштардың, түйіспелердің, біріктіру механизмдерінің жағдайлары; оқшаулағыштардың ластығы мен көрінетін зақымдануы; коммутация тізбектерінің жағдайы; басқару тетіктерінің жағдайлары тексеріледі. Жергілікті жағдай ерекшеліктеріне (байланысты) сәйкес оқшаулағыштар, әсіресе сыртта орналастырылған ТСЖ-лардың оқшаулағыштары шаҢ-тозаңнан мезгілінде тазартылып тұру қажет.

Сыртта орналастырылған ТСЖ-ларды байқағанда, олардың тығыздағыштарының (уплотнитель) жағдайы; жабдықтардың жерлендіру құрылқысымен жалғануыныңсапасы; өртпен күресу, қорғау құрал-саймандарыныңболуы; ТСЖ шкафтарыныңқызуы; ажыратқыштардағы майдың деңгейі мен сапасы, яғни түсі; тоқ жүретін өткізгіштер мен түйіспелердің қызуы; артық шудың болуы; белгі беру жүйесінің жағдайы; шаңдануы мен желдетілуі тексеріледі.

Ажыратқыштарға қызмет көрсету. Үш полюсті ажыратқыштың механикалық берілісін реттеу кезінде пышағтардың бір мезгілде қосылуын тексереді. Жылжымалы пышағтардың жанасу мен ғиысуын реттегенде кергіштің ұзындығын немесе шектеуіш пен тіреуіш тығырықтардың қалыңдығымен, болмаса, цокольдағы оқшаулағышты ағырын жылжытады.

Пышақты толық қосқанда оның ұштығы түйісу ауданыныңтірелетін жеріне 3…5 мм жетпей тұруы керек. Салыпты тоғы 400…600 А ажыратқыштың жылжымайлы түйіскіштің бір пышағын суырып алуҒа, кемінде, 200 Н, ал номинал тоғы 1000…2000 А ажыратқыштар Үшін 400 Н болуы тиіс. Ажыратқыш түйістіргішінің тығыз қосылуыын тұрақты тоқға кедергісінің мәні арқылы бақылайды, олардың мәндері номинал тоғы 600 А РЛНД (35…220 кВ) ажыратқыштар үшін 220 мк Ом, ал ажыратқыштардың басқа түрлері Үшін номинал тоғы 600 А болса, кедергісі 175 мкОм; 1000А-120, 1500…2000А-50мкОм.

Эксплуатация барысында түйістіргіштің бетін графит араласған вазелинмен майлап тұрады. Жетектің Үйкелетін беттеріне ғатпайтын май жаҒады. Ажыратқыштың оқшаулағышыныңкүйін оқшаулағыштың кедергісімен, элементтің әрқайсысына тоқ таратуымен немесе оқшаулағышты өндірістік жиіліктегі жоғарылатылҒан кернеумен сынау қорытындысымен бағалайды. Жетек түйістіргіштері тобы (блок-контакт) сигнал беруге және ажыратқыштың орнығты тұруына арналған, ол ажыратқыштың жұмыс істей бастағанын пышағ жолының75% өткен кезде, ал іске қосылғаны жәйлі белгіні пышағ жылжымайтын түйістіргіштерге жанасған кезде беру керек.

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерге қызмет көрсету. Қысқа тұйықтағыштар – трансформаторларда ақау пайда болған кезде, реле қорғанышын қосуға тоқ жеткіліксіз болып ғалса қысқа тұйықталуды өзі жасайтын аспаптар.

Кернеу 35 кВ-тығ КЗ-35 қысқа тұйықталҒышы екі полюсті ортақ жетекті етіп жасалған. Қысқа тұйықталҒыш реле қорғанышы іске қосылғанда ШПК жетегімен автоматты түрде ғосылады, қолмен ажыратылады. Жүктемесіз күш трансформаторларын, сондай-ақ зақымданған трансформаторларды желіден бөлгіштер арқылы ажыратады. ОД-35 бөлгіштері қосымша айырғыш екі серіппе орнатылған РЛНД-35/600 түріндегі ажыратқыш. Айырғышты автоматты түрде немесе қолмен ажыратады, ал қосу тек қолмен түтға арқылы атқарылады. 35…110 кВ қосылатын, бірінен кейін бірі орналасқан бөлгіштері мен ажыратқыштары бар жерлерде, трансформаторлардың магниттегіш тоқтары мен сыйымдылық тоқтарын ажыратуды бөлгіштермен орындау керек. 35 кВ-тығ бөлгіштермен жермен тұйықталған 5А дейінгі тоқты Ғана ажыратуҒа болады. Орта есеппен 35 кВ …Ж-нің 10 км-іне 0,6 зарядтығ, және жерге тұйықталу тоғы 1А-ден келеді.

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерді кемінде екі жылда бір рет, сондай-ақ, апатты ажыратудан кейін, қарап шығады. Мұнда оқшаулағыштардың, түйістіргіштердің, жалғастыратын өткізгіштердің күйіне баса назар аударады. Түйістіргіштерде күю іздері байғалса тазалайды немесе ауыстырады.

35 және 110 кВ кернеулі қысқа тұйықтағыштардың жылжымалы бөлігінің күш берілгеннен, түйістіргіштердің тұйықталуына дейінгі қозғалу уақыты 0,4 с артпауы тиіс, ал айырғыштікі, күш берілгеннен түйістегіштердің ажырауына дейін, ретінше, 0,5 пен 0,7 с.

Қысқа тұйықтағыштар мен айырғыштарды эксплуатациялау барысында, сенімсіз тораптарға аса назар аудару керек: ашық, немесе ластанудан, немесе мұз қатудан аса сенімді қорғалмаған серіппелерге, түйісу жүйелері мен топсалы қосылыстарға, сондай-ақ, арт жақын ан шығып тұратын қорғалмаған айголектерге.

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерді реттеген (наладка) кезде, ажыратқыштың 500…800 А-ге есептелген тосғауыл релесінің (БРО) жұмысыныңсенімділігіне зер салады. Сондықтан қысқа тұйықталу (СТ) тоғы 500А-ден аз болса, жерлендіруге жуан сымның(шина) орнын өткізгішпен ауыстырып, оны трансформатор тоғы арқылы бірнеше рет өткізіп алады. Олай етпесе БРО релесі якорьді анық тартпайды да, бөлгіш жетегінің тыҒындауыш тетігін, қысқа тұйықталу тоғынан ажыратғанҒа дейін босатып жібереді. Бөлгішті уақытынан бұрын босатып жіберу – олардың білінуінің себептерінің бірі. Бөлгіш аспапты ағымдығ жөндеу, сондай-ақ, олардың жұмысын тексеру (байқау) мерзімінде, қажеттілігіне қарай, кәсіпорынныңбас инженері белгілеген уақытында атқарылады.

Ағымдағы жөндеу жұмысына: сырттай байқау, тазалау, үйкелісетін бөлшектерін майлау, түйеспелердің тұрақты тоқға кедергілерін өлшеу жатады.

Жоспарланбаған жөндеу жұмыстарын, сыртында ақау байғалса, түйіспелер қатты қызатын болса немесе оқшаулағыштардың күйі қанағаттандырғысыз болса жүргізеді. Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерді реттеуге-жетектің қосқан және ажыратған кездегі жұмысын, пышағтардың орналасуын және БРО тосқауыл релісінің жетек серіппесінің бүралуын тексеру жатады.

Тоқ өткізу бөлімі мен түйіспе құралдарыныңкүйін бақылау. Тоқ өткізу бөлімінің, жерелендірудің, түйіспе құралдарыныҢ, Таратқыш құрылғы аспаптарыныңкүйін, сырттай байқау кезінде айғындауҒа болады.

Таратушы жабық құрылғылардың, ажыратпалы-қоспа құралдарыныңқызуын бақылау электртермометрдің немесе термошырағ және термоиндикаторлардың көмегімен жасалады.

Электр термометрдің жұмысы, түрлендіріп бергіш терморезистордың көмегімен температураны анықтауға негізделген.

Түйістірме арқылы жалғасған жерлердің қызу температурасын анықтау, балғу температурасы әртурлі термошырақтар жиынтығының көмегімен атқарылады.

Термошырақтар ретінде ұзақ қыздырғанда өзінің түсін өзгертетін, көп рет қолдануға болатын, қайтарымды кабелді пайдаланады. Термошырақтар ұзақ уақыт –110°С температурада қыздырғанда, бүлінбей өзінің түсін кемінде 100 рет өзгерте алуы тиіс.

Қосалқы тұтыну стансаларына қызмет көрсету. Тұтынушы қосалқы стансалар жұмыстарыныңсенімділігі, көп жағдайда, қолданымдағы басшылықға алатын және нұсқаушы материалдарды Бұлжытпай, эксплуатациялау тәртібінің дұрыс сағталғандыҒыныңайҒаҒы.

ТП-Ға эксплуатациялық-сақтандыру жұмыстарын, эксплуатация кезінде пайда болатын зақымдану мен ақаулардың алдын алу Үшін жүргізеді. Бұл жұмыстардың ауқымына жүйелі түрде қарап шығу, сақтандыру өлшеулері мен тексерулер енеді. ТП-ны жоспарлы түрде қарап шығу күндізгі уақытта, бекітілген кесте бойынша, бірақ, кемінде, алты айда бір рет жасалады. Соректендіретін желілерді апаттық тоқтатғаннан, жабдықтар артық жүктелгеннен, ауа райы аяғасты ғүбылып өзгергеннен және апатты құбылыстардан (қарлы жаңбыр, көктайҒағ, дауыл т.б.) кейін кезексіз бақылау жұмыстарын атқарады. Инженер-техникалық қызметкерлер кемінде бір рет ТП-Ға бақылау байқауын өткізеді. Әдетте Мұны 10 немесе 0,4 кВ электр желілерін бақылаумен бірге және т.б. жүргізеді.

ТП-ның техникалық түзік күйін сақтап, ұзақ мерзімге сенімді және үнемді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, жоспарлы-сақтандыру жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 10/0,4 кВ трансформаторлы қосалқы стансалар (ТП) жабдығына бақылау, жөндеу және сақтандыру жұмыстары, негізінен кешенді түрде, бір мезгілде, кернеуді ағытпай, ал керек жағдайда, жартылай немесе толық ағытып жүргізіледі.

Діңгекті трансформаторлық жерлендіруі бар қосалқы стансаларҒа байқау жұмыстарын жүргізгенде қорғағыштардың, ажыратқыштардың және олардың өткізгіштерінің, оқшаулағыштарының, өткізгіштерінің жерлендіру өткізгішіне (шина) бекітілуін, олардың тереңдігін, түйістіргіштерінде жоғары және төмен кернеулі өткізгіштердің өзара орналасуын, оларды біріктірген жердің бекітілуін, қосалқы стансаныңқұрылысыныңкүйін, ағаш және темір-бетон тіреулерінің күйлерін ескерту плакаттарының болуын, олардың жағдайын, сондай-ақ, құлпылар мен басғыштардың бүтіндігін тексереді. КТП түріндегі қосалқы стансаларды қарағанда қосымша, металл тұрықтардың, қораптардың сыртыныңтазалықын, есіктерінің жабылу тығыздығын, олардың ілгектерінің (бекіткіштерінің) бүтіндігін, тіреу іргетасыныңкүйін тексереді.

ТП мен КТП жабдықтарын қарағанда мыналарға:

 жүктемені ажыратқыштар мен ағытғыштарға, олардың жетегіне – оқшаулағыштармен, оқшаулағыш жетегінде тесілу немесе разрядталу іздерінің болмауына; жылжымайтын түйістіргіштердегі пышағтардың жағдайына; доҒа өшіргіш пышағтар мен ажыратқыштың ғуыстарыныңсыртқы жағдайларына (күйлері); жетек түтғаларыныңдұрыс тұруына; РЛНД ажыратқышыныңпышаҒы мен кіреберіс қысқышыныңарасындағы майысғағ байланыстың тҮзіктігіне көңіл аударылуы тиіс;

  ПК түріндегі балғамалы қорғағыштарда-балқымалы сымдарыныңқорғалатын жабдықтардың өлшемдеріне лайықтылықына, патрондардың бүтіндігіне, патрондардың жылжымайтын түйістіргіштерде дұрыс орналасуы мен бекітілуіне, қорғағыштардың қосылуын көрсеткіштің күйі мен орналасуына;

 өту, тіреу және штырлық оқшаулағыштарда – ойығтардың, жарықтардың және доғаныңтесіп кету іздерінің болмауы;

 РУ 10 кВ шиналық таратғышта – жабдыққа және тарату шиналарына қосылған жерлердің түйістіргіштерінде жергілікті қызу іздерінің болмауына және шинаныңбекітілуіне;

 кабельді құрылыстарда – кабель муфтасы мен ұңғымасының күйіне, май ағпауына, үштарыныңбүтіндігіне, маркерінің болуына, муфта мен ұңғыманыҢ, кабель өтетін, керегеден өтетін өткелдерге;

 төмен кернеулі РУ (0,4 кВ) – таратғыштардың түйіспелерінде, қорғауыштары мен автоматтарында ыстанудың, артық қызу мен балғу іздері, тоқ трансформаторларыныҢ, қорғаныс реленің, РВН-0,5 түріндегі разрядтауыштың, қорғауыштыңбалқымалы тетігінің және олардың тұтынушыныңөлшемдеріне сәйкестігін, фотореленің есептеу және өлшеу аспабыныҢ, қорғаныс әйнегінің, 0,4 кВ Таратқыш шинаныңбүтіндігіне және оныңбекітілуіне назар аударады.

ТП мен КТП жабдықтарының жұмыстарында кезіккен ақаулар келесі жөндеуді немесе күрделі жөндеуді күтуге болмайтын жағдайда болса, ішінара сақтандыру жөндеуін, кейбір элементтері мен бөлшектерін ауыстырып, жүргізеді.

Жерлендіру құрылғыларына қызмет көрсету. Эксплуатациялау барысында жерлендіру құрылыстарына ЖЕЖ үсыныстарына сәйкес қарап шығу, мерзімдік тексеру мен сынақ жұмыстарын жүргізеді.

Сарғынды коррозияға (тоттануға) ұшырайтын жерлендіру бөлімдеріне мерзімдік өлшемді жиі жүргізеді. Жерлендіру құрылғыларыныңкедергілерін кезектен тыс өлшеуді, оларды қайта ғүрҒаннан соң немесе күрделі жөндеуден кейін жүргізеді.

Жерлендіру құрылғыларыныңкедергілерін арнайы МС-08 аспабымен немесе ампер-вольтметр әдісімен өлшейді. МС-08 аспабын қосудың сұлбасы 9.6-суретте көрсетілген, ал жерлендіру кедергісін амперметр-вольтметр әдісімен өлшеу 9.7-суретте көрсетілген.

Сурет-9.6. Жерлендіру құрылғыларыныңкедергісін МС-08 аспабымен өлшеу сұлбасы

Қосалқы жерлемені диаметрі 50 мм және ұзындығы 2,5 м құбырды тексерілетін жерлендіру құрылғысынан бірнеше ондаҒан метр қашықтықта ғаҒу арқылы орындайды. Зондты тексерілетін жерлендіру мен қосалқы жерлендіру тоқтарыныңтаралу әсері жетпейтін жерден ғаҒады.

МС-08 аспабымен өлшегенде қосалқы жерлендірудің кедергісі бірінші өлшеу шегі Үшін (0 ден 100 Ом-Ға дейін) 250 Ом-нан, 500 Ом-нан екінші шегі Үшін (0 ден 100) және Үшінші шегі (0 дан 1000 Ом) 1000 Ом-нан аспауы тиіс. Зондтың кедергісі барлық өлшемде де 1000 Ом-нан артпауы тиіс. Топырақтың меншікті кедергісі:

ρ=R1/0.03 Ом∙см,

мұндағы, R1-бір құбырдың кедергісі.

Сурет-9.7. Жерлендіру құрылғысын кедергісін

 амперметр-вольтметр әдісімен өлшеу сұлбасы

Амперметр-вольтметр әдісімен өлшеу дәлдігін арттыру Үшін Үлкен тоқ (≥10А) және вольтметрдің ішкі кедергісі Үлкен болуы дұрыс. Жерлендіру кедергісінің таралмасы

RX=∆U/ІЗ

Мұндағы ∆U – тексерілетін жерлендіру мен зонд арасындағы кернеудің түсуі, В; ІЗ – тексерілетін жерлендіру арқылы өтетін тоқ, А. Жерлендірілетін желінің түтастыҒы мен қосылған жерде түйіспенің барын төмендетілген кернеуде (12В) амперметрдің көмегімен өлшейді. АТЖ-де түйіспені бақылау бір рет пайдаланылатын термокөрсеткіштің көмегімен және қарау арқылы орындайды. АТЖ-нің жиынтық шина түйіспелерінің эксплуатациялау барысындағы күйін, өтпелі кедергіні өлшеу әдісімен ауық-ауық тексеріп тұрады. Шина аймақындағы түйістірмелі қосылған жердің кедергісінің шамасы шинаныңбарлық кедергісінің шамасынан 1,2 еседен артпауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *