Трансформатордың май талшықты оқшаулағыштарыныңдиэлектриктік қасиеттері, негізінен, ылқалдықына, температурасы мен электр өрісінің әсеріне тәуелді. Электр өрісі белгілі жағдайларда оқшаулағыштардың өзі кебуін туғызуы мүмкін, оны алғаш байқаған В.В. Пучковский.
Трансформатордың оқшаулағышы мен ортаныңарасында, әрқашанда жылу мен ылғал алмасуы болып тұрады. Жүктелім мен температура жоғарылаған кездерде, қоршаған ортаныңауасыныңылқалдықы жоғары болғанныңөзінде ылғал трансформатордан ортақа өтеді де трансформатор ғүрҚайды. Жүктеме азайҒанда кері әрекет жҮреді де трансформатор дымқылданады. Қоршаған ортадан ылғалды май арқылы трансформатордың қатты оқшаулағышы адсорбцияланады. Трансформатордың ылғалдануы мен құрғауы оныңдиэлектриктік сипаттамасының өзгеруіне әкеледі (оқшаулағыштың кедергісі, шығын бұрышы және т.б.). Трансформатор оқшаулағышының кедергісін нормаламайды, оның мәндерін жасаушы-зауыт трансформатордың төлқұжатында көрсетеді.
Эксплуатациялау барысында кедергінің 30%-Ға дейін төмендеуіне болады, одан ары төмендей берсе, трансформаторды ағытып, кептіреді. Сондай-ақ, трансформатордың tgδ-сыныңжоғарылауын 1,5 есеге дейін жіберуге болады, одан ары жоғарыласа трансформаторды кептіреді.
Трансформаторлардың өлшенген диэлектриктік сипаттамасын, трансформатордың қыздыру температурасы қатаң сағталган, қоршаған ортаныңылғалдылықы төмен кездегімен салыстыру керек.
Трансформаторды сипаттау Үшін, оныңR60 пен tgδ-нің сипаттамаларын білу жеткіліксіз. Ол Үшін, майға физика-химиялық және электрлік сынақ жүргізеді, желіден ағытылып тасталған трансформатордың сипаттамасын: R60, R60/R15, tgδ, C2/C50, C70/C20 және т.б. анықтайды. Сажет жағдайда трансформаторды ашады, басты және орамдығ оқшаулағыштардан Үлгі алып зерттейді.
Тексеру қорытындысы бойынша, жылына әр 100 трансформатордың орта есеппен 7,6-сы істен шығады. Сынау мерзімділігі мен көлемін трансформатордың ылғалдануы бойынша белгілейді, бірақ ол трансформатордың күйін бағалауға негіз бола алмайды, себебі, оныңішінде Үнемі масса ауысуы болып жатады. Майдың тотыҒуынан тҮзілген заттар қатты оқшаулағыштарҒа өтеді, ал оны ауыстырған соң, тотығу заттары майға қайта оралады.
Зерттеу кезінде Л.М. Рыбаков, трансформатордың сипатына әсер ететін маңызды факторларды анықтады. Ол қатты оқшаулағыштар үшін мынадай өлшемдерге талдау жасады: полимерлену дәрежесі мен механикалық беріктігі, ылғалдың мөлшері, электрлік беріктік, tgδ, көлемдік меншікті кедергі және эксплуатациялау мерзімі; май үшін: суға еритін қышқылдардың болуы, қышқыл саны, ылғалдың болуы, түтғырлықы, көлемдік меншікті кедергі, 20 және 700С кезіндегі tg δ, эксплуатациялау мерзімі.
Зерттеуді талдау майдың tg δ мен қатты оқшаулағыштың ескіруінің, майдың tg δ мен суда еритін қышқылдың, майдың tg δ мен ондағы ылғалдың арасындағы өзара байланыстарды көрсетті. Сонымен tg δ-ға ылғалдың, суда еритін қышқылдың саныныңжәне қатты оқшаулағыштың тозу өнімдерінің әсері бар екен.
Трансформаторға жаңадан ғүйылҒан майдың tgδ бастапқы мәні өте аз, ал эксплуатациялау барысында жоғарыда Аталған факторлардың әсерінен tgδ-ныңмәні tgδ -дың мәніне дейін өседі, tgδ /tgδ0=Кδ қатынастарын білу арқылы трансформатор жүйесі оқшаулағыштарыныңкүйін бағалауҒа болады.
«Қағаз-май» оқшаулағыш жүйесін, тозуы бойынша, осы заманғы зерттеу әдістерімен жүргізілген тәжірибе, целюлоза негізінде жасалған қағаздың құрамының бұзылуына қарай, майға тотықтану заттары түседі, ол tgδ-ға әсер етеді. Сонымен, майдың tg -сы – майдың ғана емес, целюлоза негізді қатты оқшаулағыштардың да тозуының негізгі көрсеткіші.
Л.М. Рыбаков өз зерттеулері арқылы, майдағы суға еритін қышқылдың санын, майдың күйін бағалайтын, жарамсыздығын көрсететін, бірден-бір, негізгі көрсеткіш ретінде пайдалануға болатынын дәлелдеді. 9.3-суретте қатты оқшаулағыш Үлгісінің полимерлену дәрежесі мен майдың tgδ ескіру ұзақтығына байланысты өзгеруі көрсетілген.
Сурет-9.3. Қатты оқшаулағыштың полярлану дәрежесінің және ескіру ұзақтығынан майдың tgδ-ның өзгеруі:
1, 2, 3 – ретінше электрокартон, кабел қағазы және орамдық оқшаулағыш үлгілерінің полярлану дәрежелері; 4 – майдың tgδ-сы; 5 – трансформатордың, қатты оқшаулағышы араласпаған, ескірген майының tgδ-сы
Кδ-ның мәні мен майдағы суда еритін қышқылдың саны трансформатор күйінің белгісі бола алатыны дәлелденген. Кδ=12…14 болса дымданҒанын, Кδ=16…18 болса майдың тотығғанын; Кδ=22…26 болса трансформатордың оқшаулағыш жүйесінің ескіргенін және оны жөндеуге беру керектігі анықталған. Оқшаулағыш жүйесі жақсы кезде Кδ=3…4.