Жалпы алғанда, жобалардың электртехникалықбөлімін дайындағанда мынадай шешімдер қабылданылады:
1) Электр эенргиясын тұтынушылардың сипаттамаларын және олардың келешектегі дамуын ескере отырып электрмен камтамасыз ету, электр жүктемелерін анықтау, қоректендіру көздерінің қуатын анықтау және осы көздерді негіздеу, желілердің және трансформаторлық қосалқы станциялардың кернеулерін таңдау, сыртқы электрмен қамтамасыз ету ауа және кабель желілерін жобалау;
2) Күштік электр жабдықтарын, электр жетектерін, электр қыздыру, электр технологиясы құралдарын, электр жабдықтарды қорғау құралдарын таңдау және ішкі күштік желілерді жобалау;
3) Электрлік жарықтандыру мен сәулелендіруді есептеу, жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын таңдау, жылыту және микроклимат қалыптастыру құралдарын таңдау;
4) Өндірістік процестерді, объектіні басқаруды автоматтандыру, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру ТПБАЖ (АСУТП);
5) Энергия үнемдейтін технологияларды қолдану,найзағайдан қорғау, адамдармен жануарларды электр тоғымен зақымданудан қорғау және қоршаған ортаны қоғау бойынша шараларды дайындау;
6) Берілген объектінің құрылысы мен қызмет етуінің технико-экономикалық көрсеткіштерін дайындау, негізгі технологиялық процесстер бойынша эл. энергиясын тұтынудың меншікті нормаларын анықтау, сондай-ақ керекті қызметкерлер санын, есептеп негіздеп отырып электр қондырғыларын эксплуатациялау бойнша шараларды дайындау.
Текстік материалдарының құрамы
Электротехникалық бөлімінің жобалық материалдарының мазмұны төмендегідей үлгіде құрастыруға болады:
1)түсіндірме жазу;
2)электр қабылдағыштардың кестесі;
3)жабдықтар мен материалдардың сан-сипаттық тізімі;
4)жинақты смета;
5) сызбалар.
Графикалық материал
Сызбалардың құрамында мыналар болуы керек:
1)қосалқы станция, электрлік үй-жайлар және электрмен қоректендіру пунктері, материалдар, тролейлер, ток өткізгіштер орналастырылып көрсетілген объектінің планы;
2)қоректендіру желісінің негіздік сұлбасы;
3)электрлік үй-жайларды үйлестіруге және каналдар, жырақтар, блоктар салуға құрылыстық тапсырмалар.