23-бап. Терроризмге қарсы күрес жөнiндегi iс-әрекеттi
бақылау
Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы күрес жөнiндегi iс-әрекетке бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн терроризмге қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
24-бап. Терроризмге қарсы күрестегі заңдылықты жоғары
дәрежеде қадағалау
Терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті