Террористік акция салдарынан зардап шеккен адамдардың залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту

  16-бап. Террористік акция салдарынан келтiрiлген

              залалды өтеу

      Террористік акция салдарынан келтiрiлген залалды өтеу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен, кейiн сол соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеткiзу арқылы жүргiзiледi.

      17-бап. Террористік акциядан зардап шеккен адамдарды

              әлеуметтiк оңалту

      Террористік акциядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi, психологиялық және медициналық оңалтуды қамтиды.

      18-бап. Терроризмге қарсы күреске қатысушы адамдарды

              қорғау

      Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте көмек көрсететiн адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, олардың өтiнiштерi бойынша келбетiн, тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн осы органдарды ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен өзгертудi жүзеге асыруға болады.

      19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан

              босату

      Терроризмге қарсы операция жүргізу кезiнде осы Заңда белгiленген негiзде және шектерде террористің денсаулығы мен мүлкiне, сондай-ақ өзге де құқықпен қорғалатын мүдделерiне лажсыз зиян келтiруге жол берiледi. Бұл орайда терроризмге қарсы күреске қатысушы әскери қызметшiлер, мамандар және басқа адамдар терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде келтiрiлген зиян үшiн немесе террористі жою туралы шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықтан босатылады

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *