28-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi

      1. Құтқарушыларды сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан шарттар негiзiнде келiп түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.

      3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде өлген жағдайда асырауындағы адамдарға оның соңғы атқарған қызметi бойынша бiр жылдық жалақысының кемiнде он есе мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.

      4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде алынған зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат салдарынан мүгедектiк белгiлеу кезiнде оған:

      I және II топтардағы мүгедекке — бiр жылдық жалақысының бес еселенген мөлшерiнде;

      III топтағы мүгедекке — бiр жылдық жалақысының екi еселенген мөлшерінде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.

      5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтқан ауыр зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат алған жағдайда оған бiр жылдық жалақысынан кем емес мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.

      6. Егер құтқарушының қаза табуы (өлуi), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), сырқаттануы қызметтiк мiндетiн атқарумен байланысты емес мән-жайларға қатысты болғандығы белгiленген тәртiпте дәлелденсе, осы Заңның 3, 4, 5-тармақтарында белгiленген бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi.

      7. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленетiн мөлшерде жәрдемақы берiледi.

      8. Осы баптың 3, 4, 5, 7-тармақтары бойынша жәрдемақы авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебiнен төленiп, осы ұйымдардың шығындары залал келтiрушiнiң есебiнен кейiннен толық көлемiнде өтеледi.

      9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *