1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiмен, кезекшiлiк кестелерiмен, сабақтар немесе арнайы дайындық жөнiндегi өзге де шаралар кестелерiмен белгiленедi.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс режимi жұмыс күнi мен жұмыс жылы iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес медициналық талаптар және санитариялық-гигиеналық нормалар ескерiле отырып белгiленедi.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының құтқару жұмыстарын және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру кезеңiнде күту және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға аттануға ұдайы дайын болу режимiнде кезекшiлiк өтеу уақыты кезекшiлiктiң әр сағаты үшiн сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептелiнедi.
4. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс режимi мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайлардың сипатын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерiн және медициналық ұсыныстарды ескере отырып төтенше жағдайларды жою басшылары белгiлейдi.
5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметiмен құрамаларының құтқарушыларына ұзақтығы 30 күнтiзбе күндiк ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл стаж үшін ақысы төленетін қосымша, ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын демалыс беріледі.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.