2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары 7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру

      1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:

      тұрақты штат негiзiнде — кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер;

      ерiктiлiк негiзiнде — ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады.

       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша — республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар) және аумақтық;

      ұйымдар басшылығының тарапынан — объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады.

      3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады.

      4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.

      Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.06.15 № 563, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *