Төмен кернеудегі кабельдер мен өткізгіштер

1000 В кернеуге бағытталған кабельдер мен сымдар электр энергиясын төмен вольтты тізбекте тарату мен төмен вольтты схемалардың радиотехникалық аппаратурасының монтажы үшін арналған, төмен кернеудегі кабельдер мен сымдар кабельді бұйымдар тобының ең тараған түрі болып табылады.

Қоңдырғылар мен аппараттардың топтық күш беретін азығын сымдардан тұратын ширақ көмегімен, немесе оны кап желілі бақылау кабелінің көмегімен де жүзеге асыруға болады. Соңғы тәсіл монтажды жұмыстарды жеңілдетіп әр түрлі монтажды материалдардың шығынын азайтады. Әдетте, бақылау кабельдері стационарлы түрде өткізу үшін арналған, сондықтан олар үшін токөткізгіштік желілер бірсымды болғаны дұрыс. Бұл желілердің қималар дипазоны 0,75 –тен 10мм2 дейін.

Металды қабықты және қағазбен сіңдірілген изоляциясы бар кабельдер желінің материалы ретінде мыс қолданылады. Пластмассалы қабығы және изоляциясы бар кабельдерде мыс және алюминь желілері қолданылады. Қазіргі уақытта бақылау кабельдері изоляцияланған желілердің саны 4 тен 37 дейін шығарылады. Мұндай кабельдердің өзектері дөңгелек пішінде болады, ал изоляцияланған желілерді қалыпты дұрыс орау жүйесімен цетрлес ораулармен бұрайды. Бұралған желілер сыртынан әдетте ленталар неесе қабаттан тұратын спиральді орама қабаты қолданылады. Әр түрлі электр апаратурасының блокішілік және блокаралық монтажы бөлек монтажды сымдар көлемімен жүзеге асады.

Монтажды кабельдердің басқару кабельдерінен айырмашылығы келесіде:

Монтажды кабельдерді қысқа қиынды ретінде қолданады, ал басқару кабельдері жеткілікті түрде үлкен ұзындықта болуы мүмкін;

Монтажды кабельдердің эксплуатациясы мен монтаж шарттары, басқару кабельдеріне қарағанда жұмсағырақ.

Монтажды кабельдер мен сымдардың токөткізгіштік желілерін қалайы мен күмістен қорғалған мыс сымдарымен жасайды, ал басқару кабельдерін қорғалмаған мыс сымдарымен бұрайдыү. Басқару кабельдері монтажды кабельдердің өзектері дөңгелек, ретінде оларда резина, ПВХ пластикат немесе полиэтилен қолданылады.

Қазіргі уақытта көптеген басқару кабельдерімен монтажды кабельдердің дөңгелек қимасы да болады, және олар біркелкі (бір қимадағы экрандалған изоляцияланған желілерден), әркелкі (әртүрлі қимадағы изоляциялған желімдерден), аралас болады. Сонымен қатар оларда жалпы экран болады немесе болмайды. Төмен кернеудегі кабельдер мен сымдар маркілеудің үлгілері:

КВВГ – мыс желілері;

ПВХ – изоляциясы және ПВХ қабығы бар бақылау кабелі. Ғимараттарда, мекемелерде, блоктарда өткізу үшін арналған, яғни механикалық әсерлерге есептелінген.

3.4 Байланыс кабельдері. Байланыс кабельдерінің классификациясы

Тағайындау түріне байланысты ұзақ байланыс, қалалық телефон, аймақтық және ауылдық байланыс кабельдеріне бөледі.

Қолдану аймақтарына байланысты кабельдерді жер асты және су астына өткізу, телефон канализациясына өткізу және мекемелер ішіне өткізу кабельдері болып ажыратылады.

Беріліс жиіліктерінің диапозонына байланысты кабельдерді жоғары және төмен жиілікті түрге ажыратады. Төмен жиіліктерге жергілікті байланыс кабельдері (қалалық, қала сырты, ауданішілік, қызметтік және т.б) жатады. Жоғары жиіліктерге алыс және аймақтық байланыс кабельдері жатады. Беріліс ортасының материалына байланысты мысты өткізгіштер және оптикалық кабельдері болып ажыратылады.

Өткізгіштер тізбегінің орналасуына байланысты мыста өткізгіштер кабельдер симметриялық коаксиалды болып бөлінеді.

Ылғалды қорғау қабығының материалына байланысты кабельдерді металды (қорғасынды, алюминьді, болатты гофрирленген) пластмассалы (полиэтиленді және ПВХ пластикатына) және аралас (металло-пластмассалық) қабық түрлеріне ажыратылады.

Кабельді жерге немесе суға өткізу кезінде механикалық әсерлерден қорғайтын қорғаныс бронь мынадай типтерге ажыратылады: болатты ленталы, дөңгелек сымды және тегіс бронь кабельдері болып.

Конструкциялар ерекшеліктер және қалалық телефон кабельдерін қолдану. Қалалық телефон кабельдер (ҚТК)

Қалалық телефон кабельдері қалалық телефон торабының желісі ретінде қолданылады. ҚТК арқылы автоматтық телефон станциялары (АТС) абоненттерімен және өзара бір-бірімен қосылады. ҚТК әдетте төмен жиілікті болады, яғни әр абонентке бөлек екі сымды тізбек қамтамасыз етілу қажет және мұндай кабельдерде жұптар саны оннан бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін.

ҚТК негізінен кабельді канализацияда салынады және ылғалдан қорғау қабығының сыртынан қорғау жабыны болмайды. Конструктивті ерекшеліктердің қатары озақ байланыс кабельдерінен ерекшелейді. Бұл біріншіден ток өткізгіш желілердің аз диаметрлі (0,32…0,5 мм) болуы, бұл абонентті желілердің үлкен емес ұзындықта болуымен және бір кабельге тізбектер санын көбірек қамтыумен түсіндіріледі, екіншіден физикалық тізбектер санының көп болуы, ал үшіншіден, кабельдердегі тізбектер санының еселілігі 10 немесе 100, бұл ұлестіруші құрылғылардың стандартты сыйымдылығымен түсіндіріледі.

ҚТК изоляциясы ауалық-қағазды және түгел полиэтиленді болуы мүмкін. Дегенмен, полиэтиленді изоляция үшін пластмассалы ылғалдан қорғау қабығын, ал ауалық-қағазды изоляция үшін металды қабықты қолданудың қажет етеді.

ҚТК маркілеу негізін «Т» әрпі құрайды. Ауалық-қағазды изоляция және қорғасынды қабық үшін маркілеуде арнайы әріп қолданылмайды, яғни қорғаныс жабыны жоқ мұндай кабельдер «ТГ» әрпімен белгіленеді. Полиэтиленді изоляция мен қабық «П» әрпімен белгіленеді. Ленталы болатты бронь үшін ҚТК әріптерінің соңында «Б» әрпі пайда болады, ал дөңгелек болатты сымдардың орамасынан тұратын күштірек бронь үшін әріптерден басқа тізбектердің санын, изоляцияланған желілердің (жұбымен немесе төртеуден) бұрау жүйесін, сонымен қатар ток өткізгіш желілердің диаметрін белгілейтін сандар қатары көрсетіледі. Мысалыға. ТГ 600х2х0,5; ТБ300х2х0,5; ТПП 30х4х0,4 және т.б 2 түрінің ҚТК конструкциясы 2.6 сурет көрсетілген.

Сурет 3.6. ТПП типті изолирленген желілер жұбының шоғырлы бұрамасы мен полиэтиленді изоляциясынан тұратын қалалық телефон кабелі.

1-желілердің бұралған жұптары; 2-желілердің шоғыр жұптары; 3-бекіткіш ленталар; 4-алюминьді экран; 5-полиэтиленді ылғалдан қорғау қабығы.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *