Сұрақтар
1) Еңбекті қорғау пәні, мақсаты.
2) Еңбекті қорғаудың даму тарихы.
3) Еңбекті қорғау саласындағы негізгі ережелер.
1. «Еңбек қорғау» пәні қолданбалы техникалық ғылым болып табылады, ол өндірістік қауіптіліктер мен кәсіптік зияндылықтарды айқындайды және зерделейді, өндірістік жарақаттанушылықты және жұмыскерлердің кәсіптік ауыруын, апаттар мен өрттерді жою мақсатымен оларды болдырмау немесе әлсірету әдістерін әзірлейді; әлеметтік-экономикалық, табиғи-ғылыми және жалпы кәсіптік пәндерді зерделеу кезінде алған білімдеріне негізделеді.
«Еңбек қорғау» пәнінде мекендеу ортасының казіргі жағдайы және жағымсыз факторлары; физиология негіздері және қызметтің ұтымды жағдайлары; адамға жарақаттандырушы, зиянды және зақымдандырушы факторлардың әсер етуінің анатомия-физиологиялық зардаптары, оларды сәйкестендіру принциптері; қауіпсіздікті, экологиялықты және тұрақтылықты арттыру құралдары мен әдістері; экобиоқорғаныс техникасын жобалау және қолдану негіздері; тұрақтылықты зерттеу әдістері қарастырылады. Оны зерттеудің басты объектілері еңбек процесіндегі адам, өндірістік орта және жағдай, адамның өнеркәсіптік жабдықтармен, технологиялық процестермен өзара байланысы, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру болып табылады.
Пәнді оқытуда өндірістік санитарияны, жайларды желдету, жарықтандыру, жұмыстың қалыпты тұрмыстық жағдайларын инженерлік есептеулерді қоса оқытуға едәуір оын бөлінеді. Қазіргі үйлер, ғимараттар мен өндірістер үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін білу авариясыз жұмыстың қажетті шарты болып табылады. Бұл электр және энергия қауіпсіздігіне, электр қондырғыларына, газ-балонды құрылғыларға қызмет көрсетушілерге, т.б. тікелей қатысты. Өрт қауіпсіздігі негіздерін ашып көрсете отырып, пән білім алушыларды әртүрлі өндірістерде қолданылатын барлық жарылысқа қауіпті газ-ауа және басқа қоспалармен таныстырады. Өрт сөндіруге арналған заттарды, оның алдын алу мен сөндіру техникасын қолдану бойынша ұсыныстар береді.Зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі көмек қөрсетуді ұйымдастыру жөніндегі тарау да маңызды болып табылады.
«Еңбекті қорғау» пәнінің мақсаты қауіпсіздіктің, оның максимум өнімділігі кезінде еңбек жағдайлары зиянсыздығының теориялық және практикалық негіздерін білетін жас мамандарды даярлау, мамандарда адамның қауіпсіздігі мен қорғалғандығына қойылатын талаптармен тиімді кәсіптік қызметтің, оның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін, экстремальды жағдайларда әрекеттерге әзірлігін сақтаудың үздіксіз бірлігі туралы ұғымды қалыптастыру.
«Еңбекті қорғау» пәнінің міндеттері адамдардың зақымдану немесе ауыру және олардың жұмысқа қабілеттілігін сақтау ықтималдығын минимумға келтіруден тұрады.
Бітіруші:
• тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша талаптардың бұзылуын себептейтін, табиғи және техногенді процестер, адамдардың көп функциялы қызметі, қауіпсіздік проблемаларын шешу үшін қажетті, танудың озық ғылыми әдістерінің мүмкіндіктері, адам мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейтін, этикалық, құқықтық нормалары қауіпсіздік проблемаларын шешу кезінде өз мамандығының әлеуметтік маңыздылығы туралы түсінігі болуы керек;
• Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі облысындағы нормативтік актілерді, өндірісте еңбек қорғауды басқару жүйесін, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздіктің және қорғаудың әлеуметтік экономикалық және экологиялық мәселелерін білу керек;
• табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және өндірістік жарақаттанушылықты ескерту бойынша нақты инженерлік міндеттерді шеше білу, қауіпті және зиянды факторлардың қорғау тәсілдері мен құралдарын қолдануды иелену;
• пәнді зерделеу кезінде студенттер иеленетін негізгі дағдылар: оқу және арнайы әдебиетпен жұмыс істеу, еңбек қорғау бойынша есептердің қойылымы және шешу, қорғаудың жеке құралдарын қолдануды меңгере білу; өндірісте мүмкін болатын қауіптіліктер мен зияндылықтарды алдын ала көре білу және дер кезінде ескерте білу;
• қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қорғау облысындағы білімді тиімді пайдалану, әлеуметтік – гуманитарлық, табиғи, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында бағдарлау дағдыларын иелену керек;
• заңды және нормативтік құқықтық база, техникалық және жобалық құжаттаманы, эксперимент, зерттеу жұмыстарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға қатысты барлық аспектілерде бақылауды, әзірлеу мен құрастыруды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде құзыретті болу керек.
2.Адамзаттың даму тарихы ежелден тіршілік жағдайына, адамның денсаулығын сақтауға үлкен көніл бөліп келеді (кейбір этаптары)
(1493-1541 ж.ж.) –атақты дәрігері Парацельс қайта өрлеу заманының кен жұмыстарына байланысты қауіптіліктерді зерттеді. Оның мынандай ұлағатты сөзі бар «Барлық нәрсе у, барлық нәрсе ем. Бір доза нәрсені у қылады, келесі бір доза ем қылады.»
(1494-1555ж.ж.)-неміс дәрігері металлург Агрикола «Тау жұмыстары туралы» мәселелерді қорғады.
(1633-1714 ж.ж.)- Италия дәрігері Рамацини «Қол өнершілердің аурулары туралы» еңбегінде кәсіби гигиена негіздерін қарастырды.
(1711-1765 ж.ж.)- М.В. Ломоносов «Металлургия немесе кен жұмыстарының алғашқы негіздері» деген еңбегінде грунтты бекіту, баспаларымен қозғалыс кезіндегі қаупсіздік шараларын ұсынады, және жұмыс киімдерінің конструкциясына ұсыныстар жасады. Шахталарды табиғи желдету теориясын жазған Ломоносов.
1885 ж. им. Сеченов жұмыс ұзақтығын тағайындайтын критерийді белгіледі.
(1861-1953 ж.ж.)- академик Зелинский газқағарды (противогазды) ойлап шығарды.
(1874-1960 ж.ж.)- академик Скочинский зиянды газдармен бұлардың ауадағы жиынтығын анықтауға арналған приборды ойлап шығарды.
1903 ж.-жазатайым оқиғаларға ұшыраған адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заң қабылданды. 1904 ж.Петербургтың технологиялық институтында алғашқы рет, 1906 ж. Петербургтың политехникалық институтында еңбек қауіпсіздігі курсы оқытыла бастады.
1917ж. 11 қарашасында 8 сағаттық жұмыс күні, әйелдердің және жакстардың еңбегін шектеу туралы бітім қабылданды. 1918 ж. 18 сәуірінде мемлекеттік қорғаныс құрылды. 1918 ж. желтоқсанында алғашқы еңбек туралы заң қабылданды.
Казақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-ІІІ Заңы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ» «Егемен Қазақстан» газетінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 132-135 (24710) жарияланды.
3. 1) Еңбекті қорғау — құқықтық, әлеуметтік — экономикалық, ұйымдастыру — техникалық, санитарлық — эпидемиологиялық, емдеу — профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
2) Ауыр жұмыстар — қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 кал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;
3) Ауысымдық жұмыс — тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
4) Бос тұрып қалу — экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
5) Еңбек — адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі
6) Еңбекке ақы төлеу — осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
7) Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
8) Еңбек жағдайлары — еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді(лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болған қызметкердің міндеттерін атқару;
9) Еңбек қауіпсіздігі — еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндрістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
10) Жұмыс орны — қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орын;
11) Зиянды(ерекше зиянды) еңбек жағдайлары — белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
12) Қауіпті еңбек жағдайлары — еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе(жоюға болмайтын) табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлануына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;
13) Өндірістегі жазатайым оқиға — өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлануы немесе улану салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша айрылуына, кәсіптік шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі;
14) Өндірістік жарақат — қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігінің жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;
15) Өндірістік қажеттілік — апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуы немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да ерекше жағдайларда, сондай- ақ жоқ қызметкерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;
16) Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
17) Тәртіптік жаза — тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
18) Тәртіптік теріс қылық — қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындауымен немесе тиісінше орындамауы;
19) Тынығу уақыты — қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
20) Ұжымдық шарт — ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.