Модуль 1. Еңбекті қорғаудың негіздері және өндірістік санитария Дәріс 4. Тақырып 4: «Қауіпті және зиянды факторлардан қорғау құралдары»

Сұрақтар

1) Өндірістегі А-М-Ө орта жүйесі.

2) Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жіктеу.

3) Ауырлығына, қарқындылығы байланысты жұмыс түрлері.

4) Жарақат және кәсіби ауру себептері.

5) Жарақат және кәсіби ауру зардаптары.

6) Жарақаттануды талдау.

1. Өндірістегі еңбек процессі А-М-Ө орта жүйесімен жүзеге асырылады, яғни белгілі бір орта жағдайында еңбек құралымен (машинамен) жұмыс жасайтын адам арқылы. А-М-Ө орта жүйесіне байланысты негізгі түсініктер және аңықтамалар 26387-84 мемлекет стандартында келтірілген.

Машина деп еңбек ету процессі кезінде адаммен қолданылатын техникалық құралдар жиының айтады.

Оператор деп еңбек ету процесін жүзеге асыратын адамды айтады.(негізін басқару органдары арқылы еңбек құралымен әрекеттесуін құрайды).

Зақымдану мүмкіншіліктерінін, кәсіби сыртты жоюда және де оператордың еңбек қабілетін арттыруда қаралып отырған жүйе сенімді болу керек. Жалпы жүйенің сенімділігі әрбір компоненттің сенімділігімен аңықталады. Бұл жерде басты рольді жүйенің тиімділігіне әсер ететін адам оператор қасиеттерінің жиыны атқарады.

Оператордың сенімділігі оператордың белгілі уақыт аралығында, берілген жағдайда жұмысын тоқтаусыз орындау қабілетін сипаттайтын қасиеті. Оператордың сенімділігі машинаның технологиясына, адамның психологиялық мүмкіншіліктеріне, лайықтылығына байланысты.

Оператордың жұмыс қабілеттілігі оның психофизиологиялық іс әрекеттерімен аңықталатын және белгілі бір жұмысты керекті сапамен, керекті уақыт аралығында орнату қабілетін сипаттау төмендеуі.

Оператордың ақауы оператордың берілген тапсырманы орындай алмауы немесе еңбек сапасының қажетті деңгейден төмендеуі.

Оператордың қызу жұмыс істеуі – оның жұмыс орындағанда шығындалатын физиологиялық, психикалық, процестерінің қарқындылығымен анықталады.

Оператордың қызу жұмыс істеуі орындалатын жұмыс сапасына, оператордың қатесіне (ақауына), оның сенімділігімен жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді.

Зақымдану салдарын жою мақсатымен А-М-Ө орта жүйесін әр түрлі көрсеткіштері бойынша жақсартады.

Жүйену құраушылардың өзара әсер эргономикамен аңықталады.

Эргономика дегеніміз үйлесімді жұмыс жағдайын жасау мақсатымен еңбек процесі кезіндегі адамның қызмет мүмкіншіліктерін зерттейтін ғылым. Жүйені құраушылардың өзара әсерінің үйлесімдегі, яғни оларды адам операторға зиянды әсерінің болмауы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 Эргономикалық талаптар әр түрлі көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіштер жиыны жүйелік эргономикалық деңгейін көрсетеді.

  Көрсеткіштер түрлері — гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық, психологиялық.

  Гигиеналық көсеткіштер тобына жарықтың, ылғалдылықтың, қысымның, температураның, ауа тазалығының, дірілдің, шудың деңгейлері кіреді.

2. 12.00.03.-86.- мемлекеттік стандарты барлық зиянды өндірістік факторларды, олардың әсер ету табиғатына қарай төрт түрге бөледі: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық.

Физиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға:

қозғалыстағы машиналар және механизмдер, өндірістік жабдықтардың қозғалысты бөлшіктері; нормадан жоғары немесе төмен температура; жұмыс аймағындағы ауаның ылғалдылығы; қозғалыс жылдамдығы, иондауы жұмыс орындағы шүдың, дірілдің, ультра, инфра, дыбыс тербелістерінің статистикалық электрленудің, ультракүлгін және инфрақызыл радиацианың жоғары деңгейі, жарықтың нормадан артық деңгейі және жарық ағының пульсациясы: жұмыс аймағындағы ауаның шандылығы, газдылығы, жұмыс аймағындағы жарықтың жеткіліксіз болуы немесе болмауы; жоғары барометрлік қысым және оның кенет өзгеруі; электр тізбегіндегі жоғары кернеу.

Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға адам организміне әсер ету сипатына қарай: улағыш, тітіркендіргіш, мутагендік, канцерогендік; организмге өту жолына қарай: тыныс алу органдары арқылы; ішек-қарын жолдары арқылы, тері арқылы болып бөлінеді.

Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға: микроорганизмдер (бактериолар, вирустар) және олардың тіршілік әрекеті, өнімдері жатады.

Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер ету сипатына қарай: физикалық ауырлықтар (статистикалық, динамикалық, гиподинамикалық) және психикалық ауырлықтар (ой аырлығы, жұмыстың бір қалыптылығы)

3. Ауырлығына, қарқындылығы байланысты жұмыс түрлері

Жұмыс категориялары Жұмыс сипаты Энергия шығыны ДЖС

Жеңіл 1 а Отырып орындалатын, физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін жұмыстар. 139-ға дейін

Жеңіл 1 б Отырып, түрегеліп тұрып, қозғалыста, жүріп орындалатын, аздаған физикалық күш жұмсауды қажет ететін жұмыстар. 140-174

Орташа ауырлықтағы 2 а Қозғалыста жүріп орындалатын, отырып, түрегеліп түрып жеңіл (1кг) заттарды қозғауды, белгілі физикалық күш жұмсауды қажет ететін жұмыстар. 175-232

Орташа ауырлықтағы 2 б Түрегеліп түрып, қозғалыста жүріп жасалатын, 10кг-ға дейінгі ауырлықты тасымалдауды, орташа физикалық күш жұмсауды қажет ететін жұмыстар. 233-290

Ауыр 3 Үнемы10 кг-нан артық ауырлықты қозғауға, тасымалдауға байланысты, үлкен физикалық куш жұмсауды қажет ететін жұмыстар. 290-нан жоғары

Жұмыс түрлерін айыру шудың, дірілдің, метеорологиялық жағдайлардың және т.б. зиянды өндірістік факторлардың шекті нормаларын тағайындау үшін қолданылады.

4. Жарақат және кәсіби ауру себептері.

1) Техникалық – машиналардың, механизмдердің конструктивтік кемшіліктері немесе олардың ақаулығы, қорғаныс, блокировкалық, желдеу құралдарының, желмен, нөлдік желмен қосудің және т.б. болмауы, ақаулығы, және жетіспеушілігі.

2) Ұйымдастыру — нұсқаулықтың дер кезінде немесе сипалы өткізілмеуі, еңбек қорғау жөніндегі нұсқаудың болмауы, жұмыс істеушілердің еңбекті қорғау күйін қадағалаудың жеткіліксіздігі, ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер, жұмыс істеушілердің қажетті заттармен қамтамасыз етілмеуі, техниканы, құралдарды мақсатына байланысты қолданбау, жұмыс және демалыс уақыттарының сақталмауы, технологиялық процестің бұзылуы және т.б.

3) Санитарлық-гигиеналық — бөлмелердегі қолайсыз микроклимат, ауадағы зиянды заттардың жоғары жиынтығы, шудың, дірілдің, сәулеленудің жоғары деңгейі, жарықтың жеткіліксіздігі немесе бір қалыпсыз болуы, жұмыс орындарының және түрмыстық бөлмелердің антисанитарлық жағдайы жеке гигиена ережелерінің сақталмауы және т.б.

4) Субъективтік — жұмыс істеушілердің тәртіпсіздігі, еңбекті қорғау нұқауларының орындалмау, мас, ауру күйінде жұмысқа қосылу.

5) Экономикалық — жұмыс істеушілердің еңбекті қорғау ережелерін сақтамай отырып, жоғары өнімділікті, табысты қамтамасыз ету үшін ұмтылысы, ЕҚ жөніндегі шараларға қаржының жеткіліксіз бөленуі.

6) Психофизиологиялық — жұмыстың бір қалыптылығы, ұжымдағы қанағаттарлықсыз психологиялық жағдай, еңбек жағдайының организмнің психологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне сай болмауы және т.б.

5. Жарақаттанудан болатын төмендегідей шығындарды атап айтуға болады:

1.Ауру қағазы бойынша төленген айлық табыс, тенге.

2. Жарақаттанушыны емдеуге жұмсалған шығын, тенге.

3. Жарақаттанушыға (мүгедек болып танылған) төленетін өтемақы, тенге.

4. Алынбаған мемлекеттік салық, тенге.

5. Жазатайым оқиғаны тексеру шығыны, тенге.

6. Сынған жабдықтарды жөндеуге, жаңғыртуға жұмсалған шығын, тенге.

7. Алынбаған жалпы өнім құны, тенге.

8. Бір мәрте төленетін жәрдем ақы, тенге.

9. Жарақаттанушы құтқару және емдеу орнына жеткізу шығыны, тенге.

6. Жарақаттануды талдау. Жарақаттануды талдаудың мақсаты: жазатайым оқиғалардың себебін, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтау.

Жарақаттануды талдаудың төмендегілей әдістері бар:

1.Статистикалық

2.Топографиялық

3.Монографиялық

4.Экономикалық

Статистикалық әдіс. Ол жазатайым оқиғалардың жұмыс істеушілердің жынысына, жасына, еңбек стажина, мамандығына, жұмыс басталғаннан кейінгі уақытқа байланысты бөлінуін анықтауға мүмкіндік береді.

Топографиялық әдіс. Ол кәсіпорын картасына жазатайым жағдай болған орындарды шартты белгілер арқылы белгілеп, нәтижесінде олардың шоғырларған орындарын анықтауға негізделген.

Монографиялық әдіс. Әрбір жазатайым оқиғаны бөлек талдауға негізделген. Бұл әдіс жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қолданылады, яғни жұмыс орнының күйі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың бар-жоқтығын, жұмыс істеушінің еңбектің қауіпсіздік әдісіне оқылғандығы, Еңбек қорғаудың күйі, жабдықтардың жағдайы, жұмыс басталғаннан кейігі уақыт және т.б. тексереді.

Экономикалық әдіс.Ол еңбекті қорғауға бөлінген ақшалай қаржы мен материалдардың жарақаттануға әсерін, еңбекті қорғау жұмыстарының экономикалық тиімділіктерін анықтау үшін қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *