Модуль 1. Еңбекті қорғаудың негіздері және өндірістік санитария Дәріс 5. Тақырып 5: «Өндірістік орындарының микроклиматі»

 

Сұрақтар

1.Метеорологиялық жағдайында адам организіміне әсер етуі. 2.Жұмыс аймағымен бөлмедегі метеожағдайды қамтамасыз ету шаралары.

                   Метеорологиялық жағдайлар-ауа температурасы, ауа ағыны жылдамдығы атмосфералық қысым, денелердің шығарған сәулелері жиынтығының адам организіміне әсері арқылы анықталатын ауа ортаның физикалық жүйі.Шағын бір территориядағы цех, ауыл метеорологиялық жағдайды микроклимат деп атайды.

                    Метеорологиялық жағдай адам организміндегі ішкі процестердің өтуіне, адамның жұмыс істеу қаблетіне едәуір тигізеді.

                    Ауаның температурасы-оның жылулық куйін білдіретін параметр.Ол ауа молекулалары қозғалысының кинетикалық энергиясымен сипатталады.

                    Ауаның ылғалдылығы –ауа құрамындағы су мөлшерін көрсететін параметр.

                    Абсолюттік ылғалдық деп ауа құрамындағы су буларының тығыздығың айтады,мг/м³ өлшемімен өлшенеді.

                     Максимал ылғалдық сол температура жағдайында ауа құрамында мүмкін болатын су буларын барынша көп шекті мөлшері.

                     Салыстырмалы ылғалдық деп бірдей қысым және температура кезіндегі абсолют ылғалдықтың максимал ылғалдыққа қатынасын айтады. Салыстырмалы ылғалдық пройент өлшемімен өлшенеді.

                      Жұмыс аймағындағы ауаның қозғалысы ауаның біркелкі емес қызуынан, желдеткіш жүйелердің, техникалық құрал – жабдықтардың әсерінен болуы мүмкін. Ол м/с өлшемімен өлшенеді.

                       Амосфералық қысым бірлік бетке түсетін ауаның ауырлық күшінің қарқындылығымен симпатталады, Па өлшеімен өлшенеді.

                       Сәулік жылу – толқынын, ұзындығы 780-нен 1Онм деінгі аралықтағы қызған денелердің электромагниттік сәулесі. Жоғарында айтылған факторлардың комплексті әсерінен жұмыс аймағында әр түрлі микроклимат жағдайды қалыптасады. Олардың қолайлы жиынтығын әсеріне, орындалатын жұмыстың сипатына, аурлығына қарай адам «комфорт жағдайында» болады. Метеорогиялық жағдайлардың қолайсыз жиынтығы организмнін қызуына немесе салқындауына әкеліп соқтырад, жылу реттегіш аппараттарды іске қосуды талап етеді.

                       Жылу реттелу деп организмнің сыртқы ортамен жылу алмастырудың реттеп, сыртқы орта жағдайларына және атқаратып қызметінің ауырлығына қарамастан дене темпаратурасын үнемі бір қалыпты /36,6+0,5/ /36,6+0,5°С/ ұстап тұруын түсінеді.

                       Адам организмінлегі күрделі рекциялар метереологиялық жағдайлар өзгерісіне жауап ретінде жылудың кірісі мен шығысын реттеп, дене температурасын бір деңгейге сақтайды.

                       Бірақ жылу реттелуінін шегі бар, егер одан асса сыртқы ортамен арадағы жылу теңдігі бұзылады.

                       Сыртқы ортадағы жоғарғы температура әсерінен әсіресе жұмыс кезіндегі, қан тамырларының соғысы жиіленеді, артериялық қысым көтеріледі, орталық нерв жүйесінің жұмысы бұзылады, сыртқы орта тітіркендіргіштерінің әсеріне организмнің жауабы баяулайды, зейіні нашарлайды.

                      Жалпы жылу бөлу қарқындылығы, жылу реттелу организмнің өзінен жеңіл қамтамасыз етілетін, «комфорт аймағын» сипаттайтын қосымша көрсеткіштермен – тиімді және эквивалентті – тиімді температуралармен түсіндіріледі.

                       Эквивалентті тиімді температура деп жұмыс орнында ауаның қозғалысы болмағанда және ауаның салыстырмалы ылғалдығы кезінде адамның 100% салыстырмалы ылғылдық кезіндегі және ауа қозғалысы жағдайында сезінетентемпературасын айтад. ЕҚОЖ-нің 12,1, 005-88 мемлекеттік стандартында. «Жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарда» өндірістік бөлмедегі жұмыс аймағы үшін температураның, салыстырмалы ылғалдықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының жылы және салқын мезгілдер үшін оптимальді нормалары белгіленген.

                       Лабораториялық қондырғы – жұмыс орнындағы әр түрлі метеорологиялық жағдайлардың үлгісінің жасауға аранлған өндірістік бөлменің макеті. Макеттің ішінде микроклиматтық негізгі параметрлерін өлшейтін. Ассман психрометр, барометр орнатылған.

                       Ассман психрометрі /МВ – 4М/ 3 ауаның 30°С – тан 50°С – қа деінгі салыстырмалы ылғалдығын өлшеуге арналған. Оның жұмысы, «құрғақ» және «ылғалданған» термомитрлердің көрсеткіштерінің айырмасының сыртқы ортаның ылғалдығына тәуелділігіне негізделген. Психрометр қорғаныс түтікшесіне орнатылған екі бірдей сынап термометрлерден тұрады. Бұл трубкалардың жоғарғы шетінде кілтпен іске қосылатын қанатшасы бар аспирациялық блок бекітілген. Жұмыс алдында оң жақ термометрдің матамен оралған резервуары пипетке арқылы тазартылған сумен ылғалдантырылады да кілтпен психрометр вентеляторының серіппесің іске қосады. Осы кезде төменнен сорылған ауа термометр резервуарын жанап өтеді. Осыған байланысты құрғақ термометр ауа ағыны температурасын көрсетеді. Ылғал термометр көрсеткіші төмен болады, Термометрлер көрсеткіштері 3-4 минуттан ерте алынбауы керек. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 14-қосымшыдағы кесте бойынша анықталады.

                       Қанатты қол анемометрі АСО-3 0,3-5м/с аралығындағы ауа ағыны жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады. Анемометрдің жел қабылдағышы қызметің өске бекітілген канатша атқарады. Өстің бір ұшы қозғалмайтын тірекке бекітілген, екінші ұшы қозғалмайтын тірекке дөкітілген, екінші ұшы тісті беріліс арқылы санау механизмі редукторына айналыс жалғайды. Анемометрдің үш шкаласы бар: мындық , жүздік, бірлік. Механизмді қосу және аыйру арритер арқылы жүзеге асырылады.

                       МС- 18 тостағаншалы анемометрі 4-45 м/с аралығындағы ауа ағыны жылдамдығын есептеуге арналған. Анемометрдің жел қабылдағышы қызметін төрт тостағаншалы зырылдауық атқарады. Жұмыс істеу принципі қанатты анемометр сияқты. Циферблаттың үш шкаласы бар: мындық, бірлік.

                       Қанатты және тостағаншалы анемометрлер арқылы өлшенген ауа ағыны жылдамдығын анықтау үшін төмендегі формула қолданылады.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *