Модуль 1. Еңбекті қорғаудың негіздері және өндірістік санитария Дәріс 7. Тақырып 7: «Өндірістік жарықтандыру»

Сұрақтар

1. Жалпы мәлемет.

2. Өндірістік жарықтану түрлері және оның нормалауы.

3. Жасанды жарықтанудың көздері және есептеу әдістері.

4. Аурулардың профилактикасы.

1. Жарық ағынды, жарықты, жарық күшін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері болып жарықтану және жарықтылығы болады.

Жарық ағыны деп жарықты көзбен сезілуімен бағаланатын жарық энергиясының ағынын айтады.

Жарық ағынның өлшем бірлігі болып Люмен [Лм] қабылданды.

Жарық күші деп жарық ағынның кеңістік тығыздығын айтады. Оның өлшем бірлігі – Канделла [Кд] қабылданған. Канделла – арнайы эталон бойынша қойылатын негізгі жарықтехникалық бірлігі.

Жарықтану Е жарық ағыннық жабындық тығыздығын сипаттайды және жабынға түсетін ф жарық ағынның оның ауданына S қатынасымен анықталады, яғни Е=Ф/ S;

Жарықтану жарықтанатын бейнелік қасиеттерінен (түсі, пішіні және т.б.) тәуелсіз. Бірден жарық ағыны (кеңестік тепе–тең болғанда) ашық және қара түсті беттерде тең жарықталғандығын жасайды.

 Жарықтанудың өлшем бірлігі ретінде беттің 1 м2 бойынша 1 мм тең жарық ағыны таратылған жарықталғандыққа тең болатын Люкс [Лк] өлшем бірлігі қабылданған. 1 Лк тең жарықтану кезде жұмыстардың көпшілік түрін орындауға мүмкіндік бермейді (салыстыру үшін – айлы түнде жер бетінің жарықталғандығы шамамен 0,2 Лк айналысында, ал бұлтсыз күнде 100000 Лк дейін жетеді).

Көру үшін негізінде жабынның жарықтануы емес, бұл беттен қайтарылған және көз қарашығына түсетін жарық ағыны маңызды, яғни жарықты көзбен сезу деңгейі көздің торшаларындағы жарық ағынның тығыздығына тәуелді.

Сондықтан жарықтылық (Ж) түсінігі еңгізілген, деп берілген бағытта беттің элементімен шығарылатын У жарық күшінің бұл беттіқ сол бағытқа перпендикулярды жазықтыққа проекциясының S ауданыны қатынасын айтады

Ж=Ү/ S·cosІ

мұндағы І – жарық шығарушы бетінің нормаль бұрышы.

Затқа түсетін жарық ағыны жартылай қайтарылады және жартылай сіңіріледі. Бұл қасиеттер шағылысу, сіңірілу, өткізу Lш, Lс, Lө коэффициенттерімен сипатталады және сәйкесінше зат бетінен шағылысқан Фш; сіңірілген Фс және өткізген Фө жарық ағынның түсуші Ф жарық ағынына қатынасын айтады, яғни:

 Lқ=Фқ/Ф; LсФс/Ф; Lж=Фж/Ф.

Аталмыш коэффициенттердің кейбір мәндері бет пен материалдың түсіне байланысты келесідей болады: айна – 0,85; 0,15;0; терезе әйнектері – 0,08; 0,02; 0,9; қара түсті бет – 0,05; 0,995; 0,0; ақ бет – 0,8; 0,2; 0,0; көк бет – 0,1; 0,9; 0,0.

Адамның көру органдары жарықтың әр түрлі үйреніп кете алады. Белгілі жарықталғандық деңгейіне көздіқ үйрену процессін адаптация деп атайды, ал қайта адаптацияның уақыты әдетте 1-3 сек болады және жарық талғандыққа тәуелді.

Жарық спектралды құрамына қарай қоздырғыш әсер етіп жылу сезімін (сарғыш – қызыл) немесе тежеу процесстерін (көкшіл) күшейтіп, сонымен бірге тыныштандыратын (сары – жасыл) болып әсер ету мүмкін.

Жарықты қабылдау психофизиологиялық ерекшеліктеріне және оның адам организміне әсері бойынша негізделген өндірістік жарықталғандыққа қойылатын гигиеналық талаптар келесікер болады:

1) Жасанды көздермен жасалынатың жарықтық спектральды құрамы күнделікке жақындатылған болу тиіс.

2) Жарықтану деңгейі жеткілікті болып гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек.

3) Жарықталғандық жарық көздерінің және жұмыс зонасындағы заттардың жалтырауын болдырмау керек.

4) Бөлмеде жарықталғандық деңгейінің тұрақтылығы және бір қалыптылығы қамтамасыз етіпу тиіс.

2. Өндірістік жарықтану түрлері және оның нормалары.

 Жұмыс орындар табиғи және жасанды жарықпен жарықталу мүмкін. Жиі аралас жарықтану қолданылады. Бұл кезде нормалар бойынша жеткіліксіз табиғи жарық жасандымен толтырылады.

Табиғи жарықтану – сыртқы және қоршау құрылыстарының жарық саңылаулардан түсетін аспанның таратылған жарықпен (тіке немесе шағылысқан) бөлмелердің жарықтануын айтады.

Табиғи жарықтану жанынан, жоғардан және аралас болу мүмкін.

Жанындағы жарықтану терезеден алыстанған немесе оның қасында орналасқан учаскілердің жарықталғандығында бірқалыпсыздықты тудырады. Бірқалыпты жарықтану жоғарғы және аралас табиғи жарықтанумен қамтамасыз етіледі.

Табиғи жарықтану К табиғи жарықтану коэффициенті бойынша нормаланады. Ол берілген жазықтықтағы нүктеде бөлменің ішінде Е ішкі табиғи жарықтану толық ашылған аспан көрінген кезіндегі Ес жарықтану қатынасымен анықталады және % арқылы шығарылады:

К= 100·Еі/Ес.

Нормамен К коэффициенті бойынша көздің жұмыстарының 8 разряды қабылданған.

Ғимараттарды пайдалану кезінде табиғи жарықтану деңгейі жарық саңылаулардың әйнектенген беттердің ластануымен, сонымен қатар қабырғалар мен төбелердің ластануымен байланысты төмен болды. Сондықтан әйнектерді жылына 2 – 4 реттен кем емес тазартылады және қабырғалар мен төбелерін жиі ақтайды.

Жасанды жарықтануды табиғи жарықтану жеткіліксіз болғанда, сонымен бірге күннің қаранғы уақытында қолданылады. Жасанды жарықтану жалпы, жергілікті және аралас болу мүмкін.

Жалпы жарықтану барлық бөлмені жарықтау үшін қолданылады және бірқалыпты мен локализацияланған деп ажырытылады.

Жалпы калыпты жарықтау кезінде жарықталған жазық тағы әрбір жерінде жұмысты орындау үшін жағдай жасалынады.

Жалпы локализацияланған жарықтау жабдықтардың орналасуына сәйкес шамдарды орнатуды қарастырады.

Жергілікті жарықтауды стационарлы және тасымалданатын болып жасайды,тек жұмыс жабындарды жарықтау үшін қолданылады. Өндірістік бөлмелерінде тек жергілікті жарықтауды орнатуға тыйым салынады.

Аралас жарықтау жалпы жарықтануға жергіліктіні қосу арқылы жүзеге асырылады. Оны жоғары дәлілдікті жұмыстарды жасау кезінде, сонымен қатар қажетті жағдайларда жұмыс процессінде белгілі немесе өзгертілетін жарық бағытын жасау үшін қолданылды.

Жасанды жарықтау көз жұмысының сипаттамасына қарай жұмыс беттердін жарықталудың минимумы бойынша нормаланады.

Ең жоғары нормаланатын жарықтау 5000 Лк қурайды (1а разряды) және ең төменгісі 30 Лк (8в разряды).

Көз жұмсын қиындататын немесе жеңілдететін жағдайларда нормаланған жарықтаудық денгейлері жоғарлайды немесе төмендейді. Және де жарақаттау қауіптілігін жоғарлатады немесе санитарлық жағдайын жақсартуын талап етеді.

Бірінші төрт разрядтар үшін әдетте аралас жарықтау жүйесін пайдаланды.

Жалпы жарықтау шамдармен шығарылатын жұмыс беттердің жарықталуы жергілікті жарықтал үшін қолданылатын жарық көздері болған кезінде нормаланғаннан аралас жарықтау үшін 10% болу керек. Сонымен бірге жалпы жарықтау шамдармен шығарылатын жарықталғандық газоразрядты шамдар үшін – 500…150 Лк және қызу шамдар үшін – 100…50 Лк аспау тиіс.

Максималды жарықтауды минималдыға қатынасы 1…3 разрядтағы жұмыстар үшін моминисценты шамдар кезінде 1,5 – теп, ал басқа шамдар болғанда – 2-ден аспау керек; 4…7 разрядты жұмыстар үшін бұл мәндер сәйкесті 1,8 және 3 болады.

Апаттылық жарықтау (бөлмелерде және жұмыс жасау орындарда) жұмыс жарықтаудың сөндірілуі жарылысқа, өртке, технологиялық процессінің ұзақ бұзулуына әкеленетін жағдайларда қарастырылады.

Эвакуациялық жарықтау адамдар өту үшін қауіпті жерлерінде.

1. Жасанды жарықтанудын көздері – қызу шамдары және газоразрядты шамдар.

Қызу шамдар үзілсіз жарықтанудын спектрін береді және табиғи жарыққа қарағанда онда сары – қызыл сәулелер басылымды. Жарық көздері болып мұнда қыздырлған вольфрамдан жасалынған сым.

Келесе шамдар шығарылады: вакуумдық (НВ), спиральсз (НБ), газожинакталған (НГ), спиральсыз – ксендік толтырғышымен (НКБ).

Қызу шамдардың жетіспеушілігі – аз қызмет мерзімі (1000 мамасында) және тиім коэффициентінің төмен болуы.

Газоразрядтық шамдарды төмен люминисценциялық) және жоғары қысымды болып шығарылады.

Люминисценциялық шам әйнек трубка ретінде жасалынады. Оның ішкі беті люминофор қатты кристаллды затпен жұқа қабатымен жабылынады. Шамның копбасы (трубкасы) (30…80мг) доздалған санымен және инерты газбен (әдетте аргонме) 400 Па шамасындағы қысым кезінде тортырылған. Трубканың екі шетіне электродтар қойылған. Шамды қосқан кезде буларында жарық шығарылумен бірге электрлік разрядты тудыратын ток өтеді. Электрлік заряд люминофорға әсер етіп жарық сәулеленуын шығарады.

— күндізгі жарық шамдар (ЛД)

— түстіберуі жетілдірілген күндізгі жарық шамдары (ЛДК)

— табиғи жарыққа ең жақын шамдар (ЛЕ)

— ақ түсті шамдар (ЛБ)

— қаратылған ақ түсті шамдар (ЛТБ)

— салқын ақ түсті шамдар (ЛХБ) және т.б.

Жоғары (0,03…0,08 Мпа) және асқын (0,8 Мпа жоғары) қысымды газоразрядты шамдарға люминисценциялық шамдар (ДРЛ), рефлекторлық шағылыстырушы қабаты бар шамдар (ДРЛР) және т.б. жатады.

Ең тиімділері — металлогалогенді шамдар болып тебылады. Олардың жарық беруі 80 Лм/Вт дейін жетеді. Бұл қызу шамдарына қарағанда 3…4 есе жоғары. Олардың қызмет ету мерзімі 10000сағ.

Жарық көздерін жарықтаушы арматураға орналастырылады. Осылардың барлығын шам немесе жарық құралы деп атайды.

Шамдар жарық ағынның тартылуы бойынша топтастырылады: тіке жарық, таратылған жарық, басылымды қайтарылған жарық шамдар ажыратылады. Алғашқыларында төменгі жарты сферада жарық ағынының 80%-ы, ал екіншілерінде 60-тан 80%-ға дейін және т.с.с. сәуле шығарады.

Жалпы жарықтау шамдарының бірқалыпты орналастыру кезінде жарық құралын есептеу үшін жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісін қолданылады. Бұл әдіс төбе қабырғаларынан және ғимараттың басқа жабындарынан қайтарылатын жарық ағынын есепке алуға мүмкіндік береді. Есептеу келесі формуламен жүзеге асады:

Ф1=Ен·Sz·R3/(nj)

мұнда Ф1 – бір шамның жарық ағыны, Лм

Ен – нормаланған жарықтану, Лм

S – бөлменің ауаны, М2

Z – 1,1…1,5 – ауа ластануын есепке алатын коэф-т

R3 – бөлмедегі ауа ластануын есепке алатын қор коэф ті

n – шамдар саны

j – жарық ағыннық пайдалану коэф-ті.

Минималды қажетті жарықтануды салалық нормаларға сәйкес табады. Шамдар санын олардың ең тиімді орналасуын есептей отырып қабылдайды, содан соң шамдың немесе бір қатар шамдардықң қажетті жарық ағынын есептейді. Қажетті жарық ағыны бойынша стандартты шамның қуаттылығын, содаң соң жарықтайтын құралдың қуаттылығын анықтап тандайды.

Локалды және жергілікті жарықтанудың көлденең және көлбеу беттердің, сонымен қатар шағылысқан жарықты есептемеуге болатын жағдайда жарықты есептеу кезінде нүктелік әдісті қолданылады.

Келтірілген қуаттын әдісі жарық құралдың берілген параметрлеріне және шамдар санына тәуелді жарық техникалық анықтағыштар бойынша жарықтау құралдардың келтірілген қуаттылығын анықталуында негізделген.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *