Еңбекті қорғауды ұйымдастыру және басқару Еңбек қорғауды басқару»
Сұрақтар
1. Қәсіпорынның еңбек қорғау қызметі.
2. Еңбек қорғауға оқыту.
3. Жазатайым оқиғаларды тергеу.
1. Еңбек қорғауды басқару.
Еңбекті басқару жүйесі – бұл өмір тіршілігі қауіпсіздігі бойынша нормативтік және нұсқаулық құжаттармен реттелген және еңбектік қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етумен жасауға бағытталған үйымдастыру-техникалық, санитарлық – жииналық және әлеуметтік – экономикалық шаралар кешені.
• Басқару әр дайым белгілі мақсатқа жету үшін жасалынады;
• Басқару мақсаты болып еңбек процессінде адам қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау мен жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету болады.
• Өз кезегінде басқару мақсаты белгілі функцияларды орындау жолымен жеткілізуы мүмкін.
• Басқару функциясы – бұл басқару объектіне басқару субъектімен мақсатты әрекетпен жасалынатын бір-бірімен байланысты әрекеттер кешені.
• Басқару функциялары басқару жүйесінде кім және не істеу керек сұрағына жауап береді.
• Басқару мақсаты келесі негізгі міндеттерді шешу кезінде жеткізілу мүмкін:
1) Барлық бөлімшілерде өндіріс процессінің барлық этаптарында денсаулықты және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасау және бұның негізінде еңбектің өнімділігін жоғарлату.
2) Қауіпсіз техникасы бойынша сұрақтарды шешуге жүйелік жолды, жағдайларды еңбек қорғауды және санитарлық – профилактикалық шаралардың жетілдіруі жобаларда қарастырылатын қойылған мақсаттарды нақты жасалу үшін қоғамдық ұйымдар мен әкімшілік қатынасын қамтамасыз ету.
Еңбекті қорғаудың басқару жүйесіне мыналар кіреді:
1. жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқыту;
2. өндірістік жабдықтардың, өндіріс процесстердің, ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3. еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайларын нормалау;
4. жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдармен жабдықтау;
5. жұмысшылардың жұмыс пен демалыс оптималды режимдерін қамтамасыз ету;
6. жұмысшылардың емдеу – профилактикалық қызметін ұйымдастыру.
Сонымен қатар басқару жүйесі әрбір жұмысшының еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауға жауапкершілігін жоғарлату, жұмыс істеүшілердің еңбек қорғау туралы заңдарды, қауіпсіз техника ережелері мен нормаларын сақтау сезімін тәрбиелеу, өз қауіпсіздігі және жұмыстағы әріптестер қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу сияқты мақсаттарды қояды.
Өндіріс жағдайлардың қауіпсіздік деңгейлерін және нәтижедегі жарақаттанудың көрсеткіштері көбінде еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруына тәуелді.
2.Кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі.
Еңбек қорғау қызметі кәсіпорынның өзімдік құрылымдық бөлімшесі болып, олардың ұйымдастыру – құқық формалар мен жеке меншік түріне қарамастан әрбір кәсіпорында құрылады.
Еңбек қорғау қызметі мәртебесі бойынша өндірістік негізгі қызметтеріне теңеліп, еңбек қорғау бойынша бұл қызметтің шешімдері барлық бөлімшілердің жұмысшыларына міндетті болады.
Еңбек қорғау қызметінің басқарушысы лауазымына мамандырылған, жоғары білімді, тәжірибе жұмысы бар және еңбек қорғау департаментінің бағдарламасы боынша біліктілікті жоғарлатуды өткен маман тағайындалады.
Еңбек қорғау қызметінің негізгі міндеттері:
а) Өндірісте қауіпсіз және сау еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастыру – техникалық, санитарлық – гигиеналық және емдеу – профилактикалық шаралар кешенін жасау және еңгізу.
б) Жұмысшылардың еңбек қорғау туралы заңды, қауіпсіз техника бойынша нұсқауларын, мемлекеттік бақылау мен еңбек қорғау бойынша бақылау органдарының нұсқама орындауларын бақылау.
Қойылған белгілі тапсырмаларға сәйкес кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі:
1) Кәсіпорында еңбек қорғауды басқару жүйесінің тиімді болуын және еңгізілу мен жасалуын қамтамасыз етеді.
2) Еңбек сұрақтарында кәсіпорынның функционалды және өндіріс бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және кәсіптік одақ ұйымдарының еңбек қорғау бойынша лауазымды адамдар мен аумақтық еңбек қорғау басқармасының қызметкерлерімен байланысып жұмыс істейді.
3) Еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіпорынның ұдайы істейтін комиссиясының жұмысын үйымдастырады.
4) Тиісті бөлімшілермен бірге еңбек қорғау жағдайының бақылауын жасайды және жұмыс орнындағы жағдайы мен еңбек қорғау туралы толық және дәл ақпаратпен әрбір жұмысшыны өз уақытында қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тиісті болатын жеке қорғаныс құралдары, жеңілдіктер мен өтемақылар туралы ақпарат береді.
5) Еңбек жағдайлары бойынша жұмысшылар орындарының үйымдастыруымен және аттестацияның жүргізілуімен басқарылады.
6) Жұмысшылардың мемлекеттік стандартарына сәйкес техникалық жағдайына және өндіріс жағдайына сәйкес сүтпен, сабынмен, жуғыш және залалсыздандыру құралдарымен, сонымен бірге арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылайды, олардың қабылдауын, сақтауын, тазалауып, жуылуын және жөңделуін бақылайды.
7)Жұмысшылардың және инженерлік – техникалық қызметкерлерінің кіріспе нұсқау бағдарламасын жасайды, кәсіпорында жұмысшылардың кіріспе нұсқауларын жүргізеді.
8) Өндірістегі жазатайым оқиғалардың тергеуіне қатысады, олардың есебін жүргізеді. Тіргеу материалдарын ауданның еңбек қорғау басқармасында тіркейді.
9) Өндіріс жабдықтар мен объектілердің қауіпсіз құралдарымен жабдықталуын бақлайды.
3.Еңбек қорғауға оқыту.
Өндірістің қауіптілік дәрежесіне және сипаттамасына қарамастан барлық кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмысшыларды еңбек қорғау қауіпсіздігіне оқытып үйретеді:
а) жаңа жұмысшыларды дайындау кезінде (жаңа қабылданған, мамандығы жоқ немесе мамандығын ауыстырағанда)
б) біліктілікті жоғарлату кезінде
в) әр түрлі нұсқаулықтарды өткізу кезінде.
Оқытудың жалпы басшылықпен ұйымдастыруы шаруашылық бастығына, ал бөлімшелерде бөлілшелер бастықтарына жүктеледі. Нусқаулықтың 5 түрі болады.
Кіріспе нұсқаулық – жұмысқа, өндірістік оқуға, тәжірибеге немесе іссапарға келгендермен еңбек қорғау бойынша инженер жүргізеді. Оны типтік бағдарлама бойынша жұмысшыны қабылданған туралы бұйрық шыққанға дейін жүргізіледі және тіркеу жүрналында белгі қойылады.
Алғышқы нұсқаулық жұмыс орнында кәсіпорынға жаңадан қабылданған, сонымен бірге басқа бөнімшелерден аударылған немесе жаңа жұмыс берілген жұмысшылармен жүргізілері. Оны типтік бағдарлама бойынша учаскенің басшысы (бригадир, агроном) бірінші жұмыс күннің басында жұмыстың қауіпсіз әдістерін тәжірибеде көрсетумен жүргізіледі. Нұсқаулық біткен сөң жұмысшыға еңбек қауіпсіздігі бойынша тиісті нұсқаулық беріліп, ол 2 – 10 кезекте жұмыс басшының қарауында жұмыс істейді, содаң соң қажетті құжаттар даярланып оны жеке жұмысқа жібереді еді.
Қайталама нұсқаулық — өндірістік учаскенің басшысы жұмыс орындағы нұсқаулық бағдарлама бойынша нұсқаулықты, еңбек қорғауды, ережелерді білу деңгейін тексеру мен жетілдіру мақсатымен жүргізіледі.
Біліктілікке, білімге және жұмыс тәжірибесіне қарамастан барлық жұмысшылармен 6 ай сайын жүргізіледі.
Жоспардан тыс нұсқаулың — өндіріс учаскенің басшысымен еңбек қорғау ережелері мен технологиялық процесстері өзгергенде, жабдықтарды, құралдарды, бастапқы шикізатты және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететіп басқа факторларды ауыстыру немесе жаңарту кезінде жүргізіледі.
Нұсқалық міндетті түрде жарақатқа, апатқа немесе өртке әкелетін жағдайда жұмысшымен еңбек қауіпсіздік талаптарын бұзған кезде жүргізіледі.
Жоспардан тыс нұсқаулықты жұмыс орнында міндетті түрде оны өткізу себептерін көрсетіп, алғашқы нұсқаулық сияқты жүргізіп журналға тіркеледі.
Мақсаттық нұсқаулық жұмыстар алдынан жұмысшылармен жүргізіледі. Мақсаттық нұсқаулықтың өткізгені туралы жұмыстарды өндіруге хатталатын жіберілу жазылады.
Жіберілу бұл өте қауіті жұмыстар өндірісін жасауға рұқсат беретін жазбаша бұйрық. Мұнда берілген жұмыс, объект, орны, жұмыстың басталу мен аяқталу уақыты, жұмыс өндірісінің жағдайлары, жумысшылар немесе жұмыс қауіпсіздігіне жауапты нарядта белгіленген адамдарды көрсетеді.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтың мазмұндамасы.
Жұмысшылар үшін нұсқаулықта келесі бөнімдер болу керек:
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
2. Жұмыстың алдынан болатын қауіпсіздік талаптары.
3. Жұмыс кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары.
4. Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары.
5. Жұмыс аяқталған соң қауіпсіздік талаптары.
«Қауіпсіздіктің жалпы талаптар» бөлімінде келесілер қарастырулы керек:
а) мамандық бойынша жеке жұмысқа немесе тиісті жұмысты орындауғы жіберу шарттарын (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, нұсқаулықтарды).
б) ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігі туралы; ішімдік заттарды немесе темекі тартуға тыйм салу туралы ескерту.
в) Жұмысшыға хер ететін қауіпті және зиянды өндіріс факторлардың сипаттамасы.
г) Берілген мамандығы үшін қажетті арнайы киім, аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдары.
д) Өрт және жаралыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша талаптар.
ж) Жұмыс орындау кезінде жұмысшы жеке гигиенаның ережелерін білу қажеттілігі.
з) Нұсқаулықтың талаптарын бұзғандығы үшін жұмысшының жауапкершілігі.
«Жұмыстың алдынан қойылатын қауіпсіздік талаптары» бөлімі:
а) Жұмыс орнының, жеке қорғаныс құралдарының дайындау реті;
б) Бастапқы материалдар жағдайы мен барлығып тексеру реті.
в) Жабдықтардың және инструменттің, сигнализацияның және басқа құралдардың, қорғаныс жеке косылғанын жерілікті жарықтанудың, ауаның айдалуының дұрыстығын тексеру тәртібі.
г) Үздіксіз жұмыс кезінде аусу кезегін қабылдау реті.
д) өндіріс санитарияның талаптары.
«Жұмыс кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары» бөлімінде:
а) жұмысты қауіпсіз орындаудың тәсілдері мен әдістері; құралдар мен инструменттерді, технологиялық жыбдықтарды пайдалану ережелері.
б) қорапты және жүктию механизмдерді қауіпсіз пайдалану ережелері.