Билогиялық әр алуандық пен ерекше экологиялық маңызы бар обьектілерді сақтауды қамтамасыз ету қағидасы

Билогиялық әр алуандық пен ерекше экологиялық маңызы бар обьектілерді сақтауды қамтамасыз ету қағидасы Қазақстанда құрылған қорықтар мен заказниктер жүйесінде жүзеге асырылады. Олардың аумақтары шегінде биологиялық әр алуандылықтың барлық өкілдерін сақтауға және жануарлар мен өсімдіктердің сирек және жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға бағытталған шаралар жүргізіледі. Осы қағидаға сәйкес арнайы “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заң қабылданды.

Әрине, экологиялық заңнаманың маңызды қағидаларының бірі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау қағидасы, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы болып табылады. Бұл қағида осы саладағы біздің мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының жалпы қызметінен шығады.

Қоршаған табиғи ортаға келтіретін залалды толық өтеуді заң шығарушы экологиялық қызметтің жеке қағидасы ретінде бұрын бөліп көрсете қоймаған еді. Ал оның мазмұны экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік қағидасы ауқымында карастырылды, онда жауапкершілік түрлерінің бірі табиғатқа келтірілген залалды өтеу аталып көрсетілді. Қазіргі кезеңде залалды өтеу тетігі заңнамада неғұрлым егжей-тегжейлі рәсімделген залалды өтеудің бірнеше түрлері бар. Ерекше ынта қоярлық жайт мынада болып отыр: залалды материалдық жолмен өтеумен қатар экологиялық өтеуге барған сайын көбірек мән берілуде. Сондықтан заңдық жауапкершілік қағидасының мазмұны да өзгеруде, дұрысын айтқанда залалды өтеу қағидасын бөліп көрсетудің қажеттігі пайда болуда. Заң шығарушы келесі тезис жағына қарай ойысып отыр — кінәлі адамды жазалау, оған айыппұл салу немесе қылмыстық жазаға тарту аз, кінәлі адам табиғатқа келтірген залалды өтеуі керек.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу қағидасы бұрын қолданылған заңнамада көрінісін тапқан болатын. Ол ол ма, осы қағиданы жүзеге асыруда толып жаткан қоғамдық ұйымдардың, «жасылдар» партияларының, экологиялық қозғалыстардың, майдандар мен жекелеген азаматтардың қызметінде тамаша практикалық жақсы жетістіктер болды. Олардың осы проблеманы шешуге қатысуы әр түрлі нысандағы меншік кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне, сондай-ақ салынып жаткан немесе жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігіне қоғамдық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бұл орайда экологиялық заңнамада, ресурстық кодекстерде және жалпы экологиялық завдарда жергілікті әкімшілікке табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жөнінде қоғамдық ұйымдар мен халықтың ұсыныстарын барынша ескеру жүктеледі.

Соңғы уақытта заң шығарушы табиғатты ластанудан қорғау мүмкіндігін нақты бағалай келіп, белгілі бір теңгерім орнату жолымен жүріп отыр, бұл жағдайда адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін табиғатқа антропогендік ықпал етуге жол берілуде. Осы теңгерімді реттеу табиғи обьектілерге зиянды ықпал етудің белгілі бір нормативтерін белгілеу көмегімен мүмкін болып отыр, мұның өз құқықтық түрге техникалық көрсеткіштерді енгізу процесі болып табылады, олардың заңнамалық нормалар түрінде ресімдеу. Белгілі бір табиғи теңгерімді белгілеу үшін техникалық көрсеткіштерді қолдану, адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайларды сақтай отырып жағымсыз ықпалды біркелкі ету қоршаған ортаны стандарттау мен нормалау қағидасының мазмұны болып табылады.Бұл қағида негізгі экологиялық заңда баянды етілмеген, бірақ ол заңға тәуелді актілерде кеңінен көрініс тапқан.

Табиғат сапасының нормативтерін немесе стандарттарын қолданудың осы стандартты қолданбай табиғаттың ластану денгейін анықтау мүмкін болмайтын табиғи обьектілер үшін ерекше маңызы бар. Мысалы, су немесе ауа. Қолданыстағы заңнамада табиғатты нормативтен тыс пайдаланғаны және ластағаны үшін айыппұл төлемдерін белгілеу арқылы шаруашылық қызметін нормалау қағидасын жүзеге асыру тетігі жасалған.

Экологиялық проблеманы шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық қағидасын қолданудың зор маңызы бар. Шын мәнінде, экологиялық тұрғыда мемлекеттік шекараларды белгілеу жекелеген мемлекетті жалпы ғаламшарлық сипаты бар экологиялық проблемадан босата қоймайды. Бұл арада қоғамдағы идеологияның, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі өзгешеліктің маңызы болмайды. Экологиялық проблема барлығы үшін бірдей, сондықтан оны шешудің тиімділігі әлемдік қауымдастықтың барлық субьектілерінің бірлескен күш-жігері, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың құқықтық тетігі халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі, ал олардың негізінде экологиялық ұлттық құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдау жүргізіледі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *