Табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеуді кезең-кезеңімен енгізу қағидасы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу

Табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеуді кезең-кезеңімен енгізу қағидасы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу республикада нарықтық қатынастарды қалыптастыруға сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда біз мынаны көріп отырмыз: Қазақстан Республикасындағы қазіргі экономикалық қатынастар табиғат ресурстарын пайдалану жөнінде тұтас бірқатар қатынастардың өмірге келуін туғызып отыр, олардың негізгі тауар-ақша сипаттамаларына құрылған. Табиғат ресурстарын жалға алу шарттары, жер иеленуді өмір бойы мұраға алу заң шығарушыны табиғат пайдаланудың тегіндігі мәселесіне өзінің көзқарасын қайта құруға мәжбүр етті. Мынаны атап көрсету керек: заң әдебиетінде ғалымдар табиғатты ұтымды пайдалану қағидасын сақтаудың елеулі кепілі ретінде ақылы табиғат пайдалануды енгізуді жақтаған пікірді барған сайын жиі айта бастады. Осыдан 20 жыл бұрын айтылған бұл ғалымдардың ұсыныстары қазіргі кезде тамаша шешімін тапты, жерді, жер қойнауы мен ормандарды пайдалануға салықты енгізген кезде табиғат пайдаланушыларды табиғат ресурстарын аздап жалға алуға мәжбүр етеді.

Бұл арада мынаны атап кеткен жөн: су, жер қойнауы, ормандар бұрынғысынша тек мемлекеттік меншік болып қалады және азаматтық айналымнан алынатын болады.

Жалпы табиғат пайдаланудың тегіндігі Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғатты пайдалануға құқықтарының кепілі, салауатты қоршаған табиғи орта адамның конституциялық құқығын баянды ету болып табылады.

Табиғатты қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу қағидасы дегеніміз табиғат сапасын сақтау жөніндегі табиғатты пайдаланушылардың қызметін көтермелеу тетігін құру деген сөз. Мынаны атап көрсеткен жөн: заң шығарушының осы қағиданы жариялауына қарамастан бүгінгі таңда табиғат қорғау қызметін көтермелеу шараларының жүйесі әлі болса да әзірлене қойған жоқ.. Бұрынырақта қолданылған моральдық және материалдық көтермелеу шаралары (сыйлықтар тапсыру, алғыс жариялау, қызыл жалаушалар және т.б.) қазір қолданылмайды, ал жаңаларын заң шығарушы әлі де жасай қойған жоқ. Енгізілген жаңа экономикалық әдістер табиғат пайдаланушыны оның өзін табиғат қорау қызметімен айналысуына мәжбүр етіп отыр. Біздің ойымызша, бұл табиғат сапасын сақтаудың үлкен кепілі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *