28.Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi

Республика Президентi:

      1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;

      2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;

      3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;

      4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;

      5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;

      6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;

      7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруғанегіз болған мәселелер ғана қаралады;

      8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;

      9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;

      9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;

      10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;

      11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуғажәне сөз сөйлеуге құқығы бар;

      12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;

      13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *