22. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесін құрудың тәртібі, өкілеттіктерінің мерзімі мен актілері.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін — Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;2) қорытындылар;3) жолдаулар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *