3.Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдану және өзгертілу тәртібі. ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңнын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституция қабылданды.

Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде үлкен рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері баян етілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. 1998 жылы және 2007 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізілді.( 07.10.1998, 21.05.2007, 02.02.2011, 10.03.2017 өзгерістер енгізілген жылдар)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *