22. Істі сот талқылауына дайындау: ұғымы, мақсаты, міндетттері және мерзімі.

Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді. Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;

 2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;

 3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;

 4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;

 5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.

  Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер Азаматтық Процестік Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

      Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты істерден басқа айрықша қиын істер бойынша ерекше жағдайларда және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін ұсынылған мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *