13.Істі сот талқылауына дайындау жəне сотта талқылау мерзімдері. Істі дайындаудың міндеттері

      1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан жəне азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы жəне дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді.

      Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады жəне жасауға тиіс əрекеттерді көрсетеді.

      2. Əрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:

      1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мəн-жайларды нақтылау;

      2) тараптардың құқықтық қатынастарын жəне сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;

      3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мəселені шешу жəне оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;

      4) əрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дəлелдемелерді айқындау;

      5) тараптарды татуластыруға жəрдемдесу болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *