20. Талап қою ұғымы, мерзімі,түрлері.

Талап құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғ анық сотқа жүгінуі.Талап субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.Талап азаматтық іс қозғау тәсілі.Сондыңтан осындай жіктелу негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:1ұйғару туралы талаптар;2мойындау туралы талаптар;3өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.

Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптары дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талабы деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды төлеуі, пәтерді босатуы, келтірілген зардапты өтеуі). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондыңтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.

Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).

Өзгертетін талаптар материалдыңқұқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталран. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуынсыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаран бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.

Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн. Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Талап қою мерзiмiнiң өтуi:1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса;2) мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген әскери бөлiмшелер құрамында болса;4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса;5) тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *