18. Талап қою арызы Сотта істі қозғау. Істі сот талқылауына дайындау.

Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі. Арызда: 1) талап қою арызы берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері 4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;

Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді.Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *