26. Сот шешімінің мәні мен маңызы. Сот шешімінің мазмұны, құрылымы және түрлері

Істi мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі шешiм нысанында шығарылады. Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен шығып демалу үшiн үзiлiс жасауға құқылы. Шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Уәжді шешімді жасау кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалдарына қоса тіркелуге тиіс. Түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалуға тиіс. Істі мәні бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешкен кезде сот кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын қысқаша шешім шығарады.

      Тараптардың шешім заңды күшіне енгенге дейін мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің қалауы бойынша сот кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын уәжделген шешім шығарады.Шешiм шығарған кезде сот дәлелдемелерді бағалайды, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенiн, осы iс бойынша қандай заң қолданылуға тиiс екенiн және мәлімделген талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.

 Шешiмнiң мазмұны

Шешiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған күнi мен орны; шешiм шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап көрсетiледi. Шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде талап қоюшының талаптарының, жауапкердің түсініктемелерінің және iске қатысатын үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны, олар дәлелдерін негіздеген дәлелдемелер көрсетіле отырып, баяндалуға тиіс.Шешiмнiң уәждеу бөлiгiнде iстiң сот анықтаған мән-жайлары; соттың құқықтар мен міндеттер туралы түйіндері негізделген дәлелдемелер; соттың ол немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамау дәлелдері және сот басшылыққа алған заңдар қысқаша көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда уәждеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.Шешiмнiң қарар бөлiгiнде соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тарту туралы түйіні, сот шығыстарын бөлуді, шешімге шағым беру мерзімін көрсету және оның тәртібі, сондай-ақ өзге де түйіндер қамтылуға тиіс.Судья шешімді жазбаша түрде шығарады және оған қол қояды.

Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арыз бойынша шешім

  Сот нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арызды негізді деп тани отырып, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің қай заңдарға және қай бөлігінде қайшы келетіні және нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы көрсетіледі. Сот арызды негізсіз деп тани отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм Сот ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм шығара отырып, шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiп алынатын ақша сомасының мөлшерiн цифрлармен және сөздермен, валюта түрiн және ақша өндіріп алу туралы шешім қай тараптың пайдасына шығарылғанын көрсетедi

Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм.Шартты жасасу немесе өзгерту кезiнде туындаған дау бойынша қарар бөлiгiнде шарттың әрбiр даулы жағдайы бойынша шешiм көрсетiледi, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрi және тараптар шарт жасасуға мiндеттi талаптар көрсетiледi

Мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiм.Мүлiкті заттай алып берген кезде сот шешiмде оның жеке белгілі бір белгiлерiн және, егер шешiмдi орындау кезiнде алып берiлетін мүлiк болмай қалса, жауапкерден өндiрiп алынуға тиiс мүлiктiң құнын көрсетедi.

Бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм.Бiрнеше талап қоюшының пайдасына шешiм шығарған кезде сот шешiмнiң қарар бөлігінде олардың әрқайсысына қандай бөлігі қатысты екенiн немесе өндiрiп алу құқығы ортақ болып табылатындығын көрсетедi.

Егер iске қатысатын адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;егер сот құқық туралы мәселенi шешіп, алып берiлген соманың, берiлуге тиiстi мүлiктiң мөлшерін немесе жауапкер жасауға міндетті әрекеттердi көрсетпесе;егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе;егер сот шешiмінiң орындалуын бұрып жіберу туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *