11.Сот шығыстары.

Сот шығыстары іс бойынша іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады. 1.Мемлекеттік баж: Мемлекеттік бажды төлеудің тəртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері

«Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

      Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлем құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминалдар, қашықтықтан байланысу жəне «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төлеген кезде қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық түрде чектермен жəне түбіртектермен расталуға тиіс. 2.Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар: Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:

      1) куəларға, сарапшыларға жəне мамандарға төленуге тиісті сомалар;

      2) тиісті орында қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;

      3) заттай дəлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;

      4) жауапкерді жəне (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар;

      5) іс бойынша жарияланым мен хабарландыруларға байланысты шығыстар;

      6) тараптарға жəне іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау жəне оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;

      7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру жəне тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары;

      8) өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;

      9) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рəсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.

3.Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу: 1. Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі.

      2. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің наразылық немесе сотқа дейінге өзге де тəртібін бұзуы, оның ішінде наразылыққа жауап беру мерзімін бұзуы, наразылықты жауапсыз қалдыруы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нəтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді.

      Сот, процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дəлелдемелер сот белгілеген мерзімді жəне дəлелдемелерді дəлелді себептерсіз ұсынудың осы Кодексте белгіленген тəртібін бұза отырып

ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға жəне заңды əрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге əкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы.

      3. Егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, олар тарап тиісті сот сатыларында жұмсаған шығыстары туралы дəлелдемелерді ұсынған кезінде тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.

      4. Бірінші сатыдағы сот тараптың арызы бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында жұмсаған сот шығыстарын, егер өтінішхат сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланса, бірақ сот шығындары ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеру қажеттігіне байланысты өндіріп алынбаған жəне бұл туралы тиісті сот сатысындағы соттың қаулысында көрсетілсе, өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады.

      5. Сот шығындарын өндіріп алу туралы арыз тараптарды хабарландыра отырып, соттың сот отырысында қарауына жатады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Арыз соңғы сот актісінің қабылдануымен істі мəні бойынша қарау аяқталған соңғы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін.

      6. Сот актісінің көшірмесін сот ол заңды күшіне енген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей (азаматтың) тіркелу орны немесе көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарына сот өтем жасаған (заңды тұлғаның) сот өкілінің орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

4.Тараптарға сот шығыстарын өтеу: 1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы арыздармен жүгінген адамдарға талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тартылған кезде (осы Кодекстің 54 жəне 55-баптары) жауапкер жұмсаған сот шығындары бюджет қаражатынан толық немесе талап қоюшыға бас тартылған талап қою талаптарының бір бөлігіне пропорционалды өтеледі.

      2. Мұндай талап қою қанағаттандырылған жағдайда жауапкер сот шығыстарын осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тəртіппен өтейді.

5.Мемлекетке сот шығыстарын өтеу: 1. Талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

      2. Егер талап қою бір бөлігінде қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығыстарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын төлеуден босатылмаған талап қоюшыдан талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

       3. Егер тараптардың екеуі де сот шығыстарын төлеуден босатылса, онда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебіне жатқызылады.

      4. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты сот шығындары талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

      5. Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздестіру жарияланған жағдайда іздестіруді жүргізу бойынша шығыстар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *