8.Сотта өкіл бола алмайтын адамдар.

Өкілдіктің негіздері мен түрлері. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар

      1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар жəне Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың

өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.

      2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

      3. Тұлға, егер:

      1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;

      2) бұрын істі қараған жəне шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куə немесе куəгер ретінде қатысса;

      3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;

      4) психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты жəне басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

      4. Сот осы баптың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде санамаланған тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сот бұл туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

      5. Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттеткен кезде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу жəне оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *