Азаматтық іс жүргізудегі құқықмирасқорлық (түсініг, негіздері).

Мұрагерлік құқықтық қатынастардың құқықтық реттелуінің негізгі мақсаты мұра қалдырушының мүлкінің мұрагерлеріне заңды негіздерге сәйкес ауысуы болып табылады. Мұрагерлік құқықтық мирасқорлықтың мағынасы меншік иесі қайтыс болған кезде оған тиесілі мүліктің мұрагерлеріне ауысуы болып табылады. Азаматтың әмбебап құқық мирасқорлығы мұрагерлік кезінде орын алады және бұл құқықтық мирасқорлық мұрагерлік институттың негізі болып табылады

1.Даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапты басқаға беру, борышты аудару жəне даулы материалдық құқықтық қатынастардағы тұлғалардың басқа да ауысу жағдайлары) сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыруға жол береді. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. 2. Құқық мирасқоры процеске кіріскенге дейін жасалған барлық əрекеттер құқық мирасқорын ауыстырған тұлға үшін қаншалықты міндетті болса, құқық мирасқоры үшін сондай шамада міндетті болады. 3. Бірінші жəне апелляциялық сатылардағы соттарда істі қарау кезінде тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сəйкес тоқтатыла тұрады. 4. Кассациялық сатыдағы сотта сот актілерін қайта қарау сатысында тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, шығып қалған тараптың жəне іске қатысатын басқа да тұлғалардың сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаты қараусыз қалдырылады. Құқық мирасқоры өтінішхатты қайта беруі мүмкін. Прокурордың бастамасы бойынша наразылық келтіру жағдайларынан басқа, егер наразылық шығып қалған тараптың, іске қатысатын басқа да тұлғаның өтінішхаты бойынша келтірілсе, ол қараусыз қалдыруға жатады. 5. Құқық мирасқорының, прокурордың сот актілеріне шағым жасауға, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттарын кассациялық сатыдағы сот осы Кодексте белгіленген тəртіппен қарайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *