Сот істі карау барысында іс бойынша дəлелдемелер мен өзге де мəн-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куəгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дəлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға жəне бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.
Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру
тəртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мəжбүрлеп орындату тəртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.