Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала

Бөлім «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала»

Оқу мақсаты 5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Бағалау критерийі

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады
• Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
• Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты
15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» — деп ұрысты.
Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.
Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» — деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», — деді Мақсат ата-анасына қарап.
Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.

Ақпараттар + дұрыс — бұрыс
Мақсаттың әкесі әбден қартайды. —
Ұлы мен келіні атасына тамақты бөлмесіне апарып берді. +
Қарт ыдысты сындырып алды. +
Мақсат темірмен ойнап отырды. —
Ұлы мен келіні атасына қамқорлық жасайтын болды. +

2-тапсырма
Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.

 

 

 

 

3-тапсырма
Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз (әр жұпқа 2 минут беріледі).

1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары).
2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).
3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар).
4. Менің сыныптастарым (достық).
5. Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік).
6. Менің мектебім (мектеп ғимараты, сынып бөлмелері).

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады
1 мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат
2-ақпарат
3-ақпарат
1
1
1
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
2 мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты төрт сөз немесе сөз тіркестерін анықтайды:
1-сөз, сөз тіркесі
2-сөз, сөз тіркесі
3-сөз, сөз тіркесі
4-сөз, сөз тіркесі

1
1
1
1
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді 3 тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды; 1
сұрақтарға лайықты жауап береді; 1
шағын диалогке қатысады. 1
Барлығы 10


«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады
Мәтінге сай ақпараттарды анықтауда қиналады

Мәтінге сай бірінші, екінші, үшінші ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді
Мәтінге сай ақпараттарды анықтайды

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қиналады
Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қателіктер жібереді Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін анықтайды
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда,
сұрақтарға жауап беруде, диалогке қатысуда қиналады

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда, сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. Шағын диалогке қатысу белсенділігі орташа Тақырыпқа қатысты сұрақтарды қояды, сұрақтарға сай лайықты жауап береді, шағын диалогке еркін қатысады


Бөлім «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»

Оқу мақсаты 5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу
5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау

Бағалау критерийі

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі Білім алушы
• Мәтін тақырыбын анықтайды
• Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады
• Мәтіндегі жалпы, жалқы есімдерді анықтайды

Қолдану


Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.
_____________________

Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? — деді.
– Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? — деді қырғауыл.
– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, — дейді түлкі.
– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, — деді қырғауыл.
– Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, — дейді түлкі.
– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, — деді қырғауыл.
Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? — деді қырғауыл.
– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, — деген түлкінің даусы алыстан естілді.

2-тапсырма
Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.

Кейіпкер Әрекеті
Түлкі
Орман ішінде жүріп келе жатады.
Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.
Қырғауыл Жан-жағына қарамастан қашып кетті.
Бұйрықты естіп қуанады.
3-тапсырма
Мәтіннен жалпы есімдерді (5 жалпы есім) теріп жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

4-тапсырма
Берілген тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз.

Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді, қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтін тақырыбын анықтайды
1 мәтінге ат қояды;
1
2 кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді; 1
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды 3 мәтіннен 5 жалпы есімді анықтайды;
1 жалпы есім
2 жалпы есім
3 жалпы есім
4 жалпы есім
5 жалпы есім
1
1
1
1
1
Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады
4 тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады;
1
жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазады. 1
Барлығы 9


«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін тақырыбын анықтайды
Мәтінге сай ат қоюда,
кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қиналады

Мәтінге сай ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қателіктер жібереді Мәтінге сай ат қояды, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды Мәтіннен жалпы есімдерді ажыратуда қиналады Мәтіннен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жалпы есімдерді ажыратуда қателіктер жібереді
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды
Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады
Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдануда,
жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазуда қиналады Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдануда,
жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазуда қателеседі Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады,
жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *