Мейірімді ана
Жас жігіт үлкен қаланың шулы көшелерімен келе жатты, оның жүрегі тағдырына ықпал ететін бір керемет жаңалықтың болатытын сезгендей болды. Оның жанынан үлкен жүк машиналары гүрілдеп, зуылдап өте берді. Жеңіл көліктердің жүргізушілері бір-біріне жол бермей, үздіксіз дыбыстап жатты. Шайтан арбалардың сықырлаған дыбысы мотороллердің гүрілімен қосылып, көшедегі үлкен шудың себебі болды. Ал олардың арасында жаяу жүргіншілер асыға жүріп келеді.
Әйтеуір ол мейірімді ананың үйіне жетті. Осы үй халық арасында өзінің мейірімді, қайырлы істерімен, жылы жүрегімен, даналық кеңестерімен әйгілі болды. Мейірімді ананың үйі бір қабатты қарапайым ғимарат болып шықты.
Жас жігітті мейірімді ана жылы күлкісімен күтіп алды: «Сізге қандай қызмет көрсете аламын?»
Жас жігіт үлкен құрметпен амандасты. Мейірімді ана оны бір кішкентай бөлмеге ерітіп, келеді. Ана бөлмеге кіріп, жас жігітке орындыққа отыруға ұсыныс береді және өзі де оның жанына отыра кетеді. Өзінің қарт жасына және әлсіз кішкентай денесіне қарамастан, ондағы үлкен рухтың күші байқалады.
Көптеген қиындықтарға толы өмір оның бетінде терең әжімдер қалдырған екен, бірақ соған қарамастан оның көздері тазалық нұрымен мөлдіреп, пәк баланың көздеріндей болды.
Оның уақыты болмаса да, ол қарапайым жас адаммен әңгімелесуге келіседі де, сұхбатын бастайды. Оның дауысы ақырын, бірақ жүректен шығады: «Әлемдегі ең үлкен мәселе – бұл аштық. Дененің аштығы емес, жүректің аштығы. Одан барлығы азап шегуде – кедейлер де, байлар да. Олардың барлығы жалғыздықтан шаршаған және сүйіспеншілікті қажет етеді». Оның өткір көздері жас жігіттің жүрегіндегі сүйіспеншілік гүлінің қауызын ашып, сөздері оның санасының ең түпкіріне дейін жетті.
– Тек риясыз сүйіспеншілік жүректің аштығы мен шөлін қандырады. Басқа амал болмайды. Аш адамдарға азық беру қиын емес, – дейді.
– Ең күрделісі – адамдардың жүректерін рухани, риясыз сүйіспеншілікпен толтыру. Оның күрделілігі мынада – риясыз сүйіспеншілікті тек жүректері таза адамдар ғана бере алады. Ол әрі қарай өзінің әңгімесін былай деп, жалғастырады:
– Кедейлік – бұл тек киімнің жетіспеушілігі ғана емес, бұл адами абыройдың және тазалықтың жетіспеушілігі. Бір-біріне сыйласымдық қатынасты жоғалтқан адамдарда нағыз кедейлік байқалады.
– Менің қолымда кедейлер өлгенде, мен олардың көздерінен үміт сәулесін көремін. Бірақ мен осындай үмітті батыстың көптеген байлары мен дәулетті тұрғындардың көздерінен байқамаймын. Шынайы байлықты риясыз сүйіспеншілікке сенетін адамдардың жүректерінен табуға болады. Сондықтанда, әлем осындай байлықпен бөлісетін, жүректері кедей, байқұстарға үміт отын беретін адамдарды қажет етеді.
• Жүрегінде риясыз сүйіспеншілігі жоқ адамдарды неге ең кедей адамдар деп айтамыз?
• «Тек риясыз сүйіспеншілік жүректің аштығы мен шөлін қандырады» дегенді қалай түсінесіндер?
• Риясыз сүйіспеншілікпен жасаған әрекеттеріңді сипаттаңдар.