Достық
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
– Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.
• Әйтімбет шешеннің достықтың түрлері туралы айтқан сөзін қалай түсіндіңдер?
• Адал дос бола білетін адамның бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?
• Қандай адамдардың адал достары көп болады?Неліктен?
• Өздеріңнің достықты қалай бағалайтындарыңды әңгімелеп беріңдер.