Жер – Қазына
О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Онда алтын да, асыл таста, мұнай мен газ да, түрлі түсті металлдарда бар. Сендер оны орнымен пайдаланыңдар. Егін өсіріңдер, тіршілік жасаңдар.
Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Мейірімділікке мейірімділікпен, махаббатқа махаббатпен жауап қайтара біліңдер. Мен қандай кең, мейірімді, кешірімді болсам, сендер де сондай болыңдар.
Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен-көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
• «Мейірімділікке мейірімділікпен, махаббатқа махаббатпен жауап қайтара біліңдер» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Жер ананың сүйіспеншілігі қандай? Неге?
• Өмірде болған осындай оқиғадан мысал келтіріңдер.