Құмырсқа мен көгершін
Ертегі
Бір күні құмырсқа шөлдеп, өзенге барған екен. Суды ағынның қатты жерінен іше берем дегенде, толқын оны жағадан ағызып алып кетеді. Сол маңдағы ағашта отырған бір көгершін мұны көріп, жаны ашиды да, бір жапырақты тұмсығымен жалма-жан бұтақтан жұлып алып, суға тастайды. Құмырсқа сол жапыраққа жармасып, жағаға шығады.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін көгершін баяғы ағашқа келіп тағы да қонады. Сол мезетте құс торушы жасырынып келіп, оған торын тастауға ыңғайланған екен. Көгершін бұл қауіпті сезбей, бұтақта бейқам отыра беріпті.
Ал құмырсқа сол маңда жүрген екен. Көгершінге қауіп төнгенін сезіп, жорғалап барып құс торушының аяғын шағып кеп алады. Оның қатты шаққаны соншалық, тіпті құс торушының жалғыз аяғы емес, қолы да қалтырап кетеді. Сол кезде көгершін оны көріп қалып, ұша жөнеледі.
• Неліктен құмырсқа көгершінге көмектесті?
• Сендердің басқаларға риясыз көмек көрсеткен кездерің болды ма?
• Сендердің ойларыңша, адамның бойындағы сүйіспеншілік құндылығы қандай қасиеттерді дамытады?
• Риясыз сүйіспеншілікпен жасаған істерің туралы айтып беріңдер.