Жалғыз дән
Ә.Нұршайықов
Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масақ бидайға кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып, қауызын желге ұшырып жібереді. Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді. Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оны көп іздейді. Сөйтіп отырғанда күн батады. Төңірек қараңғы тартады. Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді.
Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді. Шаншып кеткен таяғының маңы гүлдеп тұр екен. Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр. Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып, қамқорлық жасағаны үшін табиғат-ана адамға осылай разылық білдірсе керек.
• Қарт адам жалғыз масақты не үшін көп іздеді?
• Адамдар табиғатқа неліктен қамқорлық танытады?
• Табиғат-анаға қамқорлық танытқанда қандай сезімде боласыңдар?
• Өзіңнің табиғаттың бір бөлшегі екеніңді қалай түсінесің?