ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ

ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ

 

 

 

 

 

(1891-1981)

«Артына жаман жұраттан гөрі жақсы сөз қалдырған артық:
жаман жұрат ұятқа қалдырады, жақсы сөз рухынды қандырады деген.»
Ыбырай Жақаев

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, даңқты күрішші Ыбырай Жақаев «Өмір жолдары» атты кітабында «Жер және адам» деген кең тақырыпта өрнекті ой толғап, ізін басқан кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық өмірлік мол тағлым-дәріс ұсынады.

Кезек сенікі, келер ұрпақ

Мен бүгін Қызылордадан келдім, Социалистік Еңбек Ері атағын екі мәрте алған адамдарға орнатылатын қола мүсін (бюст) , яғни менің мүсінім сол қалада орнатылды. Соған арналған митингке арнайы барып келіп отырған бетім осы.
Маған жұрттың бәрі «ерсіз, батырсыз» дейді. Алғашқы кездері бұл сөзді естігінде кәдімгідей абдырап, «бұл не? Мазағы ма?» — деп қалушы едім. Менің ұғымымда «ерлік» деген нәрсе тау қопарып, көл көшірумен парапар. Ал, ондай іс менің қолымнвн келмейді. Батыр болатындай мен, тіпті, осы жасыма келгенше бөгде біреулермен жұдырық сілтесіп те көрген емеспін. Батыр болатындай мен, тіпті, осы жасыма келгенше бөгде біреулермен жұдырық сілтесіп те көрген емеспін. Топ жару, омыраулау, ожарлану дегендер менің табиғатыма мүлдем қиыспайтын нәрселер. Сондықтан да, мен «сіз – ерсіз, батырсыз» деген сөздерді көпке дейін қабылдай алмай жүрдім…
Алайда, біздің елімізде жан қиярлықпен еңбек етуді ерлікке теңейтін жақсы дәстүр бар, маған соныайтқан кезде, қарсы дау айта алмай тосылып қаламын.
Митингте біраз адам сөйлейді, көп сөздер айтылды,жақсы лебіз сөз болды. Солардың ішінен бөле-жара Әнес айтқан тілекті қайта-қайта еске аламың. «Бағың артқан шағыңда жапалақ салсаң қаз ілер, бағы қайтқан шағында лашын салсаң аз ілер» — дегендей, менің қартайған шағымда «ескі досым Әнес не дер екен?» — деп ынтыға құлақ түріп отырмын.
— Әгар менен әлдекімдер «сен бақыттысың ба?» деп сұрай қалса, мен еш ойланбастан «бақыттымын» дер едім. «Неге» десе, Ыбыкеңнің ер атануы біздің ератануымыз. Себебі, Ыбыкең бастаушы болса, біз қолдаушымыз, біз оған қанат-құйрықпыз, біз оған шәкіртпіз, — деді Әнес.
— Әгар менен әлдекімдер: «Мақтаның кім» деп сұраса, мен «Ыбыкең» дер едім. Себебі, сауатсыз болса да, білімдардың ісін істеген, жаяу шапса да, аттылыға жеткізбеген адам бәріміздің ұстазымыз, — деді Әнес тағы да.
Одан кейінгісін тыңдай алмадым. Көз бұлдырап, жүрек тулап кетті. Бір ғажап, керемет ән дәл төбеден, аспаннан құйылғандай болды. «Рақмет, рақмет, жақсы дос! Көңілің әлі өзгермепті, ақ тілеуден айнымапсың» — деп күбірлеп сөйлеп тұрмын. «Аз сөйлесеңдесаз сөйле» деген. Әнес аз сөзбен-ақ көп нәрсені аңғартты, құйғыта шапқан тұлпары еңку-еңку жер шалды.
Осы тұста мен сіздерге жүрегімнің қиыр түкпірінде жатқан ең асыл, ең нәзік шын сырымды айтайын. Мүмкін, бұл менің сіздермен соңғы рет сырласуым болар. Сондықтан да, аз айтсам – ренжімеңдер, көп айтсам – сөкпеңдер.
Егер менен: «Әлемдегі ең асыл не?» деп сұрай қалса, сөз жоқ бөгеместен: «Нан!» — деп жауап берген болар едім. Неге?
«Сонау бір бағзы заманда, көгілдір көк жүзінде алтын шұғыла бұрымы мың бұралып, ару Күн жүзіп жүріпті. Оның Гүл және Бидай деген егіз қызы болған екен. Күндердің күнінде егіздер жерге түсіп, серуендеп жүргенде, үлкен қара жолдың бойында ұзынан сұлап жатқан Адамды көреді. Бойынан тіршілік белгісі сезілмейді. Сонда адамды аяп кеткен Гүл жақындап, жұмсақ алақанымен оның маңдайынан сипағанда талықсыған пенденің тынысы кеңігендей болады. Енді Бидай да масағын үгіп, бадана дәнін береді. Оны жеген Адамға күш-қуат бітіп, еңбекке қайта араласқан екен. Егізқызының игі ісіне Күн де риза болып: «Екеуің де Адамға мәңгі серік болыңдар!» — деп ақ батасын беріпті. Осы бірәңгіме меніңжүрегімде мәңгі өшпестей болып жатталып қалыпты. Сірә, сондықтан да менің саналыазаматтық ғұмырымның әліп-биі диқаншылықтан басталған болар. Егер менен: «Әлемдегі ең таңдаулы мамандық қайсы?» десе, сөз жоқ, бөгелместен «Диқан» деп жауап берген болар едім. Өйткені: нанды өмір талшығы ғана емес, бейбітшілік туы деп білем. Ендеше диқан болудың өзі – бейбіт өмірдің күрескері болу.
Сіздерге айтқалы отырған жырым да, сырым да осы. Мен нанды өз өмірімдегі ең ардақты ән ғып өткен адаммын. Нанды қастерлеген адам не орыс, не корей, нетатар болсын, мен оны туған бауырымдай құрметтедім. Нанды қастерлеуші адам не кәрі, нежас болсын, маған бәрібір, мен оны өзімен бірге тұрғандай, замандасым, құрдасым, сырласымдай қадірледім.
Ол нанды адамдар үшін, көзі қара болсын, көк болсын, мейлі, өзі сары болсын, қара болсын, бәрібір, не тентек, не жуас болсын ол да бір, бәрі үшін, бәріне арнапөсірдім. Мен кейде әлде кімдерге қиянат істеп, өтіріксөйлеп зуылдап жүрген адамдарды көргенде оларғакәдімгідей қарным ашады, құдды бір өзім өтірік сөйлеп зуылдап жүрген адамдарды көргенде оларға кәдімгідей қарным ашады, құдды бір өзім өтірік айтып жүргендей бір түрлі қиналып, қапаланып қаламын. «Осылар неге таласады? Әлде нандары аздық етіп жүрген жоқ па?» екен деп, бір түрлі қуыстанып, жаутаңдап қаламын.
«Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», — деген. Күріш дақылын Сыр бойында тұрақтандырып, оның өнімділігін арттыру жолындағы күресте әгар мен жалғыз болсам, ондай істе нәтиже болар ма еді? Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осындай игілікті істі бүкіл ел болып атқардық, қуанышын да, күйінішін дебірге көрдік. Сондағы қол жеткен табыс тек мол өнім емес, бұл іске жастарды жұмылдырып, оларды өз соңымыздан ерте білуімізде болды. Қайнәрсеге болмасын кейде күдіктене, кейде ықыластана қарайтын жастар, біздер, әкелер салған жолға сенді, жапан даланы жетімсіреткен жоқ, оны күлкі-думанға,қарқынды еңбекке, жігерлі ұранға толтырды. Өздерін «жақаевшылармыз» деп есептейтін мол өнімші жастар звеносының саны 1970 жылдың өзінде ғана 760 болған. Күріш егушілер қазір ылғи жастар. Құстың қонғанына емес, ұшқанына қызық деген. Ойлары да, істеген істері де ұшқан құстай зымыраған қазіргі жастардың тіршілігі біздерді әрі тасандырады, әрі қуантады. «Әттең, заманымыз өтті-ау!» — деп кей кездері іштей налимыз. Сөйтсе де, біз бастаған іс сенімді қолға өткеніне шүкіршілік қыламыз.
Балаларым, немерелерім! Тоқсан жыл! Бұл бір адам үшін аз да ғұмыр емес. Өз басымның өткен күнге өкпем жоқ. Қиындық кезікті, қатқанқабырғаларды қайыстыра алған жоқ. Жоқшылық кезікті,кесектуған жайсаң жандарды жасыта алған жоқ. Қайта өмір атты сұлу да тәтті әлемнің көп құпиясын үйретіп кеткен сияқты. Осынау ұзақ мерзім ішінде жақсыны да,жаманды да кездестірдік, әупірімдеп күн кешер әупейлер де болды. Ең бастысы жаманынан жақсысы көп екен бұл адамзаттың. Боранбай мен даңқты бригадир Қойшыбай Оразымбетов, ауыл ағасы бола білген басқарма Сыздық Боқаев… әрбірін ойлаған сайын кәрі көкірегім нұрғатолып, жүрегі түскір лүпілдеп соға бастайды. Ешкім де,ештеңе ізсіз кетпесе керек. Өткен күннің белгісі кәріжүректердесайрап жатыр. Мың санпарақ тарих дәптерібетін өшпес ізге толтырған солар… Қарапайым еңбекадамдары. Иә… бұл өмірдің жаманынан жақсысы көп екен. Қазір адам да өзге, жер де өзге, техника да өзге… Осыдан шамалы күн бұрын колхоз бастығы Қазыбек Оспановтың жеңіл машинасына мініп, баяғы өзім күріш еккен, әлемдік рекорд жасаған түбекке бардым. Ұшы-қиырсыз күріштік алқаптың ара-арасында түп-түзу тас жолдарсайрап жатыр. Колхоздың ең мықты күрішшісі, жүз центнерші атанып жүрген Арғынбай Асанов деген баламыз күрішті «Жигули» атты машинамен аралайды екен.
— Инженерлік жүйе деген осы, — дейді күліп, — сәл сапасыздау тегістелген екен, жабылып қусырып жатырмыз ғой, әке.
— Мен де жымидым, біраз торықтым. Бір кездері біздер егістікті атпен түгіл, кейде жаяу да аралай алмайтын едік. Қалай болса солай, ешбір жүйесіз егілген күрішті айнала қамыс өсіп, егістіктің төңірегі балшық болып, оған тек су кешіп баратынбыз. Ал, қазір?..
— Оу, балам, — дедім мен, — Әрине қатаң талап қойғандарың дұрыс та ғой. Сендер бірақ баяғы біздің бел ауыртып, балтыр сыздатар белшеден батқан көп бейнетті де ұмытпаңдар.
Сөйтсем Қазбек басқарма кеңкілдеп күледі.
— Біз оныншы бесжылдық сапа бесжылдығы деп жатырмыз ғой. Мына Ыбекеңдер сол сапа үшін күресті алғашқы бесжылдықтар кезінде-ақ бастап жіберген. Қараңыз 1946 жылы Ыбекең 5 гектар ғана жерге күріш егіп 171 центнерден өнім алды. Қазір кейбір диқандарымыз 20 гектар жерді түгелдей қосқанда осынша өнімге қол жеткізе алмай жүр. Сапалы өңделіп, адамына кезіксе жарықтық қара жердің бермесі бар ма!
«Күріштің атасы – жер, анасы — су». Топырақта түлеп өсетін дән, суда сыланып жетіледі. Күріш дақылы жас баладай кінәмшіл келеді. Жаздатоқсан күн суда тұрғанда толыса түсетін дақыл, көктемде тоғыз күн су қабатына шыдамайды. Әсіресе, төгілмелі «Кубань-3» сортына ерекше күтім керек. Қазіркүллі жұмысты механизаторлар атқарып, күрішшілер ерғаралық міндет орындап жүр. Біз өнім тағдырына жауап береді екенбіз,ендеше өзімізге бекітілген егінмен бірге өмір сүруімізкерек. Судың ағысын, топырақтың тынысын үш айкөктем, үш ай жаз бойы қадағалағанымыз жөн. Тіпті,әріптестер қимылына да сыншылдықпен қараған дұрыс. Себебі,арамызда құрмет пен сенімді қастерлемейтіндер декездеседі. Сонымен, өмір тағлымы әр кезде сергек болуды еске салады. Осы принципті істе ғана емес, сөзде деберік тұтынамын. Өз тәжірибемде қызбалыққа салынып, мүмкіндіктен тыс міндеттеме белгілегенім жоқ. Сөз бен істің бірлігін басты мұрат, алтын діңгек санаймын.
Сыр жері күріш өсіруде дүниежүзілік рекордтың туын тіккен жер. Біз сол туды қолдан шығармауға тиіспіз. Оны әрқашан жоғары ұстап, абыроймен алға апару зор мәртебе.
«Бір үйлі жанбыз, бір-бірімізге мейманбыз», — дейді халық. Менің қазір асарымды асап, жасарымды жасап, енді ұзақ жолға аттанғалы отырған мейман екенімді ұмытпасаңыздар болды. «Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын, бір жақсы сөз жазады мың көңілдің жарасын» деген. Мен сендерді өкініш айтып қамықтырып емес, сүйініш айтып қуантып кеткелі отырмын. Қылыш жарасы жазылғанменсөз жарасы жазылмайды. Соныұмытпаңдар. Артына жаман жұраттан гөрі жақсы сөз қалдырған артық: жаман жұрат ұятқа қалдырады, жақсы сөз рухынды қандырады деген. Сендерге айтар екі-үш ауыз ақылым бар:
Ер-жігіттің үш серігі болады. Біреуі – өмірлік жарың-жұбайың, екіншісі – мінген атың-пырағың, үшіншісі – бұл ғұмырдан сүріндірмей алып өтетін парасатың – ақылың. Мен «ат» деп нені мегзеп отырмын, түсінерсің соны, ойланып көр.
Адамға тән алты асыл қасиет бар: біріншісі – ұғымды, ойлы ететін зерде-зейінің, екіншісі – сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің, үшіншісі – тек ілгері бастайтын талабың, төртіншісі – ешқашан алдамайтын тапқырлығың, бесіншісі – қиындықта сыналатын қайратың, алтыншысы – бәрінен де күшті ететін білімің.
Ұмытпа, ұмытпа осыларды!
Өзі жас, еліне бас боларлық жігіттің үш асыл мінезі болады. Біреуі – шыншылдығы, одан соң – аңқылдақ адалдығы, одан соң – қара қылды қақ жарған әділдігі.
Мұны да біліп қой!
Адамға қажет үш байлық бар. Біріншісі – денсаулық, екіншісі – бейнетқорлық, үшіншісі – тірек болар дос-жаран.
Оны да ұмытпа!
Ер-жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жеті жауы бар. Біріншісі – жалқаулық, екіншісі – аңқаулық, үшіншісі – жасқаншақтық, төртіншісі – жасықтық, пасықтық, бесіншісі – су жұқпас суайттық, алтыншысы – өсекшілдік, жетіншісі – мылжыңдық.
Білгін, білгін мұны да!
Ас – адамның арқауы, су – тіршілік өркені, от – өмірдің өзегі. Жадыңа сақта мұны да.
Сөз анасы – құлақ, су анасы- бұлақ, жол анасы- тұяқ. Біліп қой. Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл. Мұны да ұмытпа!
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайылық жат мінез – надандықтың белгісі. Айдан – алқа, жұлдыздан жүзік іздеме.

Тікен – гүлін қорғайды,
Ара – балын қорғайды.
Жаман – малын қорғайды.
Жақсы – арын қорғайды.

Менің айтарым осы. Бұл сөздер данышпандықтан тумаған болар. Осы бір ұзақ ғұмырымда көп нәрсені көрдім, өмірден үйрендім, дос-жаран, серік-шәкірттерімнің өзіне, сөзіне терең зер салдым. Түйедей бойдан түймедей ақыл артық деген қағиданы берік ұстандым. Өмірдегі ең ауыр нәрсе – ақылсызды жөнге салу. Мұны да жанымда ұстадым.
Ал, енді қоштасатын кезең де келіпті. Көп сөз айттым, көп сөз айтылмай қалды. Соңғы айтарым: тауды биік демендер, талаптансаң шығасың, жауды мықты демеңдер, ерлік қылсаң жығасың.
Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.
Көріскенше күн жақсы, қарақтарым!

• «Сөз бен істің бірлігін басты мұрат, алтын діңгек санаймын» деген оның сөздерін қалай түсінесіңдер?
• Ар-ұят рухани болмыс ретінде барлық адамдардың бойыннан табылады ма? Неге?
• Ақиқатты ұғыну үшін не істеу керек? Ақиқатты ұғынумен байланысты өз тәжірибелеріңнен мысалдар келтіріңдер.
• Неліктен кейде адамдар өз бойындағы рухани болмысты сезіне алмайды? Осы сұраққа өз өмірлеріңнен мысалдар келтіру арқылы жауап беріңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *