Балаларым шетелде оқиды, ол жақта білім сапалы — министр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Кипрде оқуын жалғастыруға шешім қабылдағанын растады.
 
Бұған дейін ведомство басшысы бұл мәселеден бас тартқан болатын. «Мен уәде бергендей балалар жазда оралды. Олар 4 жыл бойы Солтүстік Кипрдегі шетелдік жеке мектепте оқиды. Бұл Британдық жеке мектеп, ондағы білім біздің жеке мектептерімізбен салыстырғанда сапалы және арзан. Біз балалармен байыпты сөйлестік және олар Кипрде оқуды жалғастыруға шешім қабылдады. Мен  балаларымның білім алу құқығын құрметтей отырып, олардың шешімімен келістім», — деді министр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін журналист ғылым және жоғары білім министрінен оның балалары уәде еткендей Қазақстанға оралды ма, жоқ па білуге тырысқан болатын. Содан кейін Нұрбек жеке өмір құқығына сілтеме жасай отырып, тікелей жауаптан бас тартты. Министр лауазымына тағайындалғаннан кейін бірден Саясат Нұрбектің төңірегінде жанжал туындады. Оның балалары Кипрдегі Британдық мектепте оқитыны белгілі болды. Қоғамда неліктен біздің елімізде білім беру мәселелерімен айналысатын министрдің өз балалары Қазақстаннан тыс жерлерде оқитынын түсінбеді. Сол кезде Нұрбек балаларының Кипрден оралып, қарапайым қазақстандық мектептерге баратынына сендірді. Министр өз сөздерін дәлелдеу үшін фоторепортаж жасайтынын айтқан болатын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *