120 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Алматы облысының 120-дан астам мұғалімі жалған дипломдармен жұмыс істеген. Көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 оқытушы өз қызметін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалған дипломдарын пайдалана отырып жүзеге асырғаны анықталды», — деп хабарлады облыс прокуратурасында.

Көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдары 41 маманға қатысты кінәні мойындауына байланысты және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес қылмыстық істер қысқартылды, соңғылары білім беру органдарынан шығарылды. 81 маманға қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасуда.

Тегтер: мұғалім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *